Толықтауыш сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі

Сабақ туралы мәлімет

Атырау қаласы, Жаңаталап селосы, Жамбыл атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Умарова Айнур Камиевна.

Сабақтың тақырыбы
Толықтауыштың жасалу жолдары
Сабақтың түрі
Жаңа сабақты игерту
Сабақтың әдістері
Топпен жұмыс, сұрақ-жауап, тіл дамыту
Көрнекіліктер
Плакат, кеспе қағаздар, қосымша материалдар
Пәнаралық байланыс
Әдебиет, орыс тілі

Сабақтың мақсаты

Білімдік

Толықтауыш туралы білім деңгейін көтеру және тереңдету.

Дамытушылық

Түрлі әдістер арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, өзіндік шығармашылыққа баулу.

Тәрбиелік

Ұжымшылдыққа және нақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
  • Оқу құралдарын тексеру, сынып тазалығына көңіл бөлу.
  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
  • Оқушыларды 3 топқа бөлу.

Үй тапсырмасын пысықтау

Дәйексөз

Біле бер, қанша білсең, тағы тіле,
Жетерсің мақсатыңа біле-біле.

Ж. Баласағұн
Еске түсірейік Топтық сұрақ-жауап

І топ

4 сұрақ
  1. Тұрлаулы мүшелер дегеніміз не?
  2. Тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не?
  3. Толықтауыш қандай мүше?
  4. Толықтауыш дегеніміз не?

ІІ топ

4 сұрақ
  1. Тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не?
  2. Баяндауыш қандай мүше? Ережесін айтыңдар.
  3. Өзім сөзден тұрамын, тиянақты ойды құрамын. (…)
  4. Толықтауыш қай септіктерде тұрады?

ІІІ топ

4 сұрақ
  1. Толықтауыш дегеніміз не?
  2. Толықтауыштар құрамына қарай нешеге бөлінеді?
  3. Толықтауыш қандай мүше?
  4. Толықтауыш қандай сұрақтарға жауап береді?

Жаңа сабақты түсіндіру

Алдымен сабақтың мақсатымен таныстырамын. Толықтауыш — тұрлаусыз мүшелердің бірі. Ол көбінесе баяндауышпен байланысады.

Үйірлі мүшеден болған толықтауышты үйірлі толықтауыш дейміз.

Мысал

Көкірегі сезімді, көңілі ойлыға (кімге?)
Бәрі де анық тұрмай ма ойлағанда?

Мысал

Жасау дегеннен (неден?) көз тұнады.

Тірек сызбалар арқылы толықтауыштың жасалу жолдарын түсіндіремін.

Жаттығулар және тапсырмалар

45-жаттығу
Жеке/жұптық жұмыс

әке, ақылды, төрт, ол, оқыған, оқу сөздерін атау және ілік септіктерінен басқа септіктерге қойып, толықтауыш қызметінде қолданып сөйлемдер құраңдар.

Тақтамен жұмыс
Талдау

Берілген сөйлемдерден толықтауыштарды табыңдар:

  1. Еріншектік — күллі өмірдің дұшпаны. (Абай)
  2. Абай сөздері — қазаққа зор бақ. (А. Байтұрсынұлы)
  3. Тәрбиелі — тәртіптің құлы, тәртіпті — елдің ұлы. (Б. Момышұлы)
Синтаксистік және морфологиялық талдау
Кеңейтілген жұмыс

Тақтадағы бірнеше сөйлемге синтаксистік және морфологиялық талдау жүргізіледі.

Интербелсенді тақтамен жұмыс
Толықтыру

Көп нүктенің орнына толықтауыштарды қойып, олардың қай сөз табынан болғанын анықтаңдар:

  1. … ойлағаны — айт пен той.
  2. Білім — … жібермейтін қазығы, білімсіз бақ — әлдекімнің азығы.
  3. Бата … — салтымыз, жақсы оқу — антымыз.
  4. Жұмысқа тағы … аламыз.
  5. … татқан білер.
Өз бетінше жұмыс: «Кім жылдам?»
Постер қорғау

Берілген парақшаларды дұрыс орналастырып, толықтауыштарды ережесіне қарай топтастырыңдар. Оқушылар толықтауыштарды ережеге сай топтастырып, постер арқылы қорғайды.

Білімді бекіту

Өтілген тақырып бойынша бірнеше сұрақ қойылады. Әр топ сұрақтарға жылдам жауап береді.

Тест: «Иә» немесе «Жоқ»
Жылдам тексеру

І топ

  1. Толықтауыш сөйлем мүшесі бола ма?
  2. Толықтауыш «кім? не?» сұрақтарына жауап береді.
  3. Толықтауыш — сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі.
  4. Толықтауыш «қандай? қай?» сұрақтарына жауап береді.

ІІ топ

  1. «Кімді? Нені?» — тура толықтауыш.
  2. «Биылғы күз салқын.» — құрмалас сөйлем.
  3. Сөйлем мүшелері дара, күрделі, үйірлі болады.
  4. Бастауыш тұйық етістіктен, баяндауыш зат есімнен болса, арасына сызықша қойылады.
  5. Толықтауыш — тұрлаулы мүше.