Балалар жұмысы

Сабақ туралы

Білім беру саласы

Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Бейнелеу өнері (ересектер тобы)

Тақырыбы

Тәрелкені әшекейлеу

Оқу іс-әрекет түрі

Дәстүрлі емес

Оқу іс-әрекет типі

Жаңа білімді меңгерту

Мақсаты

Балаларды өнер әлеміне баулу арқылы өз ойларын көркем жеткізе білуге дағдыландыру. Табиғаттағы сұлулықты сезіне отырып, эстетикалық талғамын, шығармашылық құзіреттілігін және қиялын дамыту.

Негізгі екпін:

  • Суретті түсіну арқылы іскерлік дағдыларын дамыту
  • Өрнек элементтерін ырғақпен орналастыруға үйрету
  • Жұмыс нәтижесін бағалай білуге баулу

Әдіс-тәсілдер мен ресурстар

Әдіс-тәсілдер

  • Ой қозғау
  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап
  • Сергіту сәті
  • Бағалау
  • Қорыту

Көрнекілігі

  • Проектор және слайдтар
  • Топ бөлмесінің безендірілуі
  • Папье-маше арқылы жасалған тәрелкелер
  • Гуашь бояуы
  • Сурет салатын таяқша
  • Сүрткіш

Алдын ала жұмыс

Клейстер мен қағаз қиындыларын пайдаланып папье-маше техникасымен тәрелке дайындау.

Пәнаралық байланыс

Математика, көркем әдебиет, айналамен таныстыру.

Сөздік жұмыс

Сөздік жұмыс

Күлтелер

Сөздік қор

Папье-маше, гүл-жапырақ, өрнек, түйін, ернеу

Сабақ барысы

Мотивациялық-қозғаушы кезең

Қараңдаршы, біздің гүл бағымыз қандай керемет әрі әдемі! Табиғат ана өзінің ашық та әсем түстерін осы гүлдерге сыйлаған.

Сендер гүлдерге қарағанда өздеріңді қалай сезінесіңдер? Көңіл-күйіміз көтеріле ме?

Дұрыс айтасыңдар: гүл де адамдар сияқты тірі ағза. Гүлдерге күтім жасасаң, олар жайқалып, құлпырып өседі.

Ізденуші-ұйымдастырушы кезең

Экраннан көрсету (гүлдің өсуі):

  1. Жер дайындалады.
  2. Топыраққа дән тасталады.
  3. Жаңбыр жауады.
  4. Күн шығып, шуағын төгеді.
  5. Дән көктеп, гүл жарады.

Сұрақ:

  • Гүл және басқа өсімдіктер жайқалып өсуі үшін не қажет?
  • Сәндік өнерде қандай ою-өрнек түрлерін білесіңдер?

Бүгін үйренетініміз:

Өсімдікке байланысты гүл-жапырақ өрнегін салу және оны папье-маше тәрелкеде бейнелеу.

Гүл-жапырақ өрнегі күнделікті тұрмыста жиі кездеседі: кілемде, текеметте, орамалда, төсеніште, көйлекте және ыдыстарда.

Үлгі бойынша талдау

Гүлдің түйіні — тұқымдар шоғыры жиналатын бөлігі. Пішіні нүктеге ұқсайды.

Күлтелер — түйіннен тарайды. Пішіні көбіне сопақшаға ұқсайды (гүл түсіне назар аударамыз).

Ернеу (тәрелкенің жиегі) — шеткі бөлігі. Мұндағы өрнек түрі ирек деп аталады, оның бойына жапырақ өрнегі салынады.

Материалдар және түстер

Бүгін гуашьпен және күнделікті тазалыққа қолданатын таяқшамен жұмыс істейміз. Тек жылы түстерді пайдаланамыз.

Жұмыс барысы (қадамдап)

  1. Тәрелкенің ортасына гүлдің түйінін дөңгелек пішінде орналастырамыз.
  2. Түйінді нүктелеу әдісімен (таяқшамен) бейнелейміз.
  3. Күлтелерін төменнен жоғары қарай сопақша етіп, ретімен саламыз.
  4. Күлтенің ішін жоғарыдан төмен қарай қиғаш сызықтармен бояп шығамыз.
  5. Ернеуіне жасыл гуашьпен ирек өрнегін жүргіземіз.
  6. Ирек бойына жапырақ өрнегін орналастырамыз (жағу әдісін қолданамыз).

Сергіту сәті

Жұмысқа кіріспес бұрын, айналамыздағы әдемі гүлдер сияқты тербеліп, жайқалып алайық.

Рефлексивті-коррекциялық кезең

Балалардың жұмысы орындалады. Әр балаға қажет жерінде жеке көмек көрсетіледі.

Жұмыстарды аяқтаған соң, тәрелкелерді ас үй шкафының сөресіне әдемілеп орналастырамыз. Бөлмеміз бұрынғыдан да көріктене түскендей болады.

Жұмыстарды талдау

  • Өрнектің ырғақпен орналасуы (ирек, нүктелер)
  • Жылы түстердің үйлесімі
  • Пішіндердің анықтығы (дөңгелек, сопақша)
  • Ұқыптылық және тазалық

Қорытынды өлең

Көркем гүл, әдемі гүл, Әдемі ыдыста тұр. Маған да ауа беріп, Өзі де тыныстап тұр.

Соңында гүл бағымыздан қонақтарға гүл сыйлайық.