Менің көңіл күйім

Білім беру саласы

Коммуникация

Əлеумет Бөлімі: Драма

Тақырыбы

«Ақылды лақ» (қуыршақ театры)

Мақсаты

  • Əртүрлі дауыс күшін қолдана отырып кейіпкер бейнесін бере білу.
  • Өз əрекетін серіктесінің əрекетімен үйлестіріп, түрлі ырғақта қозғалуды қалыптастыру.
  • Кейіпкер ерекшелігін жеткізу үшін мəнерлілік құралдарын қолдану.
  • Тапқырлыққа және шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Алдын ала жұмыс

  • «Ақылды лақ» ертегісін оқу.
  • Театрға қажетті материалдарды жинақтау.
  • Үй жануарлары туралы өлең оқу.

Көрнекі құралдар

  • Ерден атай, Айару (ойыншықтар).
  • Қуыршақ театры.
  • Талдан жасалған қора.
  • Қуыршақ (кішкентай лақ).
  • Əліппе-дәптер.

Сөздік және билингвальді жұмыс

Сөздік жұмыс

тоқты бұлақ лақ бәйтерек

Билингвальді компонент

лақ
козлёнок
ертегі
сказка
бұзау
телёнок

ҰОҚ кезеңдері

Төмендегі құрылым оқу қызметін жүйелі ұйымдастыруға көмектеседі: педагогтің әрекеті мен балалардың жауаптары нақты кезеңдер бойынша беріледі.

1) Мотивациялық-қозғаушылық

Жылы қарым-қатынас • Көңіл күй

Педагогтің басқару іс-әрекеті

— Сәлеметсіңдер ме, балалар! Қандай керемет таң!

— Бір-бірімізді көңілді әрі қуанышпен құттықтау үшін шаттық шеңберіне шақырамын. Біздің шеңберімізге әрқашан нағыз, шынайы достар жиналады.

Шаттық шеңбері (өлең)

Қайырымды жандар айнала,

Шеңберге келсін жайлана.

Жалықпастан қайта біз,

Жақсылық сөзін айтамыз.

Сүйеміз барлық әлемді,

Әлемдегі бар елді.

Бақыттымыз осы біз,

Қасымызда досымыз!

— Сәлеметсіңдер ме, достарым!

Балалардың іс-әрекеті

  • Қуанышты көңіл күйін білдіреді.
  • Шеңберге тұрып, қолдарын созады.

2) Ұйымдастырушылық-ізденістік

Театр • Тапсырмалар • Рөлдік ойын

Кіріспе: «Ең үздік актёрлер театры»

Педагог

Балалар, сендер естідіңдер ме: балабақшада «Ең үздік актёрлер театры» ашылды.

Ерден атай сендерді сол театрға шақырып келіпті. Бұл байқауда театр қойылымдарына қатысуға мүмкіндік бар.

Әркім өзін режиссёр, актёр, сценарийші рөлінде байқап көреді.

Ендеше, бүгінгі сайыскерлеріміз бұл өнерді қаншалықты көрсете алады екен?

Театрда өнер көрсету үшін алдымен дайындалып алайық. Айарудың тапсырмаларын орындаймыз.

Балалар

  • Театрды көруге қызығушылық танытады.
  • Тапсырмаларға белсенді қатысуға дайындалады.

Айарудың тапсырмасы №1: Қуыршақты кім қимылға келтіреді?

Суреттерге қарап, театрда қуыршақтарды кім қимылға келтіретінін анықтаймыз.

Қуыршақтарды қимылға келтіретін адамдарды қуыршақ ойнатушы деп атайды. Қуыршақ ойнатушы қуыршақты перденің сыртында тұрып басқарады, сондықтан көрермен оны көрмейді.

  • Қуыршақ отыра алады, жата алады, екі жаққа еңкейеді.
  • Қол шапалақтайды, жылдам және баяу жүре алады.
  • Екі қуыршақ кездескенде біреуі сөйлесе, тыңдап тұрған қуыршақ қозғалмай тұрады — сонда көрермен сөйлеп тұрған кейіпкерді аңғарады.

Ойын: «Зейінді тыңда»

Жаттығу 1

Педагог «1, 2, 3» деген кезде балалар бір уақытта аяқтарын тарсылдатады.

Жаттығу 2

Педагог қарындашпен үстелді бірнеше рет соғады, ал балалар естіген дыбысты санап, сонша рет қол шапалақтап қайталайды.

Ойын: «Менің көңіл күйім»

Балалар, көңіл күйлерің қандай? Жақсы көңіл күйді қимылмен көрсетейік:

  • Көңілді болғанда не істейміз?
  • Ренжігенде ше?
  • Қорыққанда?
  • Қуанғанда?
  • Таңғалғанда?

Балалар ым-ишара арқылы түрлі көңіл күйді бейнелейді.

Ертегіні еске түсіру: «Ақылды лақ»

Сұрақтар

  • Ел көшкенде қандай төлдер қалып қойды?
  • Ертегідегі лақ қандай?

Сөздік бекіту

Терминдерді қайталаймыз: тоқты, бұлақ, лақ, бәйтерек.

Билингвальді: лақ — козлёнок, ертегі — сказка, бұзау — телёнок.

Дауыс ырғағы: «Мейірімді сөздерді түрлі екпінде айт»

Педагог

Айару бізге кішкентай лақты алып келіпті. Лақты қолымызға алып, мейірімді сөздер айтайық.

Мейірімді сөздерді әртүрлі екпінде айтуға тырысамыз: ақырын, дауыстап, сыбырлап.

Балалар

  • Лақты қолына алып, қызықтайды.
  • Мейірімді сөздерді түрлі екпінде айтып үйренеді.

Мысалдар:

  • — Менің шұнақ лағым!
  • — Менің секіргіш лағым!
  • — Менің сүйкімді лағым!

Тапсырма №2: Жаңылтпаш

Жаңылтпашты жаңылыспай айтамыз:

Қара ала лақ, қара ала лақ,

Қара ала лағым қорада бірақ.

Балалар жаңылтпашты қайталайды.

Тапсырма №3: Үй жануарларының төлдері

Үй жануарларының төлдерін атап, олардың дауысын салып, қимылын және жүрісін көрсетеміз.

Мақсат

Дыбыстау, қозғалыс, рөлге ену дағдыларын дамыту.

Балалардың әрекеті

Суреттерге қарап, төлдерді атайды және қимыл-қозғалыспен бейнелеуге тырысады.

Қорытынды тапсырма: Қуыршақ театры арқылы сахналау

Педагог

«Ақылды лақ» ертегісін қуыршақ театры арқылы сахналауға шақырады.

Рөлдерге бөлініп ойнаймыз және қуыршақ театрында өзін ұстау ережелерін еске түсіреміз.

Сандық ішіндегі текшелерді таңдап алып, текшедегі кейіпкер суретіне қарай рөлдерді бөлеміз.

Балалар

  • Сандықтағы текшелерді алып, кейіпкерлерді анықтайды.
  • Рөлдерге бөлініп, қойылымға қатысады.

3) Рефлексиялық-түзетушілік

Кері байланыс • Бағалау

Педагог

Қорытынды жасап, балаларды марапаттайды.

— Бүгінгі театрдан қандай әсер алдыңдар? Ұнады ма?

Ерден атай балаларға өз жұмысына баға беруді ұсынады:

  • Ұнады — жасыл қоржынды таңдайды.
  • Ұнамады — қызыл қоржынды таңдайды.

Балалар

  • Сұрақтарға жауап береді.
  • Қоржын таңдау арқылы алған әсерін білдіреді.

Күтілетін нәтижелер

Жасайды

Жан-жануарлардың және олардың төлдерінің дыбысын салып, қимыл-қозғалысын қайталайды.

Түсінеді

Қуыршақ театрының түрлерін ажырата біледі.

Қолданады

Қуыршақтарды қимылдатуда түрлі әдістерді қолданады.

Мекеме

ШҚО, Аягөз ауданы, Ақтоғай кенті, №3 «Ақтоғай» бала бақша-бөбекжайы

Тәрбиеші

Рузьева Гүлнұр Құрманжанқызы