Оқушылар тізімін тексеру

Мәлімет

Мектеп

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, №6 орта мектебі ММ

Пән мұғалімі

Нурманова Айгерім Мұхтаровна

Сабақ тақырыбы

Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер

Сабақ түрі

Жаңа сабақ

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктердің шығу жолымен таныстыру.
  • Бір тригонометриялық функцияның мәні арқылы қалған функциялардың мәнін табуға арналған есептер шығаруды үйрету.

Дамытушылық

  • Тік бұрышты үшбұрыштың сүйір бұрыштары үшін синус, косинус, тангенс және котангенс мәндерін анықтау дағдысын қалыптастыру.
  • Формулаларды есеп шығаруда тиімді қолдана білуге үйрету, пәнге қызығушылықты арттыру.

Тәрбиелік

  • Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
  • Шыншылдыққа, жауапкершілікке және еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер мен ресурстар

Интерактивті тақта Үлестірме қағаздар Тригонометриялық функциялардың таңбалар кестесі Тест тапсырмалары

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу.
  • Оқушылар тізімін тексеру.
  • Сабақтың мақсатын хабарлау.
  • Оқушыларды үш топқа бөлу және топ басшыларын сайлау.

Топтарға бөлу

I топ Синустар
II топ Косинустар
III топ Тангенстер

II. Өткен тақырыпты қайталау

Сұрақ 1

Әр координаталық ширектегі тригонометриялық функциялардың таңбаларын ата.

Сұрақ 2

Қай тригонометриялық функция жұп, ал қайсысы тақ?

III. Үй тапсырмасын тексеру

№291

  • а) − + − − = −
  • ә) + − + + = −

№292

а), в), г), б), д) — ауызша тексеріледі.

IV. «Кім жылдам?» ойыны

Әр топқа ширектерге бөлінген шеңбер беріледі. Сол материалға сүйене отырып, әр топ өз функцияларының таңбаларын анықтайды.

V. Жаңа сабақ

Тақырып: негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер.