Қай жеңімпаз таңдаулы

Қарапайым сұрақтарға қарапайым жауаптар

Мазалап жүрген сұрақтарыңызға төменнен жауап табылып қалуы мүмкін. Назарларыңызға ұсынылады.

Жеңіс пен күш

Қай жеңімпаз таңдаулы?
Шындықпен жеңген.
Қай жеңімпаз таңдаулы емес?
Күшпен жеңген.
Қай адам ең әлсіз?
Өзгелерді жеңген.
Қай адам ең мықты?
Өзін-өзі жеңген.
Қай күрес қауіпті?
Әсіре жанкүйерлік.

Ұстаз бен мінез

Қай ұстаз ең жақсы?
Азап.
Қай ұстаз ең нашар?
Рахат.
Қалай мейірімді болуға болады?
Жақыныңның қайғысымен бөлісу арқылы.
Қалай қарапайым болуға болады?
Жақыныңмен даңқыңды бөлісу арқылы.
Қалай бойұсынғыш болуға болады?
Жақыныңның дәрменсіздігін бөлісу арқылы.
Қалай әділ болуға болады?
Қарыздарыңды ұмытпау арқылы.

Ептіліктер

Қай ептілік ең сирек?
Беру ептілігі.
Қай ептілік ең жақсы?
Кешіре алу ептілігі.
Қай ептілік ең қиын?
Үнсіздік ептілігі.
Қай ептілік ең маңызды?
Сұрай білу ептілігі.
Қай ептілік ең қажетті?
Тыңдай білу ептілігі.

Әдет, ақыл және құндылық

Қай әдет ең жағымсыз?
Дауласу.
Қай әдет ең зиянды?
Мылжыңдық.
Қай адам ең мықты?
Ақиқатты растай алған.
Қай адам ең әлсіз?
Өз күшіне ғана сенген.
Қай адам ең ақылды?
Жүректің әміріне құлақ түрген.
Қай іңкәрлік ең қауіпті?
Өз тәніне құштарлық.
Қай адам ең кедей?
Ақшаны бәрінен артық жақсы көретін.

Жан күйі мен белгі

Қайғыға немен қарсы тұрасың?
Көнумен.
Азапқа немен қарсы тұрасың?
Төзіммен.
Сау жанның белгісі қандай?
Сенім.
Науқас жанның белгісі қандай?
Үмітсіздік.
Бұрыс істің белгісі қандай?
Тітіркену.
Қайырымды істің белгісі қандай?
Жанның тыныштығы.
Қай адам тірі өлік?
Енжар адам.
Қай адам ешқашан өлмейді?
Жақындарын және Тәңірді сүйген адам.