Бояу түстерін анықтау

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақтың тақырыбы

Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Сабақтың әдісі

Көрнекілік, сұрақ-жауап әдісі

Көрнекіліктер

Кластер, кезеңдік үлгі (4 кезең), суреттер және қосымша материалдар

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды психологиялық тұрғыдан дайындау.
  • Мақсат қою: бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларымен таныстыру, қызығушылықты ояту.

Өткен тақырыпты еске түсіру

Өткен сабақта қазақтың атақты суретшілері және олардың шығармаларымен танысқан едік. Білімді бекіту үшін сұрақ-жауап жүргізіледі.

  • Қазақстанның тұңғыш кәсіби қазақ суретшісі атанған кім?
  • Тағы қандай суретшілерді білесіңдер?
  • Суретшілер шығармалары туралы не айта аласыңдар?

Көрнекі материалдар арқылы (суретшілердің жұмыстары мен репродукциялар) өткен тақырып пысықталады.

II. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Бейнелеу өнерінің тарихы мен сан алуан тармақтарын таныстыруда оның негізгі түрлерін жүйелі қарастырудың маңызы зор. Негізгі түрлеріне графика, живопись, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер және сәулет өнері жатады.

Графика

Қағаз немесе картон бетіне қарындаш, қаламұш, көмір, тушь секілді құралдармен орындалатын, көбіне бір түсті сурет.

Живопись

Қағаз, картон немесе кенеп бетіне әртүрлі бояулармен орындалатын көркем шығарма.

Мүсін

Кеңістікте көлемді пішінде сомдалатын көркем шығарма. Материалдары: саз, ермексаз, гипс, ағаш, қола, темір және т.б.

Сәндік-қолданбалы өнер

Халық тұрмысында кең қолданылатын, ұлттың тарихы мен дәстүрімен сабақтас көптеген өнер түрлерінің жиынтығы.

Сәулет өнері

Үйлерді, ғимараттарды, көшелерді жобалау және оларды көркем әрі қолайлы етіп тұрғызу өнері.

Жанрлар

Бейнелеу өнері орындалу тәсілі мен мазмұнына қарай бірнеше жанрға бөлінеді:

Натюрморт

Жансыз заттар мен тұрмыстық бұйымдар бейнеленген көркем шығарма.

Портрет

Адамның келбеті мен мінез-болмысын бейнелейтін көркем туынды.

Пейзаж

Табиғат көрінісін бейнелейтін көркем шығарма.

Тарихи жанр

Белгілі бір тарихи оқиғаларды суреттейтін көркем туынды.

Анималистік жанр

Хайуанаттар мен жан-жануарларды бейнелейтін көркем сурет.

Кластер және дидактикалық материалдарды қолдану арқылы алынған білім жүйеленіп, толықтырылады.

Практикалық жұмыс

Енді жанрларға байланысты натюрморт орындауға кірісеміз. Алдымен кезеңдер бойынша берілген үлгіге қарап, жұмысты қалай бастау керектігін түсінеміз.

  1. 1) Орналастыру

    Альбом бетіне композицияны дұрыс орналастырып, орын белгілеу.

  2. 2) Нобай жасау

    Суретті толық қарындашпен салып шығу.

  3. 3) Түстерді анықтау

    Бояу түстерін таңдап, жалпы үйлесімін белгілеу.

  4. 4) Аяқтау

    Ашық және қою түстерді ажыратып, жұмысты жинақтап аяқтау.

III. Қорытынды

Пысықтау

Жаңа тақырып бойынша сұрақ-жауап арқылы білімді бекіту.

Бағалау

Оқушылардың жұмысын критерий бойынша бағалау.

Үй тапсырмасы

Ыдыс-аяқтардан құралған бірнеше жаттығу этюдін салу.