Қош келдің, Наурыз - гүл көктем
Армысың, Әз Наурыз!
Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келеді. Әр адам келер жылдан үміт күтіп, оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады. Наурыз — береке мен бірліктің, жаңару мен мейірімнің мерекесі.
Қош келдіңіздер, құрметті ата-аналар!
Жүздеріңізден мейірім мен нұр тамсын. Алдарыңызда жауқазындай құлпырған балғын шақ — бақытты балалар!
Мерекелік арнау
Әнім де саған, биім де,
Құт қонақ — өзің үйімде.
Қуаныш сыйлап еліме,
Күлімде, Наурыз, күлімде!
Өнерлі, өршіл өренді халық әрдайым жоғары бағалайды. Мың бұралған бишіге енді кезек келеді.
Би: «Қазақтың қыздары»
Наурыз туралы қысқаша түсінік
Балалар, далада жылдың қай мезгілі? Қандай ай? Наурыз — жылдың әрі көктемнің бірінші айы.
Наурызда күн мен түн теңеседі, жаңа жыл келеді. Наурызнама — шат-шадыманды ойын-сауық пен думанға толы той.
Хормен
Қош келдің, Наурыз — гүл көктем!
Салт пен сыйластыққа үндеген шақыру
Наурыз тойын жұп жазбай,
Қошеметпен қарсы алып,
Досқа құшақ ашайық,
Өлең-жырға басайық.
Қазақтың бір салты деп,
Тойға шашу шашайық!
Осы сәтте ортаға Жиеналина Армангүлді «Наурыз — біздің жаңа жыл» әнімен шақырамыз.
«Наурыз — біздің жаңа жыл»Балалардың ой-түйіндері
Ақгүл
Наурыз — көктем мерекесі. Наурыз — жыл басы. Наурыз — жаңа серпін, жаңа леп.
Гүлнұр
Наурыз — қуаныш мерекесі, бақыт пен шаттықтың мерекесі.
Абылай
Наурыз — шаруаның мерекесі. Наурыз — еңбектің мерекесі.
Ақ тілек
Наурыз әр шаңыраққа тыныштық, ырыс-береке, татулық пен қуаныш әкелсін. Көктемнің нұры көңілдеріңізді жаңартып, жаңа жылдың бастауы жақсылыққа толы болсын!