Географиялық жылдам жауап

«Алға, Қазақстан!» білім бәйгесі

Бұл білім бәйгесінің мақсаты — оқушылардың ой-өрісін дамыту, отаншылдыққа, елжандылыққа, патриотизмге тәрбиелеу және келешекте білімді, жауапты азамат болып қалыптасуына ықпал ету.

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Тәуелсіздік — еліміздің өз алдына шаңырақ көтеріп, ешбір елге немесе мемлекетке тәуелді болмай, дербес Қазақстан Республикасы болып құрылуын білдіретін ұғым.

Тәуелсіздік — теңдік, бостандық, еркіндік. Бұл — адамзат баласының мыңдаған жылдар бойы аңсаған арманы.

Бүгінгі таңда Қазақстан — тәуелсіз республика. Егемен мемлекеттерге тән рәміздері бар: Елтаңба, Ту, Әнұран және ұлттық валютасы — теңге.

Білім — елді алға бастайтын күш

Ертеңгі күннің нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға бастайтын күш — білім. Сондықтан:

«Білекке сенер заманда — ешкімге есе бермедік,
Білімге сенер заманда — қапыда қалып жүрмейік».

Ендеше, «Алға, Қазақстан!» атты білім бәйгесін бастайық.

Сайыс жоспары

1) Әділқазылар алқасымен таныстыру

Әділқазылар алқасының құрамы таныстырылады, бағалау тәртібі түсіндіріледі.

2) Таныстыру

Екі топ мүшелері өздерін таныстырады. Топтың эмблемасы табиғат тақырыбымен байланысты болуы керек.

3) «Бәйге»: жылдам географиялық жауап

«Білгенге — маржан, білмеске — арзан». Қатысушылар қысқа уақыт ішінде нақты жауап береді.

Ең...

  1. Ең үлкен арал?
  2. Ең терең көл?
  3. Ең кіші материк?
  4. Ең кішкентай мұхит?
  5. Ең суы мол өзен?
  6. Ең кішкентай құс?
  7. Ең үлкен құс?
  8. Ең ұзын таулар?
  9. Ең ірі құрлықтағы сүтқоректі?
  10. Ең үлкен шөл?

Ең...

  1. Ең үлкен түбек?
  2. Ең үлкен көл?
  3. Ең үлкен материк?
  4. Ең терең мұхит?
  5. Ең ұзын өзен?
  6. Ең суыққа төзімді құс?
  7. Ең биік жануар?
  8. Ең биік таулар?
  9. Ең ірі су сүтқоректі?
  10. Ең үлкен бұғаз?

«Бұл не?» (ұғымды/нысанды анықтау)

Төмендегі атаулар бойынша қатысушылар оның не екенін (географиялық нысан, құбылыс, қала, ағыс, т.б.) айтады.

  • 1.Конго
  • 2.Сахалин
  • 3.Дели
  • 4.Памир
  • 5.Пиай
  • 6.Гейзер
  • 7.Христофор Колумб
  • 8.Игольный
  • 9.Гоби
  • 10.Секвоя
  • 1.Цунами
  • 2.Бриз
  • 3.Гольфстрим
  • 4.Токио
  • 5.Мозамбик
  • 6.Танганика
  • 7.Гибралтар
  • 8.Фернан Магеллан
  • 9.Пассаттар
  • 10.Баобаб

4) Үй тапсырмасы

Табиғат тақырыбына байланысты макет әзірлеу және оны қорғау.

5) «Дода»: екі топқа ортақ сұрақтар

Екі топқа бірдей сұрақтар қойылады. Жылдам әрі дұрыс жауап берген топ ұпай жинайды.

  1. Қазақстан қай дүние бөлігінде орналасқан?
  2. Махмұд Қашқаридің еңбектері қандай?
  3. Қарақия ойысы қайда орналасқан?
  4. Мұхаммед Хайдар Дулатидің еңбектері қандай?
  5. Қазақстан қай жылы БҰҰ мүшелігіне қабылданды?
  6. Эраларды ретімен атаңдар.
  7. Қазақстанда экологиялық бағыттың дамуына жол ашқан кім?
  8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары кімдер?
  9. Қазақстанның климаты қандай?
  10. Қазақстанға әсер ететін ауа массалары қандай?

6) «Көкпар»: карта-тапсырма

Бір бет қағазға материктердің картасын сызу: Африка және Аустралия.

7) Музыкалық сәлем

Топтардың шығармашылық нөмірі ұсынылады.

8) «Қыз қуу»: картадағы сұрақ

Әр топтан бір ұл және бір қыз шығып, карта бойынша сұрақтар қояды және жауап береді.

9) «Теңге алу»: қимылмен түсіндіру

Бір топ мүшесі суретке қарап, қимыл арқылы түсіндіреді. Қалғандары жылдам жауап береді (мысалы: кенгуру, піл).

10) «Аударыспақ»: білім сайысы

Ешкім заңнан жоғары тұрмайды. Мемлекет Қазақстан халқының барлық тілдерін қолдану аясын сақтауға кепілдік береді және оларды үйреніп, дамыту үшін жағдай жасайды.

Ендеше, сайыскерлерімізді «Аударыспақ» кезеңінде сынап көрейік.

  1. Абылай ханның шөбересі, Уәли ханның немересі, Шыңғыстың баласы — ол кім?
  2. В каком году вышла национальная валюта Казахстана?
  3. Қорғалжын қорығында ұя салатын құс?
  4. Фамилия известного тюрколога, чьим именем назван Евразийский Университет в Астане?

Қорытынды

Әділқазылар алқасына сөз беріледі. Жеңімпаздар марапатталады.