Қызығушылықты ояту Тілші стратегиясы мен Болжау стратегиясы кіріктіріледі Тілші стратегиясы

Сабақ туралы мәлімет

Пән / Сынып

Қазақ тілі, 4-сынып

Сабақтың атауы

Көмектес септік

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Жалпы мақсаттар

  • Оқушыларға қазақ тіліндегі септіктерді меңгерту, сұрақтары мен жалғауларын есте сақтатуға ықпал ету.
  • Көмектес септіктің тұрлаусыз мүше ретінде жұмсалуын түсіндіру.
  • Көмектес септіктің басқа септіктерден ерекшелігіне назар аударту.
  • Өткен сабақтармен байланыстыра отырып, оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.

Оқыту нәтижесі

Күтілетін өзгеріс

  • Пәнге қызығушылығы артады.
  • Топпен жұмыс істей біледі.
  • Сауатты жазуға төселеді.

Топқа бөлу

Оқушылар қима қағаздардағы септік атаулары арқылы топтарға бөлінеді:

1-топ

Атау, Ілік

2-топ

Барыс, Табыс

3-топ

Жатыс, Шығыс

4-топ

Көмектес

Психологиялық ахуал

Адамның күлкісі — әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс — сезіміміздің сарайының ашылуына жол ашатын нәзік ишара.

Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріп көріңдер: бір-біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше, сабағымызды бастайық.

Үй тапсырмасы

Оқулық бойынша

133-бет, 68-жаттығу — ауызша айтып беру.

Жедел сұрақ

Шығыс септігіндегі сөзді ата.

Қызығушылықты ояту

Стратегиялар

  • «Тілші» стратегиясы
  • «Болжау» стратегиясы (кіріктіріледі)

Бір оқушы тілші рөлінде сыныпқа сұрақ қояды, барлық оқушы жауап береді.

Тілшінің сөзі

«Құрметті оқушылар, мен тілшімін. Сіздерге бірнеше сұрақ қоямын».

1-сұрақ: «Зат есімнің септелуі» тақырыбы бойынша осы уақытқа дейін нені білдіңдер?

2-сұрақ: Бүгінгі сабақта нені білуіміз мүмкін?

Мағынаны тану (түсіну кезеңі)

1) Топпен жұмыс

69-жаттығу. Үш топ тапсырманы талдайды, 4-топ бағалаушы рөлін атқарады.

Бағалау тәсілі

«Басбармақ» арқылы бағалау.

2) Өзіндік жұмыс

«Қара — жатта — айт — жап — жаз» стратегиясы.

Критерийлер

  1. Мақалды жатқа анық, кідірмей айтып беру.
  2. Мақалдың мағынасын дұрыс әрі тапқыр сөздермен жеткізу.
  3. Сұрағын дұрыс қойып, жалғауын таба білу.

Есте сақтау минуты

Ережені есте сақтауға бағытталған қысқа жұмыс жүргізіледі.

1-топ: «Адасқан сөздер» ойыны

Адасқан сөздерді өз орындарына қойып, сөйлем құраңдар. Асты сызылған сөздердің қай септікте тұрғанын анықтаңдар.

Берілген сөздер

Ол келеді жоталар
Сөз кені қымбат халықтың адыр кезумен мен
Таспен ұр — ұрғанды ас

2-топ: «Синквейн» стратегиясы

Бес жолды өлең құрастыру ережесі:

  1. 1-жол: бір сөз — зат есім.
  2. 2-жол: екі сөз — сын есім.
  3. 3-жол: үш сөз — етістік.
  4. 4-жол: тақырыпты ашатын төрт сөзден тұратын сөйлем не сөз тіркесі.
  5. 5-жол: бір сөз — синоним.

Автор туралы

Өңір

Маңғыстау облысы

Мекеме

Бейнеу ауданы, Боранқұл селосы, Қарақұм орта мектебі

Мұғалім

бастауыш сынып мұғалімі Г. Ж. Жарылгапова

Ескертпе

Көмектес септік бойынша материалды жүктеу/қолдану сабақ жоспарына сәйкес орындалады.