2004 жылы Мәдени мұра бағдарламасы аясында Қазақстан аумағындағы тарихи - мәдени ескерткіштер мен нысандарды жаңғырттық
Кіріспе
Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Жыл басындағы халыққа Жолдауымда Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жарияладым. Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесін — саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды — қолға алдық.
Біздің мақсатымыз
Мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі: әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу.
- Екі жаңғыру процесінің де нақты мақсат-міндеттері, басымдықтары және оған жеткізетін жолдары бар.
- Көздеген жұмыстарымыздың бәрі дер уақытында әрі барынша тиімді жүзеге асады деп сенемін.
Алайда жоспарланған мақсаттардың орындалуы үшін мұның өзі жеткіліксіз. Мақсатқа жету үшін санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады.
Рухани жаңғыру — жалғасып келе жатқан міндет
Рухани жаңғыру — тек бүгін басталатын жұмыс емес. Тәуелсіздік кезеңінде бұл бағытта бірнеше ауқымды іс атқардық.
2004
«Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандарды жаңғырттық.
2013
«Халық – тарих толқынында» бағдарламасы арқылы әлемнің ең беделді архивтерінен төл тарихымызға қатысты құжаттарды жүйелі түрде жинап, зерттедік.
Енді осының бәрінен де ауқымды әрі іргелі жұмыстарды бастағалы отырмыз. Еліміз мықты әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болуы үшін болашаққа қалай қадам басатынымыз және бұқаралық сананы қалай өзгертетініміз туралы көзқарастарымды ортаға салуды жөн көрдім.
Құжат
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы
Сілтемені нақты файл мекенжайымен ауыстырыңыз.