Сызықтық алгоритмді программалау
Сабақ туралы мәлімет
- Өңір / Қала
- Жамбыл облысы, Тараз қаласы
- Білім беру ұйымы
- №39 мектеп-гимназия
- Пән / Сынып
- Информатика, 7-сынып
- Мұғалім
- Кадырова Светлана Сабитқызы
- Сабақтың тақырыбы
- Сызықтық алгоритмді программалау
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Сызықтық бағдарламаның құрылымымен таныстыру; өткен тақырыптарды қайталау арқылы сызықтық алгоритмді, блок-сызбасын және программасын құру дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық
Есте сақтау қабілетін дамыту; теориялық білімді практикамен ұштастыра білуге үйрету.
Тәрбиелік
Пәнге қызығушылықты арттыру; әр оқушының алғырлық және зеректік қасиеттерінің дамуына жағдай жасау.
Қолданылатын құралдар
- Интерактивті тақта
- Таратпа қағаздар
- Слайдтар
Сабақ форматы
- Типі
- Дамытушылық
- Түрі
- Аралас сабақ
- Әдісі
- Практикум, сұрақ-жауап, тест, қосымша тапсырмалар
Сабақтың құрылымы
-
I
Ұйымдастыру кезеңі
Құрал-жабдықтарды және оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру; тақырып пен мақсатты хабарлау.
-
II
Үй тапсырмасын сұрау
Өткен материалды сұрақтар арқылы қайталау және бекіту.
-
III
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Сызықтық алгоритмнің мәні және Паскаль тіліндегі сызықтық программаның құрылымы.
-
IV
Практикалық жұмыс
Деңгейлік тапсырмалар арқылы формулаларды Паскаль тілімен жазу және есептер шығару.
-
V
Сабақты бекіту
Ойға шабуыл, логикалық сұрақтар және тест тапсырмалары.
-
VI
Үйге тапсырма
§3.3 оқу; берілген өрнекке алгоритм, блок-сызба және программа құрастыру.
Оқушылар нені білуі тиіс
Негізгі ұғымдар
- Сызықтық алгоритмнің анықтамасы
- Блок-сызбаның жалпы түрі
- Программаның жалпы құрылымы
- Сызықтық алгоритмге программа құрастыру
Мұғалімнің іс-әрекеті
- Деңгейлік тапсырмалар арқылы жаңа материалды меңгерту
- Әр оқушының тақырып бойынша ең төменгі нәтижеге жетуін қамтамасыз ету
- Есептерді тексеру, қажет жерде түзету енгізу
- Бағалауды критерий бойынша әділ жүргізу
Үй тапсырмасын қайталау: қысқа сұрақ-жауап
Алгоритм дегеніміз не?
Алгоритм — мақсатқа жету үшін әрекеттердің рет-ретімен орындалуы.
Алгоритмнің түрлері қандай?
Сызықтық, тармақталған, циклдік.
Алгоритмді жазу пішімі қандай?
алг <алгоритмнің аты>
басы
алгоритм командалары
соңы
Өрнектерді есептеу блогының қызметі
Математикалық өрнектерді есептеу.
Алгоритмді жазудың тәсілдері
- Қарапайым тіл арқылы
- Түйінді сөздер арқылы
- Блок-сызба арқылы
- Программалау тілі арқылы
Программа қандай қызметші сөзден басталады?
Program
Алгоритмді компьютер түсінетін тілде жазу қалай аталады?
Программалау.
Жаңа тақырып: сызықтық алгоритм және Паскальдағы құрылым
Сызықтық алгоритм деген не?
Әрекеттердің тізбектей орындалуы сызықтық алгоритм деп аталады. Мұнда командалар бірінен кейін бірі ретімен орындалады, ал блок-сызбада блоктар бір сызық бойымен тізбектеле орналасады.
Паскаль программасының негізгі бөліктері
Паскаль тіліндегі программа шартты түрде үш бөліктен тұрады:
Program E1;
{ сипаттау бөлімі }
begin
{ операторлар бөлімі }
end.
Оператор ұғымы
Оператор — алгоритмді жүзеге асыру барысында орындалатын әрекетті анықтайтын тілдің қарапайым сөйлемі. Операторлар тізбектей орындалады және нүктелі үтірмен ; ажыратылады. Операторлар бөлімі begin және end сөздерімен қоршалады.
Сызықтық программада жиі қолданылатын операторлар
- := меншіктеу операторы
- Read / ReadLn енгізу операторы
- Write / WriteLn шығару операторы
Есеп шығаруда қолданылатын негізгі алгоритм түрлері
Мысал есеп
Екі бүтін санның қосындысын есептеу үшін (c = a + b) блок-сызбасын, алгоритмін және программасын құрастырыңдар.
Бекіту: деңгейлік тапсырмалар
I деңгей
Төмендегі өрнектерді Паскаль тілінде жазыңдар:
- (a - b)^2 / (2a)
- x^2 * (2x + sqrt(y))
- sqrt(1 + sqrt(x))
- sqrt(x^2) * (x - 1)
II деңгей
-
1) Y = x^2 + 3
Мәнін есептеудің алгоритмін, блок-сызбасын және программасын құрыңдар.
-
2) Трапеция ауданы
S = (a + b) * h / 2 формуласы бойынша блок-сызба және программа жазыңдар.
III деңгей
Жаяу адам таулы жерде жүріп келеді. Жазықтағы жылдамдығы — U1 км/сағ, өрге шыққандағы — U2 км/сағ, ылдиға түскендегі — U3 км/сағ. Қозғалыс уақыты сәйкесінше t1, t2, t3 сағ. Жаяу адам қанша жол жүрді?
Сергіту сәті: логикалық сұрақтар
1) Бөлмедегі мысықтар
Бөлменің әр бұрышында бір мысықтан отыр. Әр мысыққа қарама-қарсы үш мысық көрінеді. Бөлмеде неше мысық бар?
Жауабы: 4
2) Стакандар
Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакандағы шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?
Жауабы: 3 стакан
3) Үш ат жегілген шана
Үш ат жегілген шана бір сағатта 15 км жүріп өтті. Әр аттың жылдамдығы қандай?
Жауабы: 15 км/сағ
4) Доптың кері қайтуы
Допты лақтырғанда, сол ізімен кері қайтуы үшін қалай лақтыру керек?
Жауабы: Жоғары
5) Қараңғы бөлме
Қараңғы бөлмеде май шам және керосин лампасы бар. Алдымен нені жағасыз?
Жауабы: Шырпы
6) Баспалдақтың ортасы
Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Дәл ортасында тұру үшін нешінші басқышқа шығу керек?
Жауабы: 8
Білімді дамыту: тест тапсырмалары
1) Алгоритм дегеніміз —
- a) командалардың кез келген ретсіз тізбегі
- b) блоктар мен сызбалар түріндегі арнайы құрылым
- c) нәтижеге жету үшін атқарушыға қажетті әрекеттерді түсінікті әрі дәл көрсететін нұсқаулар реті
- d) компьютерде ғана орындалатын машиналық тілдегі нұсқаулар
2) Алгоритмнің жалпы сипаттамасы —
- a) алгоритм атқарушылары
- b) блок-сызбалар
- c) командалар жүйесі
- d) алгоритм қасиеттері
3) Әрбір ереженің анық, мағыналы болуы қай қасиет?
- a) дискреттілік
- b) анықтылық
- c) нәтижелілік
- d) түсініктілік
4) Бір алгоритмді әртүрлі бастапқы мәліметтермен бірнеше рет қолдану қасиеті
- a) жалпылық
- b) анықтылық
- c) нәтижелілік
- d) түсініктілік
5) Алгоритмнің графикалық түрде жазылуы
- a) программа
- b) блок-сызба
- c) сөздік
- d) кестелік
6) «Басы» сөзі жазылған эллипс нені білдіреді?
- a) алгоритмнің басталуы
- b) әрекеттерді орындау үдерісі
- c) мәліметтерді енгізу және шығару
- d) алгоритмнің аяқталуы
7) Тіктөртбұрыш нені білдіреді?
- a) алгоритмнің басталуы
- b) әрекеттерді орындау үдерісі
- c) мәліметтерді енгізу және шығару
- d) алгоритмнің аяқталуы
8) Командалары бірінен соң бірі орындалатын алгоритм
- a) тармақталған
- b) циклдік
- c) сызықтық
- d) дұрыс нұсқасы жоқ
Үй жұмысы, бағалау және рефлексия
Үй тапсырмасы
§3.3 тақырыпты оқу. Y = (A*X + B) - C өрнегі үшін алгоритм, блок-сызба және программа құрастырып келу.
Бағалау
Бағалау критерийлері бойынша жұмыс нәтижесін әділ бағалау, практикалық тапсырмаларды орындау сапасын ескеру.
Рефлексия
Сабақты «БББ» әдісімен қорытындылау: Білемін — Білдім — Білгім келеді.