Таза бұлақ
Байқоңыр қаласы • №274 орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі: Турабаева Мереке Жалғаспайқызы
Сабақ тақырыбы
«Таза бұлақ» — Ы. Алтынсарин
Сабақтың мақсаты
Әңгіменің мазмұнын баяндау арқылы оқушылар мәтіннің идеясын түсінеді, негізгі ойды анықтайды және автордың мақсатын пайымдайды.
Күтілетін нәтиже
- Мәтін мазмұнын түсінеді, негізгі ойын анықтайды.
- Топпен бірлесе жұмыс істейді, бір-бірінің пікірін тыңдай алады.
- Адамның ішкі жан дүниесі бұлақтай таза болуы керектігін түсінеді.
Негізгі идеялар
- Оқушының өмірлік тәжірибесіне, білетініне сүйену.
- Жаңа теориялық ақпарат арқылы жаңа ойлау дағдыларын қалыптастыру.
- Тапсырмаларды орындауға ынталандырып, шығармашылыққа бағыттау.
Көрнекіліктер
Интербелсенді тақта, маркер, А3 қағаз, қима қағаздар, желім, оқулық, смайликтер, «бағдаршам» тәсілі.
Сабақ типі
Жаңа білімді меңгерту.
Пәнаралық байланыс
Музыка, дүниетану.
Әдіс-тәсілдер
Сабақ барысы
- 1. Ұйымдастыру кезеңі
- 2. Үй тапсырмасын сұрау
- 3. Үй тапсырмасын бекіту
- 4. Жаңа сабақ
- 5. Жаңа сабақты бекіту
- 6. Қорытынды
- 7. Бағалау
- 8. Үйге тапсырма
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аударып, психологиялық дайындық жүргізіледі. Өлең хормен айтылады:
Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса.
Оқушылар орындарына жайғасып, сабаққа назар аударады.
II. Үй тапсырмасын сұрау
Үй тапсырмасы
Ш. Құдайбердиевтің «Жаз келер» өлеңін оқып, мазмұнын айту.
- 1-топ: «Көңілді көктем» тақырыбында эссе жазу.
- 2-топ: Көктем мезгіліне байланысты сурет салу.
- 3-топ: Көктем туралы 1 шумақ өлең құрастыру.
Талқылауға арналған сұрақтар
- «Жаз келер» өлеңіне ұқсас Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер?
- Көктемде қандай мерекелерді тойлаймыз?
- Көктемгі табиғат құбылыстарын атаңдар.
- Жаз мезгілінің ерекшелігі қандай? (Күн ыстық болады, жазғы демалысқа шығамыз.)
III. Өткенді пысықтау
Сөзжұмбақты дұрыс шешсек, бүгінгі сабақтың түйінді сөзі шығады.
1. Қазақтың ұлы ақыны
Абай
2. Абайдың анасының аты
Ұлжан
3. Мұхтардың әжесінің аты
Дінәсіл
4. Қаныш Сәтбаев кім?
Ғалым
5. Еңбекқор жәндік
Құмырсқа
IV. Жаңа сабақ
Бүгін біз Ы. Алтынсариннің «Таза бұлақ» әңгімесімен танысамыз. Дәптерге күннің ретін және тақырыпты жазамыз.
Ой қозғау
- Ы. Алтынсарин кім?
- Қандай өлеңдері мен әңгімелерін білеміз?
- Бұлақ дегеніміз не?
Топтық тапсырмалар
- 1-топ: Судың пайдасы.
- 2-топ: Судың зияны (сақтық ережелері).
- 3-топ: Су туралы нақыл сөздер және тыйым сөздер.
Бұлақ туралы қысқаша мәлімет
Бұлақ — жер бетіне шығып жатқан табиғи жер асты суы. Бұлақтың негізгі түрлері:
- Ыстық бұлақ: санаторийлерде емдік мақсатта пайдаланылады.
- Ащы бұлақ: тұз өндіруге қолданылады.
- Тұщы бұлақ: ауыз су ретінде пайдаланылады.
Ыстық бұлақтар Италияда, Камчаткада және Исландияда жиі кездеседі.
V. Жаңа сабақты бекіту
Мағынаны тану
«Таза бұлақ» әңгімесінің мазмұнын түсіну үшін оқулықпен жұмыс жүргізіледі: мәтін іштей оқылады, жұппен және топпен талқыланады.
Мағынасы қиын сөз
Ғибрат алу — үлгі алу.
Мәтінді бөліктерге бөлу
1-топ: Басы — «…дейді бірінші жолаушы» сөйлеміне дейін (қоса алынады).
Мәтінді бөліктерге бөлу
2-топ: «Сонда екінші жолаушы басын шайқап…» — «…ақыл ұғуға болады» сөйлеміне дейін.
Мәтінді бөліктерге бөлу
3-топ: «Жолаушының үшінші көркем жас жігіт…» — соңына дейін.
Мазмұндау сұрақтары (3 топқа)
- 1-топ: Әңгіме неден басталады?
- 2-топ: Әрі қарай не болды?
- 3-топ: Әңгіме немен аяқталды?
Дәптермен жұмыс
«Ей, жолаушы, болсаң, осы таза бұлақтай бол!»
Сұрақ-жауап: «Бинго» ойыны
1-топ сұрақтары
- Бұлақ басында неше жолаушы кездесті?
- Бұлақтың қасында не бар?
- Суы қандай?
- Бұлақтың қасына не қойылған?
- Тасқа не жазылған?
- Үш жолаушы не істеді?
- Неге көздері түсті?
2-топ сұрақтары
- Бұлақ қандай жерлерге барады?
- Бұлақтар қосылып не болады?
- Қай уақытта мұратыңа жетесің?
- «Адал қызмет қыл, жалқауланып тоқтап қалма» — кімнің сөзі?
- Ыстықтағанда бұлақтың қандай пайдасы бар?
- Не үшін ақы дәметпейді?
- Әңгіме неліктен «Таза бұлақ» деп аталған?
3-топ сұрақтары
- «Біреуге жақсылық етсең, міндет етпе» — кімнің сөзі?
- Үшінші жолаушы қандай жігіт еді?
- Бұлақтың суы бір орында тұрса, оған кім ынтық болар еді?
- Не үшін адам бұлаққа ынтық?
- Бұлаққа ненің сәулесі түсіп тұрады?
- «Көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта» — кімнің сөзі?
- «Таза бұлақ» әңгімесінің авторы кім?
Шығармашылық жұмыс: постер қорғау
1-топ
Адам бойындағы жақсы қасиеттерді топтастыру (кластер).
2-топ
«Бұлақ» сөзін қатыстырып 5 жол өлең құрастыру:
- Зат есім
- 2 сын есім
- 3 етістік
- 4 сөзден тұратын сөйлем
- Синоним
3-топ
«Әңгіме кестесін» толтыру:
- Әңгіменің аты
- Автор
- Кейіпкерлер
- Негізгі ой
- Немен аяқталды?
- Не берді, не үйретті?
VI. Қорытынды
Сабақ барысында «Таза бұлақ» әңгімесін оқып, мазмұндап, сұрақтарға жауап бердік және топтық жұмыстар орындадық. Енді әңгіменің тәрбиелік мәнін жинақтаймыз: ол адамды адалдыққа, тазалыққа, жақсылықты риясыз жасауға үндейді.
Талқылау сұрақтары
- Үш жолаушы қандай бұлаққа кез болды?
- Олар нені байқап қалды?
- Бірінші жігіт тастағы жазуды қалай түсіндірді?
- Екінші жігіт өз ойын қалай жеткізді?
- Үшінші жігіт қандай ойға тоқталды?
- Тастағы жазуға және үш жолаушының пікіріне сенің көзқарасың қандай?
Кері байланыс
Сабақ түсінікті әрі қызықты болса — көңілді смайликке, түсініксіз болса — көңілсіз смайликке стикер жапсырылады.
VII. Үйге тапсырма
Барлығына
«Таза бұлақ» әңгімесінің мазмұнын айту.
Шығармашылық тапсырма (топ бойынша)
- 1-топ: «Су — тіршілік көзі» тақырыбында шығарма.
- 2-топ: «Сусыз тіршілік жоқ» тақырыбында сурет.
- 3-топ: Адамгершілік қасиеттерге қатысты мақал-мәтелдер жазу.
Еске салу
Жұмыстарды ұқыпты орындап, келесі сабақта талқылауға дайын келу.
VIII. Бағалау
Бағалау сабақтағы белсенділікке, мәтінді түсіну деңгейіне, жауаптардың дәлдігіне және топтық жұмысқа қатысуына қарай жүргізіледі.