Құстардың туған жерге оралуы
Сабақтың бағыт-бағдары
Тақырыбы
Құстардың туған жерге оралуы
Мақсаты
- Көктем мезгіліндегі құстардың тіршілік әрекеттерін түсіндіру: келуі, ұя салуы, жұмыртқа басуы, балапан шығаруы.
- Құс ұясын, жұмыртқасын және балапандарын қорғаудың маңызын ұғындыру.
Дамытушылық
- Оқушылардың ой-өрісін және сөздік қорын дамыту.
- Табиғатты бақылап, қорытынды жасай білуге баулу.
Тәрбиелік
- Құстарды қорғауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
- Туған жерге сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді нығайту.
Әдістері
Сұрақ-жауап, түсіндірмелі және көрсетілімді әдістер, топтастыру.
Сабақ түрі
Аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс
Ана тілі, математика, музыка.
Көрнекіліктер
Суреттер мен слайдтар, құстар мен ұя туралы иллюстрациялар, көктем пейзажы, көктем үні жазылған аудиожазба.
Сабақтың жүру барысы
1) Психологиялық ахуал
Аспанымыз ашық болсын,
Күніміз жарық болсын.
Деніміз сау болсын,
Еліміз аман болсын.
2) Үй тапсырмасын сұрау
Сұрақ: Өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық?
Жауап: Малды көктемде күтіп-бағу.
Білімді тексеру (ойын)
- 1 Малдың пірі және төлдерінің атауы қандай?
- 2 Малды қалай шақырады?
- 3 Малдың қандай пайдасы бар?
- 4 Малға қатысты қандай тыйым сөздер бар?
Көктем туралы әңгіме
Сұрақ: Көктем айларын атайық.
Жауап: Наурыз, Сәуір, Мамыр.
Сұрақ: Көктемде қандай өзгерістер болады?
Жауап: Қар ериді, күн жылынады, құстар ұшып келеді.
3) Жаңа сабақ
Бүгінгі сабақтың тақырыбы — «Құстардың туған жерге оралуы».
Ой қозғау
- «Туған жер» дегенді қалай түсінесің?
- Алысқа кеткенде туған үйіңді сағынасың ба? Неліктен?
Мақал-мәтел арқылы түйіндеу
«Туған жер — алтын бесік», «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деген сөздер бекер айтылмаған. Құстар да көктемде туған жерге сағынышпен оралады.
Көктемде алғаш келетін құстар
Ең алдымен қараторғай келеді. Одан кейін қарлығаш, сарыалақаз, тыраулап ұшқан тырналар, бозторғай көріне бастайды. Олар келе салысымен ұя салуға қолайлы орын іздеп, ұрпақ өрбіту қамына кіріседі.
Көрсетілім
Тақырыпқа қатысты бейне және слайд көрсету ұсынылады.
Оқу әрекеті
Мәтінді мұғалім оқиды, мазмұнын түсіндіреді.
4) Суретпен жұмыс
Құстардың ұя жасап, жұмыртқа салатын кезеңі — олар үшін ең қиын әрі қауіпті уақыт. Себебі жұмыртқаға жау көп. Көктемде құстар балапандарын қоректендіру үшін таңнан кешке дейін жем тасиды.
5) Қосымша мәлімет
Әр түрлі құстар туралы қысқаша қосымша мәлімет беріліп, олардың ұя салу ерекшеліктері мен табиғаттағы орны талқыланады.
6) Топтастыру
Оқушылар құстарды белгілері бойынша топтастырады (жыл құстары, отырықшы құстар; ұя салу орны; қорегі).
7) Сергіту сәті
Қане, қанат жазайық,
Қарлығашқа ұқсайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызды табайық,
Әдемі етіп жазайық.
8) Дәптермен жұмыс
Тапсырма 1
Құс атауларын жаз.
Тапсырма 2
Туған жер туралы бір мақал жаз.
9) Ойын: «Бұл қай құстың ұясы?»
- 1 Құрқылтай
- 2 Бүркіт
- 3 Қарлығаш
10) Есте сақта!
- Құс ұясын бұзба.
- Жұмыртқасын алма.
- Балапандарды мысықтан және тентек балалардан қорға.
11) Қорытынды сұрақтар
- 1 Көктемде құстар қай жақтан оралады?
- 2 Олар ол жаққа қашан және неліктен кеткен еді?
- 3 Жыл құстары мен отырықшы құстарды ажырат.
12) Үй тапсырмасы
Бақылау
Көктемде құстардың ұя салуын бақыла.
Оқу
Мәтінді түсініп оқы.
Ізденіс
Туған жер туралы мақал-мәтелдерді жинақта.
13) Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысуы, жауаптарының толықтығы, тапсырмаларды орындау сапасы ескеріле отырып бағаланады.