Сұрақ қоя білу стратегиясы
Ашық сабақтың жоспары
Курс: I курс • Топ: 2-топ
Сабақтың тақырыбы: Пирамида. Дұрыс және қиық пирамида.
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
- Көпжақтардың түрлерін және олардың анықтамаларын қайталау.
- Пирамида, дұрыс пирамида және қиық пирамиданың анықтамаларын меңгеру.
- Сызбаларын салу және бүйір бетінің ауданын табу формулаларымен танысу.
Дамытушылық
- Сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
- Өздігінен іздену арқылы логикалық ойлау дағдыларын қалыптастыру.
- Шығармашылық жұмысқа баулу.
Тәрбиелік
- Топпен бірлесіп жұмыс жасауға және өзара пікір алмасуға үйрету.
- Шапшаңдыққа, жауапкершілікке және уақытты тиімді жоспарлауға баулу.
- Сызбаларды ұқыпты орындауға, мәдениетті әрі көркем сөйлеуге дағдыландыру.
Оқыту әдістері мен стратегиялар
Негізгі әдіс
Оқыту әдісі: стратегиялық әдіс.
Қолданылатын стратегиялар
- Бір айналым сөйлесу стратегиясы
- Сұрақ қоя білу стратегиясы
- Автор орындығы стратегиясы
- Ой қозғау стратегиясы
Пәнаралық байланыс
Өмірмен байланыс арқылы тақырыпты нақты мысалдармен ұштастыру.
Көрнекі құрал-жабдықтар
- Мәтіндер жазылған үлестірмелі карточкалар
- Электрондық тест тапсырмалары
- «Пирамида» тақырыбына арналған слайдтар
- Дербес компьютер
- Электрондық оқулық: «Геометрия — 10 сынып»
Сабақтың жүру барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі
Білім алушылармен сәлемдесу. Кезекшілер арқылы топты түгендеу.
II. Жаңа сабаққа кіріспе
«Қандай көпжақтарды білеміз?» деген сұрақ арқылы алдыңғы сабақта қарастырылған тетраэдр және параллелепипед ұғымдарын еске түсіреміз. Бүгінгі тақырып: көпжақтардың тағы бір түрі — пирамида, дұрыс пирамида және қиық пирамида, сондай-ақ пирамидалардың өмірмен байланысы.
III. Топтық жұмыс және мәтінмен жұмыс
Білім алушылар 3 топқа бөлінеді. Әр топқа үш тақырып бойынша дайындалған мәтін таратылады.
Бір айналым сөйлесу
Оқушылар мәтінмен танысып, әрқайсысы қысқаша ой бөліседі.
Сұрақ қоя білу
Әр топ мәтін бойынша сұрақ құрастырады. Келесі топтар жауапты мәтіннен тауып, дауыстап оқиды.
Автор орындығы
«Пирамидалардың өмірмен байланысы» тақырыбы бойынша бір білім алушы орындыққа отырып мәтінді оқиды, кейін сұрақтарға жауап беріп, топпен пікір алмасады.
IV. Ой қозғау
- Есептер шығару.
- Тест тапсырмаларын орындау.