Оқушыларды мәтіннің авторымен, шығармаларымен таныстыру
Түсінік хат
ШҚО, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы, М. Ломоносов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі — Абраимова Нұргүл Сеитжапаровна.
Тақырыбы
«Дүниеде жамандық неден?»
Сабақта оқушылар зымыранмен «ғарышқа ұшу» сюжеттік желісі арқылы ертегілер еліне тап болып, жақсылық пен жамандық ұғымдарын салыстыра талдайды. Үдеріс барысында пәнаралық байланыс сақталып, оқыту технологиялары мен цифрлық құралдар жүйелі қолданылады.
Пәнаралық байланыс және технологиялар
Пәнаралық байланыс
- Қазақ тілі
- Дүниетану
- Бейнелеу өнері
Әдіс-тәсілдер
- Ізгілендіру технологиясы
- Сын тұрғысынан ойлау (СТО)
- Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар
Қолданылған құрал-жабдықтар
Топқа бөлу және сабақ идеясы
Оқушылар қолындағы геометриялық фигуралардың түсіне қарай топқа бөлінеді. Топтар оқушылардың деңгейіне сәйкес құрылып, мына атаулар беріледі:
I топ
Бейбітшілік
II топ
Жақсылық
III топ
Мейірімділік
IV топ
Достық
Саяхат сабақтың сюжеті бойынша оқушылар «зымыранға отырып», әлемді шарлап, жақсы қасиеттер жетіспеген жерлерге «жақсылық сәулесін» таратады; қажет болған білім мен құндылықтарды өзімен бірге алып қайтады.
Сабақта орындалған жұмыс түрлері
Танымдық тапсырмалар
- Сөзжұмбақ шешу
- Тірек сөздер арқылы мәтін құрау
- Алдын ала тапсырмалар бойынша жануарларға мінездеме беру
- Жақсылық пен жамандық қасиеттерін топтастыру
Коммуникативтік және шығармашылық жұмыс
- Сахналау арқылы көрініс қою
- «Автормен бірге автор болу» (шығарманы жалғастыру)
- ACTIVote арқылы тест орындау және бекіту
Сабақтың мақсаты
I. Білімдік
Оқушылардың Ыбырай Алтынсарин туралы білімін толықтыру, шығармаларымен таныстыру; жақсылық пен жамандықты ажырату арқылы ой-өрісін кеңейту. Сөздік қорын молайтып, ойын толық жеткізуге үйрету.
II. Дамытушылық
Танымдық қабілеттерін, тілдік қорын және шығармашылық әлеуетін дамыту.
III. Тәрбиелік
Ыбырай Алтынсарин шығармаларының маңызын түсінуге, адамгершілікке және топпен жұмыс істеу мәдениетіне тәрбиелеу.
Сабақ құрылымы (қысқаша жоспар)
-
I. Ұйымдастыру кезеңі (қызығушылықты ояту)
Топтық жұмыс- Геометриялық фигуралардың түсі арқылы топқа бөлу, топбасшы сайлау.
- Сөзжұмбақ элементтері арқылы топ атауларын шығару.
- Сабақ мақсатымен таныстыру және «зымыранмен ұшу» сюжетін бастау.
-
II. Үй жұмысын тексеру
Дәлелдеу • Бөлісу- I топ: Қаныштың кішіпейіл екенін дәлелде (ұстаздарын құрметтеуі).
- II топ: Қ. Сәтбаев туралы мәліметті жұбыңмен бөліс.
- III топ: Қаныш суретінде нені салды? (Ақбеттің биік құзы, Жасыбай көлі, Баянауыл).
- IV топ: Қаныш қай өндіріс орнына барды және неше жаста болды? (Екібастұз кен орны, 13 жас).
-
III. Жаңа тақырыпқа дайындық
Тірек сөздер • ШығармашылықI–III топ
Тірек сөздермен мәтін құра: ағаш арасымен жүру, көңілсіз болу, дыбыс есту, көмекке келу, қуанышқа бөлену.
IV топ
Қосымша шығармашылық жұмыс: суреттер бойынша әңгімеле. Жануарлар: қарға, жылан, бұғы, кептер. Қайда өмір сүретінін айт және сипатта.
-
IV. Жаңа тақырып
Оқу • Талдау- Автор туралы мағлұмат беру, шығармаларын таныстыру.
- Топтастыру: педагог, ақын, жазушы.
- Мәтінді мұғалімнің мәнерлеп оқуы және сөздік жұмыс.
- Әр топқа тізбектей оқыту.
-
V. Бекіту және қолдану
Топтастыру • Сахналау- Қарға, жылан, бұғы, кептердің іс-әрекетін талдау, мінездеме беру.
- Сахналау арқылы көрініс қою.
- «Автормен бірге автор болу»: оқиғаны өз көзқарасымен жалғастыру.
-
VI. Тест (ACTIVote)
Жылдам тексеру1) Жақсылық пен жамандық неден болады?
а) шөптен б) тәннен в) ауада
2) «Ақжүрек» сөзінің мағынасы қандай?
а) батыр б) өтірікші в) адал, ақ ниетті
3) Тал қасында нелер кездесті?
а) жылан, сиыр б) бұғы, жылан, кептер, қарға в) қаз, бұғы
4) Жан-жануар қайда кездесті?
а) орманда б) өзен қасында в) тауда
5) Екеуі бірігіп өмір сүретін құсты ата:
а) көк кептер б) торғай в) қарға
-
VII. Рефлексия
Кері байланысОқушылар өзіндегі геометриялық фигураларды арнайы сызбаға жапсырады. Нәтижесінде Қазақстан картасының бейнесі құралады және сабақтың ұнаған-ұнамағаны анықталады.
Мағыналық қорытынды
«Ғарыштан» қарағанда Қазақстанның жері көрінеді. Ондағы адамдар бейбітшілік, достық, мейірімділік және жақсылық үстем болған ортада бақытты өмір сүреді деген ой түйінделеді. Түстердің мағынасы да талқыланады: сары түс — байлық, жасыл түс — бақыт.
Сонымен бірге еліміздегі маңызды мереке — Тәуелсіздіктің 20 жылдығы атап өтіледі.
Өзіндік бағамдау сұрақтары
- Не білдім?
- Не үйрендім?
-
VIII. Бағалау және үй жұмысы
ҚорытындыI–II топ
«Автормен бірге автор болу»: шығарманы өз ойыңмен жалғастыр.
III–IV топ
Тақырыпқа сай мақал-мәтелдер жинақта және мағынасын түсіндір.
Бастауыш сынып мұғалімі: Абраимова Н.С.