Басты оқиғалар

Сабақтың тақырыбы

Мұхтар Әуезовтің «Қараш–Қараш оқиғасы» хикаяты бойынша: Бақтығұлдың тағдыры.

Қорыту–жинақтау сабағы Проблемалық оқыту Пікірталас Іздендіру

Мақсаты

Хикаят бойынша алған білімдерін қорытып, жинақтайды; кейіпкерлердің өмірдегі шынайы бейнесін таниды.

Міндеттері

1) Мазмұнға байланысты

  • Шығарманың мазмұнын толық талдайды.
  • Басты кейіпкердің іс-әрекеті арқылы сол заманның саяси астарын түсінеді.

2) СТО-ны дамытуға байланысты

  • Кейіпкерлердің әрекеттеріне баға беруге дағдыланып, ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамытады.
  • Алған білімін өз ойымен салыстырып, дәлелді пікір айтады.

3) Топпен жұмыс

  • Өз ойын нақты деректермен дәлелдеуге үйренеді.
  • Бірін-бірі оқытады, топтастарының сұрақтарына жауап іздейді.
  • Қорытынды жасап, ортақ шешімге келеді.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер мен стратегиялар

Проблемалық сұрақтар Пікірталас Іздендіру

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы

Тұрар Рысқұлов

Әдебиет

Ш. Мұртаза, «Қызыл жебе» романы

Кино өнері

«Асуда атылған оқ»

Көрнекілігі

  • Слайдтағы суреттер мен сызбалар
  • Флипчарт материалдары

Сабақтың барысы

I. Қызығушылықты ояту — «Ой шақыру» стратегиясы

  1. «Асуда атылған оқ» кинофильмінен үзінді көрсету арқылы өтілген материалды еске түсіру.
    • Бұл үзінді қай фильмнен алынған?
    • Фильм кімнің, қай шығармасының желісі бойынша түсірілген?
  2. Жоспар бойынша үзіндінің мазмұнын қайта жаңғырту:
    Тараулар
    Тақырып
    Басты оқиғалар

Хикаят желісі бойынша бөлімдер мен түйінді оқиғалар

I. Іштегі кеткен кек…

  • Тектіғұлдың науқасы
  • Өксікті күндер
  • Аянышты өлімі

II. Кек жолындағы жортуыл…

  • Сәлменнің жылқысын барымталау
  • Ұрланған бие

III. Қуғыншылар…

  • Сойылған бие
  • Қуғыншылар
  • Соққыға ұшыраған Бақтығұл
  • Намыс, ар, қорлану

IV. Пана іздеу…

  • Арқар ату
  • Жарасбайға тартуы
  • Өтініш, тілек

V. Адасу…

  • Жарасбай жанындағы тірлік
  • Ақ жолдан таю
  • Барымташы Бақтығұл

VI. Екіжүзді аярлық…

  • Ел ішіндегі тартыс
  • Сатқындық
  • Билер соты, үкім

VII. Қуғын…

  • Қуғынға ұшырау

VIII. Өш алу…

  • Жасырыну
  • Әділ үкім
  • Алынған кек

Автор туралы белгі

№35 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі — Баймұханова Амангүл Қыздарбаевна.