Тарихи концепті
Сабақтың мақсаты
Бұл сабақта оқушылар көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің қалыптасуын түсіндіреді, олардың ерекшеліктерін ажыратып, Қазақстан аумағында таралу аймақтарын сипаттайды.
Барлық оқушылар
- Көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің қалыптасуын сипаттайды.
- Жыл мезгілдерін және жайылым түрлерін атайды.
- Төрт түлік малдан алынатын негізгі өнімдерді тізімдейді.
Басым көпшілігі
- Көшпелі мал шаруашылығының не себепті тиімді болғанын анықтайды.
- Қазақстан аумағында мал шаруашылығы мен егіншілік дамыған аймақтарды картадан көрсетеді.
- Көшпелі мал шаруашылығы мен отырықшылықты салыстырады.
Кейбір оқушылар
- Көшпелі мал шаруашылығының тарихи маңызын түсіндіреді.
- Көшпелі мал шаруашылығының дамуы қоғамға қандай мүмкіндіктер бергенін сипаттайды.
Тарихи концептілер
Маңыздылық
Дәлел
Айырмашылық
Бағалау критерийлері
1
Ежелгі шаруашылық түрлерінің қалыптасуын және оның себептерін анықтайды.
2
Қазақстан аумағында таралған шаруашылық түрлерін көрсетеді.
3
Көшпелі мал шаруашылығының тиімділігін сипаттайды.
Қорытынды назар
Сабақ мазмұны көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуын, оның тиімді жақтарын және қоғам дамуына ықпалын дәлелдер арқылы түсіндіруге бағытталады.