Тақтаға шыққан оқушы автор, қалғандарың оқырман боласыңдар
Сабақ туралы мәлімет
Өңірі: Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы
Мектеп: №100 орта мектеп
Мұғалім: бастауыш сынып мұғалімі Асанхан Эльмира Сәндібекқызы
Сабақтың тақырыбы: «Еліктің лағы» (М. Қалдыбаев)
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Мәтіндегі негізгі ой мен идеяны ұғындыру арқылы табиғат туралы түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық
Оқушылардың ойлау қабілетін және тілін дамыту, танымдық белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік
Экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер мен ресурстар
Сабақтың әдістері
- Сұрақ-жауап
- Түсіндіру
- Өз ойын еркін жеткізу
- Сөзжұмбақ шешу
- Рөлге бөліп оқыту
- Ойын технологиялары
Құрал-жабдықтар
- Еліктің суреті
- Сөзжұмбақ
- Алгоритмдік схема
- Дәптер және тапсырма парақтары
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2) Үй тапсырмасын тексеру
- «Бұлбұл мен тоқылдақ» мысалын рөлге бөліп оқу.
- Мазмұнын сахналық көрініс арқылы бейнелеу.
- Қорытындылау: бұлбұл — әнші құс, тоқылдақ — орманның «емшісі».
3) Жаңа сабақ
Ой қозғау: оқушылардың қызығушылығын ояту үшін сөзжұмбақ ойыны ұйымдастырылады. Дұрыс жауап берілген жағдайда жаңа сабақтың тақырыбы ашылады.
Сөзжұмбақ сұрақтары
- Жазушы Ғабиттің тегі?
- Әнші құс?
- Кемпірқосақтың неше түсі бар?
- Қазақстандағы таудың атауы?
- Найзағай нені соғады?
- Қасқыр, түлкі, борсықтың үйі қалай аталады?
- Төрт таңбалы сан?
- Орман дәрігері?
- «Азамат атанған бала» мәтініндегі баланың аты?
- «Көк кептер» мәтініндегі сотқар бала?
- Тәулік бойы жауатын жаңбыр қалай аталады?
Жауап кілттері: Мүсірепов, бұлбұл, жеті, Көкшетау, металл, ін, мың, тоқылдақ, Қуаныш, Аймаған, ақжаңбыр.
Тақырып: «Еліктің лағы». Автор: Мамытбек Қалдыбаев.
Сабақты бастамас бұрын елікке сурет бойынша сипаттама беріледі: сыртқы бейнесі, мекені, қорегі, табиғаттағы орны талқыланады.
«Авторлар мен оқырмандар» ойыны
Ойын шарты: мәтін мазмұны екі бөлікке бөлінеді. Бірінші және екінші қатар өздеріне берілген бөлікті оқып, мазмұнын тақтаға шығып әңгімелейді. Тақтаға шыққан оқушы — автор, қалғандары — оқырман. Оқырмандар авторға сұрақ қояды.
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды соғайық.
Қарлығаш боп ұшайық,
Ұшып-ұшып алайық.
«Миға шабуыл»: жаңа сөздер
Мәтіндегі таныс емес сөздердің мағынасы ойын арқылы анықталады.
- Тоңазытады
- Торсық
- Ызасы
- Оттай жайнап
- Қаперсіз
Жұмбақ
Белі бүкір,
Алысқа түкір.
Жауабы: мылтық.
Дәптермен жұмыс: жануарлардың төлі
Сызба бойынша жануарлардың баласын табу тапсырмасы орындалады.
| № | Жануар | Нұсқалар |
|---|---|---|
| 1 | Қоян | A) бөлтірік |
| 2 | Арқар | Ә) балапан |
| 3 | Түйе | Б) көжек |
| 4 | Қасқыр | В) қозықа |
| 5 | Тауық | Г) күшік |
| 6 | Түлкі | Д) бота |
Дұрыс жауаптары: 1 — Б, 2 — В, 3 — Д, 4 — А, 5 — Ә, 6 — Г.
Қорытынды тапсырма: жануарлардың ішінен біреуін таңдап, оның пайдасы мен зиянын жазу.
4) Қорытынды
Алгоритмдік схема арқылы жаңа тақырып бойынша түсінгенін жүйелеу, негізгі ойды бекіту.
5) Бағалау
Оқушылардың белсенділігі, жауаптарының нақтылығы және тапсырмаларды орындау сапасы бойынша бағалау жүргізіледі.
6) Үй тапсырмасы
- Мәтін мазмұнына дайындалу.
- Еліктің суретін салу.