Математика 3 сыныпСабақ тақырыбы

Сабақ тақырыбы

Бір таңбалы санға қалдықпен бөлу

Оқу мақсаты

3.1.2.6 — бір таңбалы санға қалдықпен бөлуді орындау.

Алдыңғы білім

Есептер шығару дағдылары.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар

Бір таңбалы санға қалдықпен бөлуді орындайды.

Оқушылардың басым бөлігі

Көбейтудің қасиеттерін біледі және қолданады.

Кейбір оқушылар

Мәтін есептерді тиімді тәсілмен шығарады.

Бағалау критерийлері

  • 1 Көбейтудің қасиеттерін және есептеудің тиімді тәсілдерін қолданады.
  • 2 Бір таңбалы санға қалдықпен бөледі.

Есіңде болсын

Қалдық әрқашан бөлгіштен кіші болуы керек.

Құндылықтар мен байланыстар

Құндылықтарды дарыту

  • Еңбек және шығармашылық
  • Денсаулық — зор байлық

Пәнаралық байланыс және АКТ

  • Көркем еңбек
  • АКТ қолдану дағдылары

Сабақ барысы

Математика, 3-сынып

Басталуы

5 минут

№1. Есепті шығарыңдар

А) 18 моншақ, әр қорапқа 6-дан

Ш: 18 : 6 = 3

Ж: 3 қорап қажет.

Ә) 18 моншақ, әр қорапқа 4-тен

Ш: 18 : 4 = 4 (2 қалдық)

Ж: 4 қорап қажет, 2 моншақ артық қалады.

Тексеру ережесі

Бөліндіні бөлгішке көбейтіп, қалдықты қосамыз: 4 × 4 + 2 = 18.

Демек, есеп дұрыс шығарылды.

Дескриптор

  • Есептің шартын құрып, мәнін табады.
  • Қалдықпен шыққан нәтижені тексереді.

Ортасы

26 минут

№2. Суретін салып, есептерді шығар

А) 10 жаңғақ : 2 бала

Ш: 10 : 2 = 5 (жаңғақ)

Ж: Әр балаға 5 жаңғақтан тиеді.

Ә) 10 жаңғақ : 3 бала

Ш: 10 : 3 = 3 (1 қалдық)

Ж: Әр балаға 3 жаңғақтан тиеді, 1 жаңғақ қалады.

Тексеру

3 × 3 + 1 = 10

Б) 10 жаңғақ : 4 бала

Ш: 10 : 4 = 2 (2 қалдық)

Ж: Әр балаға 2 жаңғақтан тиеді, 2 жаңғақ қалады.

Тексеру

2 × 4 + 2 = 10

№3. Кестемен жұмыс

Дәптеріңе кестені сызып, берілген тапсырмалар бойынша оны толтыр.

Мектеп

№8 ОМ

Мұғалімнің аты-жөні

Елеусизова Береке

Қажет болса, тақырып бойынша қосымша материалды пайдаланыңыз: «Бір таңбалы санға қалдықпен бөлу» (жүктеу).