Қоныс аударудың үшінші кезеңі

Оқытушы

Ахметова Лаура Қуандыққызы

Сабақтың тақырыбы

Қазақ халқының Ресейдің отарлық үстемдігіне қарсы ұлт-азаттық күрестері. Кіші жүз қазақтарының Сырым Датұлы басшылығымен болған көтерілісі (1783–1797 жж.).

Сабақтың құндылығы: зайырлы қоғам және жоғары руханият

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Оқушыларды 1783–1797 жылдардағы көтерілістің негізгі алғышарттары, себептері, мақсаты, барысы және жеңілу себептерімен таныстыру.
  • 1783–1787 жылдардағы Қазақстандағы саяси оқиғалардың дамуына Сырым Датұлының ықпалын ашып көрсету.

Тәрбиелік

  • Ұлт-азаттық қозғалыстың негізгі оқиғаларын меңгеру арқылы тарихи деректер мен фактілерге талдау жасауға үйрету.
  • Тарихи оқиғалар туралы өз бетінше пікір айту дағдысын қалыптастыру.

Дамытушылық

  • Ой қозғау арқылы оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту.
  • Алған білімін қажетті жағдайда тиімді қолдана білуге үйрету.

I. Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру

Ұйымдастыру (3 минут)

  • Сыныптың дайындығын тексеру, сабақтың жұмыс ырғағын қалыптастыру.
  • Психологиялық ахуал орнату.

Топқа бөлу және терминдермен жұмыс

Оқушылар әріптерді құрастыру арқылы 5 топқа бөлінеді. Әр топ өз атауына байланысты тарихи терминдердің мағынасын түсіндіреді. Топ атаулары ретінде төмендегі өзен атаулары қолданылады:

Жайық Еділ Жем Ойыл Сағыз

II. Өткен сабақты пысықтау

Тақырып: Ресей патшасының Қазақстанда жүргізген көші-қон саясаты. Мақсат — негізгі кезеңдерді, себеп-салдарлық байланыстарды және демографиялық өзгерістерді жүйелі түрде еске түсіру.

Жоспар

  1. Әскери-казактық отарлау.
  2. Қазақстанға Ресей шаруаларының қоныс аударуы және негізгі кезеңдері.
  3. Қоныс аударудың бірінші кезеңі.
  4. Қоныс аударудың екінші кезеңі. Қазақстан тұрғындарының ұлттық құрамындағы өзгерістер.
  5. Қоныс аударудың үшінші кезеңі.

Тірек ұғымдар мен мәселелер

  • Патшаның қоныстандыру саясатының кезеңдері.
  • 1861 жылы Ресейде басыбайлықтың жойылуы және оның Қазақстанға ықпалы.
  • Жетісуға ұйғырлар мен дұнғандардың қоныс аударуы.
  • Столыпиннің аграрлық реформасы және қоныстандырудың жаңа кезеңі.
  • Қазақтардың шұрайлы жерлерін тартып алу және қоныстандыру саясатының зардаптары.

Мұғалімнің қорытындылауы және ойтүрткі

Мұғалім үш негізгі мәселені нақтылап көрсетеді: біріншісі — патша өкіметінің көші-қон саясаты; екіншісі — Кеңес өкіметі тұсында осы саясаттың жалғасуы; үшіншісі — Қазақстанға орыс шаруаларының қоныс аударуы. Осыдан кейін оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға бағытталған сұрақтар мен тапсырмалар беріледі.