Тың жерлерді игерудің пайдасын айт
Жоспар
Нормативтік негіз
- Білім стандарты
- Пән бағдарламасы
Ресурстар
- «Қазақстан тарихынан әңгімелер» (5-сынып) оқулығы
- Авторлар: Артықбаев Ж. О., Сабданбеков Ә. Ә., Әбіл Е. Н.
- Интернет материалдары
- Wiki материалдары
Жалпы мақсат және міндеттер
Жалпы мақсат
ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстандағы білім беру, ғылым және мәдениеттің дамуы мен ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру, мәдени құрылыс үдерісін жан-жақты ұғынуға жағдай жасау.
Міндеттер
-
1
Қазақстандағы білім беру мен мәдениеттің жалпы даму бағытын және ерекшеліктерін таныстыру.
-
2
Мәдени құрылыс үдерісін түсіндіру арқылы оның негізгі белгілерін анықтай білу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық әрекетті дамыту.
-
3
Топта бірлесіп жұмыс істеуге және өзара қолдауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
Білімдік нәтиже
Оқушылар Қазақстандағы мәдени құрылыс пен ғылымның дамуына тән басты ерекшеліктерді түсіндіреді.
Дағдылық нәтиже
Ой қорыту, талдау және дәлелді жауап беру дағдыларын дамытады; өз бетінше және бірлесіп жұмыс істей алады.
Негізгі идеялар
Ынтымақтастық
Топтық жұмыс арқылы оқушылар бір-бірін оқытады, өзара пікір алмасады және есте сақтау қабілетін нығайтады.
Жаңаша тәсілдер мен АКТ
Заманауи әдістер мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар пәнге қызығушылықты арттырып, оқу тиімділігін күшейтеді.
Сыни ойлау
Ашық сұрақтарға жауап беру барысында оқушылар дәлел келтіруге, салыстыруға және қорытынды жасауға үйренеді.
Сабақтың барысы (мұғалім және оқушы әрекеті)
I. Ұйымдастыру
4 минут- Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру, оқушылардың зейінін сабаққа аудару (2 минут).
- Топқа бөлу: партия атаулары арқылы 3 топқа бөлу (2 минут).
II. Үй тапсырмасын тексеру
әртүрлі формат2.1 Кесте толтыру
Тақырып: Тың және тыңайған жерлерді игеру нәтижесі
| Жағымды (пайдасы) | Жағымсыз (зияны) |
|---|---|
| Оқушы жауабы | Оқушы жауабы |
Бағалау
«Екі жұлдыз, бір тілек»
2.2 «Сарымай – бауырсақ» сұрақ-жауап
Ашық сұрақтар арқылы білімді пысықтау
- Тың және тыңайған жерлерді игерудегі басты мақсат қандай болды?
- Неліктен тың және тыңайған жерлерді игеру көбінесе Қазақстанда жүргізілді?
- Тың игерудің пайдасы неде?
- Тың игеру мал шаруашылығының дамуына неліктен кері әсер етті?
- Тың игерудің экологияға тигізген зардабы қандай болды?
- Тың игеру қазақ халқының ұлттық ерекшелігіне қандай зиян келтірді?
- Тың игерудің тарихи маңызы қандай?
Бағалау
«Бағдаршам»
III. Жаңа сабақ
қызығушылықты ояту3.1 «Тұлғаны таны»
Негізгі сұрақ: Қаныш Сәтбаев кім?
Мақсаты: оқушылардың алдын ала білімін белсендіру және тұлғаға қызығушылық қалыптастыру.
3.2 Топтық жұмыс: «Қара – жап – жаз – айт»
- Балалық шағы, өскен ортасы
- Ғылым жолындағы жаңалықтары
- Академик ретіндегі қызметі мен үлесі
Бағалау
«Екі жұлдыз, бір ұсыныс»
Тапсырмалар және жұмыс түрлері
Жұмыс форматтары
- Топтық жұмыс
- Жұптық жұмыс
- Жеке жұмыс
Бекіту (жеке тапсырма)
Кесте толтыру: «Қазақстандағы ғылым мен мәдениеттің дамуы. Қ. И. Сәтпаев»
Қосымша: тарих туралы түсінік және Қазақстан тарихының кезеңдері бойынша қысқа мерзімді жоспардың толық нұсқасын қарастыру (қажет жағдайда).
Бағалау тәсілдері
«Екі жұлдыз, бір тілек»
Күшті тұстарды атап, жақсартуға бір ұсыныс беру.
«Бағдаршам»
Түсіну деңгейін жедел бағалау (жасыл/сары/қызыл).
Кері байланыс
Ашық сұрақтар арқылы дәлелді жауапқа бағыттау.