Әліппемен қоштасу
Кіріспе
Іс-шара туралы мәлімет
- Мектеп
- Атырау қаласы, №34 лингвистикалық мектеп-гимназиясы
- Мұғалім
- Бастауыш сынып мұғалімі Қорғанова Базаргүл Әндірқызы
- Тақырыбы
- «Әліппе әлемі — әріппен әдемі»
- Мақсаты
- Оқуға, жазуға баулыған алғашқы «Әліппемен» қоштастыру, баланың білім жолындағы алғашқы қадамын қадірлеу.
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Қадірлі қонақтар! Бүгін сіздер кеше ғана жүректері лүпілдеп, мектеп табалдырығын аттаған кішкентай бүлдіршіндеріміздің енді өздерін оқуға, жазуға үйреткен сүйікті де қымбатты Әліппесімен қоштасуға арналған ертеңгілігінің куәсі боласыздар.
Әліппе — алғашқы білім мен дағдыны меңгертетін сауат ашу оқулығы. Сауат ашу Қазақстанда сан ғасыр бойы араб әліпбиі арқылы жүргізілді. 1995 жылы бастауыш сыныптардың жаңа оқу бағдарламасына сәйкес сауат ашу кезеңі 1 жылдан 6 айға қысқартылып, жаңа «Әліппе» жарық көрді (авторлары: Ш. Әуелбаев, Ә. Наурызбаева, Р. Қзғұттынова, А. Құлажанова).
Бұл оқулықта балаларды халқымыздың дәстүрлі дүниетанымы мен әдет-ғұрпына баулу, отансүйгіштікке және адамгершілікке тәрбиелеу мақсаты көзделді. Оқушының басты міндеті — оқу. Білімін шыңдап, ізденіп еңбектенген бала ертең елін, жерін қорғайтын азамат болып өседі.
Тілек
Балаларыңыздың дендері сау болып, қанаттары талмай, білім нәрімен сусындап, биік шыңдардан көріне берсін. Жүздерінен күлкі кетпесін!
Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі оқып, жазатын халге жетті,
Құтты болсын мерекесі балалардың!
Құрметті ата-аналар! «Бала деген шіркін-ай балдай екен…» деп Кенен атамыз айтқандай, енді бүлдіршіндеріміздің бал тіліне кезек берейік.
Негізгі бөлім
Оқушылардың өлеңдері мен ағылшын тіліндегі жолдары
Ең алғаш алғанымда Әліппені,
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,
Ұстазым оның кілтін алып берді.
I can read, I can write,
I can speak English too.
I love learning English —
and what about you?
I like to read, I like to play,
I like to study every day.
I like to jump, I like to run —
I like to play, it’s fun.
I am a pupil, he is a pupil,
she is a pupil too.
You are our teacher —
we love you.
«Әліппе» сахнада: әріптердің мәні
Әліппеде тізілген 42 әріп бар. Әрқайсысын өз кезінде танып, мәнін түсіну — білімге бастар жолдың бастауы.
Әріптерге берілген ассоциациялар
- А — аналар, ардақты
- Ә — әкелер, салмақты
- Б — балалар, әдемі
- Д — достық, дарын, даналық
- Е — еңбек, ерлік, еліміз
- Ж — жолдас, жақсы жаңалық
- З — зейін, зеректік, зергерлік
- И — игілік, иба, инабат
- К — кітап, кәсіп
- М — мектеп, мақсат, мереке
Барлық әріп — бағалы,
Айттың әділ бағаны.
Әріпсіз сөз болмайды,
Буын онсыз толмайды.
Әліппем, менің әліппем,
Сені қолға алып мен,
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
Бар кітапқа бас болған
Әліппе — ғылым анасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
Не үйрендік?
Оқу
Ертегі мен әңгімені өз бетімен оқу, мәтін мазмұнын түсіну.
Жазу
Әріптен сөз, сөзден сөйлем құрау; сауатты жазуға дағдылану.
Тәрбиелік мән
Достық, еңбек, отансүйгіштік, әдеп пен жауапкершілік.
«Білім ағашы» тапсырмалары
- «Менің Отаным» кітабынан мәтін оқу
- Өлеңдер оқу
- «Кім кінәлі?» өлеңін сахналау
- «Шалқан» ертегісін сахналау
- «Кітапхана» мәтінін оқыту
- «Жарыс» мәтінін оқыту
- Алфавитті жатқа айту
Әліппемен қоштасу
Қоштасу өлеңдері
Қош бол, құтты Әліппем,
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.
Таныстырған 42 әріппен,
Қош бол, менің қасиетті Әліппем!
Сенің арқаң оқып, жаза білдім,
Сауатты адам санатына ендім.
Әліппе, жарты жылдай жолдас болдым,
Ана тілге әкеліп жалғастырдың.
Әр әріпті қостырып, сөзін құрап,
Хат танытқан алғашқы өзің болдың.
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға Ана тілін аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол —
Сауатты боп шықты, міне, балаңыз!
Ана тілі — ар мен ұяттың айнасы
Ана тілі: «Туған елдің тілімін, ақылы мен танымын. Түсіндірер бәріне — ана тілі пәнімін».
Өсиет
Ана тілің — арың бұл, ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте.
Ана тілім — ұраным,
Ана тілім — құралым.
Ана тілім болмаса,
Мықты болмас тұрағым.
Ана тілім — елдігім,
Ана тілім — ерлігім.
Ана тілім болмаса,
Бүтінделмес кемдігім.
Мейірі мол балаға,
Барлық, барлық анаға,
Басымызды иеміз —
Бабамыздың тілі деп.
Даламыздың үні деп,
Ана тілін сүйеміз.
Ана тілін білмеген — ақылы жоқ желікбас,
Ана тілін сүймеген — халқын сүйіп жарытпас.
Ақыл-ойын дананың ана тілден аламын,
Ана тілім ардақты — ақ сүтіндей анамның.
«Ана тілі тым оңай!» деп тыңдамай, терезеге қарап, теректерді санайды. Мұғалім сұрақ қояды: «Айтшы, тұрып сен енді анықтауыш дегенді». Күлдірген қысылып, жауап іздейді… Түйін: ана тілін білмесең, күнде өкінішке қаласың.
Қорытынды
Оқушылардың өзін-өзі таныстыруы
- Біз шеберміз.
- Мың бұралған бишіміз.
- Біз қызықпыз, сәл еркелеу бұзықпыз.
- Өнерліміз. Ақылдымыз.
- Үлкенге ізеттіміз, кішіге қамқоршымыз.
- Көп оқимыз, терең тоқимыз.
- Жанып тұрған шырақпыз, толқынды су бұлақпыз.
- Елімізді өркендететін, қазақ тілін көркемдететін ұрпақпыз.
Бір ауыздан айтылған түйін
Білім деген ғажаптың Әліппесін меңгерген —
Болашағы қазақтың басталады біздерден.
Әндер: «Сыңғырла қоңырау», «Әліппе», «Қазақстан»
Би: Қазақ биі, «Әдібай би» (түгел оқушылар)
Мұғалімнің қорытынды сөзі
Әліппемен қош айтысып қаламыз, енді қолға Ана тілін аламыз. Ата-ана қуанышқа ортақ бол — сауатты боп шықты, міне, балаңыз!