Ертегінің негізгі идеясын өзбеттерінше ұғынуға жол ашу
Сабақ туралы қысқаша ақпарат
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ганюшкин ауылы, Абай атындағы жалпы орта мектебі. Бастауыш сынып мұғалімі: Байменова Гүлбағила Ғизатқызы.
Пән
Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы
«Сақина» ертегісі
Жалпы мақсат
-
Ертегіні талдай отырып, идеялық мазмұнын ашу және негізгі ойды өз бетінше ұғынуға бағыт беру.
-
Ой-өрісті, дүниетанымды кеңейту; сөздік қорды молайту арқылы көркем сөйлеу тілін дамыту.
-
Еңбексүйгіштікке, адалдыққа баулу; адамгершілік құндылықтарды бойға сіңіру.
Оқу нәтижелері
Түсіну және әңгімелеу
Ертегіні түсініп, мазмұнын өз сөздерімен әңгімелей алады.
Негізгі идея
Ертегінің негізгі идеясын анықтап, мәнін түсіндіреді.
Ой қорыту
Қорытынды жасау дағдысын қалыптастырады.
Сөздік қор
Сөздік қоры кеңейіп, сөйлеу мәдениеті дамиды.
Сабақ құрылымы
1) Психологиялық дайындық
5 болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз.
2) Ұйымдастыру
-
Оқушыларды пазл бөліктері арқылы топтарға бөлу.
3) Негізгі бөлім
Қызығушылықты ояту
«Ертегілер еліне саяхат» және «Бір айналым сөйлесу» әдістері.
Сұрақтар мен суреттер
Мұғалім суреттер таратып, бағыттаушы сұрақтар қояды.
Мағынаны тану
Ой шақыру: «Сен білесің бе?»
Талқылау сұрағы
Сақина мен жүзіктің айырмашылығы бар ма?
Жаңа сабақ
Хронологиялық кесте арқылы оқиға желісін жүйелеу.
4) Сергіту сәті
Топ-топ басайық,
Жаттығулар жасайық.
Қайырымды жан болып,
Жамандықтан қашайық.
Аспанға қарап ай көрдім,
Төменге қарап жер көрдім,
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім.
5) Ой қорыту (топтық жұмыс)
«Үш шындық, бір жалған» стратегиясы
Мазмұн бойынша пайым жасап, деректі ажырату.
«Дананың кілттері»
Жауапты дәлелдеу, ойды жүйелеу.
«Егер де мен…»
Кейіпкер әрекетіне баға беріп, баламалы шешім ұсыну.
«Бес жол өлең»
Негізгі ойды ықшам, бейнелі түрде түйіндеу.
6) Бағалау
Топ жетекшілерінің бағалауы арқылы қорытынды жасау.
7) Рефлексия
«Бағдаршам» әдісі арқылы өзін-өзі бағалау және кері байланыс.