Сынып оқушыларының сабаққа қатысы
Сабақ тақырыбы
Мағжан Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңі.
Сабақтың түрі
Қалыпты, аралас сабақ.
Сабақтың әдістері
Сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, жаңа технология элементтері арқылы түрлендіре өткізу.
Пәнаралық байланыс
Тарих, география, музыка.
Сабақтың мақсаты
1) Білімділік
Оқушылардың М. Жұмабаев шығармашылығы туралы алған теориялық білімін қайта жаңғыртып, мазмұнын тереңдете түсу.
2) Дамытушылық
«Түркістан» өлеңі жөніндегі білімді әртүрлі тапсырмалар арқылы жүйелеу; оқушыларды тез ойланып, жауапты нақты әрі тиянақты жеткізуге дағдыландыру.
3) Тәрбиелік
Оқушының тіл байлығын дамыту; Мағжан Жұмабаев секілді өз тіліне, еліне, жеріне сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі
- М. Жұмабаев туралы кітаптар, өлеңдер жинағы.
- Интерактивті тақта, теледидар, бейнемагнитофон.
- Қазақстан картасы, тест тапсырмалары, семантикалық карта.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру
- Амандасу.
- Оқушылардың сабаққа қатысуын белгілеу.
- Сабаққа дайындығын тексеру.
II. Үй тапсырмасын сұрау
М. Жұмабаевтың өмір жолын ғұмырнамалық кесте арқылы еске түсіру.
Оқу әрекетіне бағыт
Еске түсіру
Ақын өміріндегі негізгі даталарды хронологиялық тәртіппен қайта құрастырыңыз.
Талдау
«Түркістан» өлеңіндегі идея мен көркемдік тәсілдерді сұрақ-жауап арқылы нақтылаңыз.
Қорытындылау
Мағжан поэзиясының тілдік ерекшеліктерін мысал келтіре отырып жинақтаңыз.