Жай бөлшектерге амалдар қолдануБілімділік мақсаты

Жай бөлшектерге амалдар қолдану

Білімділік мақсаты

Жай бөлшектер мен аралас сандарды қосу, азайту, көбейту және бөлу тақырыптарын жалпылау.

Тәрбиелік мақсаты

Туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, оқушыларды айналасын танып-білуге баулу.

Дамытушылық мақсаты

Оқушылардың жылдам есептеу дағдыларын жетілдіру.

Сабақтың түрі

Қайталау сабағы.

Көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта
  • Ауыл көшелері мен ғимараттарының суреттері бар слайдтар
  • Жеке тапсырмалар

Сабақ барысы

Ұйымдастыру бөлімі

  • Оқушыларды түгендеу
  • Үй жұмысын тексеру

Барлық зейінді сабаққа аудару үшін келесі тапсырмаға назар аударамыз.

Логикалық тапсырма

Төмендегі сөздердің ішінде артық сөз бар ма? Егер болса, қайсысы?

қосынды айырма көбейткіш бөлінді

Отан туралы шумақ

Отан дейміз кең байтақ астананы,

Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.

Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,

Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

Негізгі бөлім

Бүгінгі сабақта бөлшектерге амалдар қолдану тақырыптарын қайталай отырып, ойша өз ауылымыздың кейбір көшелері мен ғимараттарын аралап шығамыз. Ол үшін келесі тапсырмаларды орындаймыз және мектебіміздің қай жылы құрылғанын анықтаймыз.