Потенциал және потенциалдар айырымы
Сабақтың тақырыбы
Потенциал және потенциалдар айырымы. Электр өрісінің кернеулігі мен потенциалдар айырымының арасындағы байланыс.
Білімділік
Потенциал ұғымын қалыптастыру, электр өрісінің энергетикалық сипатын ашу, потенциалдар айырымы мен кернеулік арасындағы байланысты түсіндіру.
Дамытушылық
Жаңа ұғымдарды меңгерту арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру, есеп шығару дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік
Өз ойын еркін жеткізуге, батылдыққа және ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі
Жаңа сабақ және тірек білімдерді бекіту (дәстүрлі емес формат).
Сабақтың әдістері
Теорияларды, ұғымдар мен ережелерді қорыту; жинақтау; өзін-өзі бағалау; практикалық тапсырмалар арқылы бекіту.
Көрнекіліктер
- Электронды оқулық
- Графопроектор
- Электр өрісі кестелері
- Электроскоп, эбонит таяқша
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Топтарға бөлу.
- Сабақтың мақсат-міндеттерімен таныстыру.
Өткен сабақта электр өрісі, оның бар болуы, электр өрісінің кернеулігі және электр заряды ұғымдары қарастырылды.
2) Өткенді еске түсіру
Топтар өз рөлдері бойынша қысқаша таныстырылым жасап, сұрақтарға жауап береді.
1-топ: Тарихшылар
- Біздің заманымыздан шамамен 2500 жыл бұрын янтарьды жүнге үйкегенде, янтарьдың басқа заттарды өзіне тартатыны байқалған.
- Электр өрісі туралы түсініктің қалыптасуына шолу.
- М. Фарадейдің электр өрісін түсіндірудегі еңбегі.
2-топ: Экспериментаторлар
- Электронды оқулықтан тәжірибе көрсету.
- Екі оқушының электроскоппен тәжірибесі.
3-топ: Анықтамашылар
- Нүктелік заряд дегеніміз не?
- Электр өрісі дегеніміз не?
- Электр өрісінің кернеулігі нені сипаттайды?
- Электроскоп нені өлшейді?
- Электростатикалық өзара әсерді қалай түсінеміз?
- Кулон заңының тұжырымдамасы қандай?
Жаңа сабақ: мағынаны тану
Өріске енгізілген денеге өріс тарапынан күш әсер етеді. Осы күштің әсерінен дене қозғалып, орын ауыстырады және жұмыс атқарылады.
Қозғалмайтын электр зарядтары тудыратын электр өрісі электростатикалық өріс деп аталады.
Дененің Жермен әсерлесуінде потенциалдық энергия болатыны сияқты, электр зарядтары да электр өрісінде потенциалдық энергияға ие болады.
Жұмыс және энергия өзгерісі
Зарядты бір нүктеден екіншісіне орын ауыстырғанда өріс күштерінің жұмысы потенциалдық энергияның өзгерісін сипаттайды:
(Мұндағы A — жұмыс, Eп — потенциалдық энергия.)
Кернеулік арқылы күш
Өрістің әр нүктесінде зарядқа әсер ететін күш:
(Мұндағы q — заряд, E — электр өрісінің кернеулігі.)
Электр өрісінің екі сипаты
Күштік сипат
Кернеулік (E) арқылы өрістің зарядқа қандай күшпен әсер ететінін сипаттаймыз.
Энергетикалық сипат
Потенциал және потенциалдар айырымы арқылы өрістің энергиямен байланысын сипаттаймыз.
Бекіту: топтық жұмыс және есептер
4-топ: «Ойлы орталық»
Талқылау сұрағы: Потенциал дегеніміз не?
Есептер шығару: 16-жаттығу (1–8).
Қорытынды және үй тапсырмасы
Сабақты қорытындылау
Электр өрісінің күштік (кернеулік) және энергетикалық (потенциал, потенциалдар айырымы) сипаттары жинақталып, олардың өзара байланысы талқыланады.
Үй тапсырмасы
§ 33