Ауаның қасиеттері

Мектепішілік семинар: «Сындарлы оқыту – заман талабы»

Деңгейлік курсты аяқтап келген ұстаздардың ұйымдастыруымен мектепішілік семинар аясында конференция, коучингтер, ашық сабақтар және дөңгелек үстелдер өткізілді. Тәлім алушылар арасында өткен «Үздік тәлім алушы» байқауына қатысып, «Жаңашыл ұстаз» номинациясымен марапатталдым.

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ тақырыбы
Су. Судың қасиеті
Оқу мақсаттары
Әртүрлі тәжірибелер нәтижесінде судың негізгі қасиеттерімен және оның шаруашылықтағы маңызымен таныстыру; судың қасиеті туралы ғылыми түсінік қалыптастыру.
Сабақ мақсаттары
  1. Судың тіршіліктің көзі екенін ұғындыру; тәжірибелер арқылы судың қасиеттерін анықтау; су туралы мақал-мәтелдер мен тыйым сөздерді үйрету.
  2. Оқушылардың су туралы білімін кеңейту; пәнге қызығушылығын арттыру үшін заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану; шығармашылыққа баулу.
  3. Сарамандық (тәжірибелік) жұмыс орындаудың алғышарттарын меңгерту.

Күтілетін нәтижелер және бағалау

Барлық оқушылар

  • Оқи алады.
  • Өлі және тірі табиғатты ажырата алады.

Көптеген оқушылар

  • Сұрақтарға толық жауап бере алады.

Кейбір оқушылар

  • Логикалық сұрақтарға жауап береді.
  • Шығармашылық жұмыс орындай алады.

Тілдік мақсат

Табиғат туралы әңгімелеу, диалогқа қатыстыру.

Құндылықтарды дарыту

Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық және экономикалық тәрбие беру; табиғатқа сүйіспеншілікті арттыру және оны қорғауға баулу.

Пәнаралық байланыстар

Әдебиеттік оқу, математика.

АКТ және әдіс-тәсілдер

Сын тұрғысынан ойлау, жас ерекшелігін ескере оқыту, диалогтік оқыту.

Бастапқы білім: «Ауа. Ауаның қасиеті» (Интервью стратегиясы)

Үй тапсырмасы негізінде бос орындарды толтыру:

  1. Жердің айналасын ________ қоршап тұр.
  2. Адам ауасыз ________ ғана өмір сүре алады.
  3. Ауаның қасиеттері: ________.
  4. Өсімдік ауадан көмірқышқыл газын сіңіріп, ________ бөледі.
  5. Зауыттар, фабрикалар, көліктер ________ ластайды.

Сабақтың барысы

Сабақтың басы

Психологиялық ахуал

Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

Сұрақ: «Балалар, қазір қандай сабақ?»

Топқа бөлу

«Жыл мезгілдері» әдісі арқылы.

Жаңа тақырыпқа кіріспе: «Ой қозғау»

  • «Дүниетану сабағында нені үйренеміз?» — айнала қоршаған табиғат, су, жан-жануарлар.
  • «Табиғат туралы не білеміз?» — табиғат өлі және тірі болып екіге бөлінеді.
  • «Адамға өмір сүру үшін не қажет?» — ауа, су, азық, киім, баспана.
  • «Бұл қажеттіліктерді адам қайдан алады?» — табиғаттан алады.

Жұмбақтар арқылы тақырыпты ашу

  • Бір жылан жол салыпты әрбір сайға,
    Сай түгіл жол салыпты әрбір жайға.
    Жауабы: Су
  • Тырс-тырс етеді,
    Жерге сіңіп кетеді.
    Жауабы: Жаңбыр
  • Қолы жоқ сурет салады,
    Тісі жоқ тістеп алады.
    Жауабы: Аяз

Сабақтың ортасы

Жаңа сабақ

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады. «Су. Судың қасиеті» бойынша түсінік беріледі.

1-слайд: «Табиғаттағы судың айналымы».

1-тәжірибе: Судың түсі қандай?

Бір шыны ыдысқа сүт, екіншісіне су құйып салыстыр. Сүт — ақ, ал су — түссіз. Таза судың аз мөлшері түссіз болады, ал өзен-көл сулары әртүрлі реңкке ие болуы мүмкін.

2-тәжірибе: Судың мөлдірлігі қандай?

Екі стақанға сүт пен су құйып, ішіне қасық сал. Қайсысында қасық анық көрінеді? Неліктен? Суды иіскеп, дәмін татып көр.

Қорытынды

Су түссіз, мөлдір, иіссіз, дәмсіз.

3-тәжірибе: Судың пішіні бола ма?

Суды кесе, шыны ыдыс, стақан сияқты әртүрлі ыдыстарға құйып бақыла. Су қай пішінді алады? Қорытынды: судың тұрақты пішіні болмайды, ол құйылған ыдыстың пішінін қабылдайды.

4-тәжірибе: Суда еріген заттар бар ма?

Таза суды шыны бетіне тамызып, астынан майшаммен қыздыр. Су буға айналып ұшады, ал шыны бетінде ақшыл дақ қалады. Бұл — суда еріген заттардың ізі. Әсіресе еріген заттар ащы (тұзды) суда көбірек болады.

«Кім көп біледі?» ойыны: мақал-мәтелдер мен тыйым сөздер

Оқушылар мақал-мәтелдер мен тыйым сөздердің түсіп қалған бөліктерін тауып толықтырады.

1-топ

  1. _____ да сұрауы бар.
  2. _____ жер — нулы жер.
  3. Сағадағы _____ ішеді, жағадағы у ішеді.

2-топ

  1. _____ — тіршіліктің көзі.
  2. _____ — тіршілік мекені.
  3. _____ жүрген жер береке, ел жүрген жер мереке.

3-топ

  1. _____ түкірме.
  2. _____ көрсең, көзін аш.
  3. _____ — өмір жоқ.

4-топ

  1. Кірдің _____ басуға болмайды.
  2. Түнде _____ барма.
  3. _____ — өмір тұзсыз аспанмен тең.

Шығармашылық жұмыс (топтық тапсырмалар)

1-топ: Қазақстанның көлдері мен өзендері

Балқаш, Алакөл, Зайсан, Теңіз көлі, Сасықкөл, Ертіс, Есіл, Жайық, Сырдария, Шу.

2-топ: Су туралы нақыл сөздер

  • Терең су жай ағады, ақылды адам тыныш өмір сүреді.
  • Үй сатып алсаң — көршіңе қара, жер сатып алсаң — суына қара.
  • Су нәзік әрі жұмсақ болса да, тауды қопарып жіберер күші бар.

3-топ: Су туралы тыйым сөздер

  • Суға түкірме.
  • Беті ашық қалған суды ішпе.
  • Түнде суға барма.
  • Суды ысырап қылма.
  • Қолыңды жуған соң сілкіме.

4-топ: Су туралы жұмбақтар

  1. Жылт-жылт етеді, жылғадан өтеді. (су)
  2. Өзі судан жаралған, бірақ судан қорқады. (мұз)
  3. Көзге көрінгенмен, ұстасаң қолға ілінбейді. (бу)

«Қадам бас» әдісі: бекіту сұрақтары

  1. Судың неше күйі бар?
  2. Судың қасиеттерін ата.
  3. Адам сусыз неше күнге шыдай алады?
  4. Жер бетінің неше бөлігін су алып жатыр?