Әке тәлімі
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Мұғалім
- Құлмағамбетова
- Пән
- Әдебиеттік оқу (3-сынып)
- Тақырып
- Ж. Кәрменов — «Әке тәлімі»
Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелер
Оқу мақсаты
Оқушылардың отбасы туралы түсінігін кеңейту және өз ойларын жүйелі, нақты жеткізу дағдыларын дамыту.
Ойлау деңгейлері
- Білу
- Түсіну
- Қолдану
- Жинақтау
Күтілетін нәтиже
- Барлық оқушы отбасы туралы негізгі түсініктерді біледі.
- Оқушылардың басым бөлігі мәтін мазмұнын меңгереді.
- Топтық жұмыс нәтижесінде кейбір оқушылар ойын еркін айтып, дәлел келтіреді.
Әдіс-тәсілдер
Сабақ барысы
Сабақтың басы
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Топқа бөлу: оқушыларды шағын топтарға бөлу.
Үй тапсырмасын тексеру: «Аққұс туралы аңыз» мәтіні бойынша түсінгендерін сұрау.
- Мәтін не туралы?
- Әбілхан Қастеев кім?
- Оның қандай туындыларын білесіңдер?
Сабақтың ортасы
Бір оқушының маңдайына «Отбасы» деп жазылған стикер жапсырылады. Қалған оқушылар сөзді атамай, тек ым-ишара арқылы түсіндіреді. Стикері бар оқушы сөзді табуы керек.
Одан кейін талқылау сұрағы: «Отбасы» ұғымын қалай түсінеміз?
Бүгін біз Жәнібек Кәрменовтің «Әке тәлімі» әңгімесімен танысамыз. Мәтінді «Болжау» стратегиясы арқылы талдап көреміз.
- Қалай ойлайсыңдар, әңгіме не туралы болуы мүмкін?
- Олай ойлауыңа не себеп болды?
3-тапсырма: мәтінді бөліп оқу және талдау
Мәтін үш бөлікке бөлінеді. Әр топ өзіне берілген бөлікті оқып, жұппен талдайды.
1-топ
1–3 азат жол
2-топ
4–8 азат жол
3-топ
9–13 азат жол
Жұптық талдау: негізгі ойды анықтау, кейіпкерлер әрекетін бағалау, дәлел келтіру.
Сергіту сәті
Қысқа сергіту жаттығулары арқылы оқушылардың назарын қайта шоғырландыру.