Графикалық редакторлар
Сабақтың тақырыбы
Графикалық редакторлар
Сабақтың мақсаты
-
Білімділік
Оқушыларды графикалық редакторлармен таныстыру және оларды қолдана отырып кескіндерді редакциялауды үйрету.
-
Тәрбиелік
Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
-
Дамытушылық
Графикалық редакторлармен жұмыс істеу принциптерін меңгерту арқылы теориялық білімін, ой-өрісін және шапшаң ойлау қабілетін дамыту.
Сабақ форматы
Сабақ түрі
Жаңа сабақ
Сабақ әдістері
- Топтау және топтық жұмыс
- Венн диаграммасы
- Сыни тұрғыдан ойлау
- Формативті бағалау
- Диалогтық әдіс
Ресурстар
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар:
- Компьютер
- Оқулық
- Интерактивті тақта
- Флипчарт, маркер
- Тест тапсырмалары
Білім мен қабілетті арттыруға қойылатын талаптар
Оқушылар білуі тиіс
- Компьютерлік графика деген не?
- Компьютерлік графиканың классификациясы.
- Кең тараған графикалық редакторлар.
Оқушылар үйренуі тиіс
- Графикалық редактормен жұмыс істеу.
- Графикалық редакторды қолданып кескінді редакциялау.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, көңіл күйін анықтау және топқа бөлу.
Диалог
Мұғалім: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Жағдайларың қалай?
Оқушылар: Жақсы!
Сурет қиындылары арқылы оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топтан топ басшысы белгіленіп, бағалау парақтары таратылады.
1-топ
Paint
2-топ
CorelDraw
3-топ
Photoshop
Мұғалім: Дайынбыз ба?
Оқушылар: Дайынбыз.
Сабақты бастау үшін бәрі бірге: «1, 2, 3 — шапалақ!»
II. Тірек білімдерін жаңғырту және түзету
Өткен сабақ бірнеше тапсырма арқылы қайталанады.
Тапсырма №1: «Ойланып көр» сайысы
Оқушылардың білімін тексеру мақсатында ашық және жабық сұрақтар беріледі.
Ескерту: топ басшылары үй тапсырмасын бағаламайды; мұғалім тексеріп, бағасын өзі қояды.
III. Мағынаны тану: қызығушылықты ояту
Тапсырма №2: Ребус шешу
Ребусты шешу арқылы сабақтың тақырыбы анықталады. Жауабы: «Графикалық редакторлар».
Талқылау: компьютерде кескіндерді өңдеу үшін арнайы бағдарламалар — графикалық редакторлар қолданылады.
Тапсырма №3: Видеокөрсетілім
Тақырыпты бекіту үшін қысқа видеоматериал көрсетіледі.
Тапсырма №4: Топтық ресурс және постер қорғау
Әр топқа өз тақырыбы бойынша ресурс беріледі:
- 1-топ: Paint
- 2-топ: Photoshop
- 3-топ: CorelDraw
Топ ішінде талқылап, флипчартқа жауаптарын түсіреді және қорғайды. Қорғау уақыты — 3 минут.
Постерді бағалау өлшемдері
- Анықтаманың дұрыс берілуі.
- Суреттердің әдемі әрі тартымды болуы.
- Мағынаның толық ашылуы.
Мұғалімнің қорытынды түсіндірмесі
Графикалық редакторлар — графикалық кескіндерді құруға, редакциялауға және қарап шығуға арналған бағдарламалар. Қазіргі кезде компьютерлік графикамен жұмыс істеуге арналған көптеген бағдарламалық құралдар бар.
Растрлық редакторлар
Түсірілген суреттерді және жалпы фотосуреттерді өңдеуге ыңғайлы.
- Adobe Photoshop
- Corel PhotoPaint
- Paint
Векторлық редакторлар
Сызба, логотип, диаграмма секілді дәл масштабталатын графиканы құруға қолайлы.
- CorelDRAW
- Adobe Illustrator
- Word құрамындағы графикалық құралдар
Компьютерлік графиканың мүмкіндіктері
- 1 Графикалық примитивтерді салу (сызық, төртбұрыш және т.б.).
- 2 Кескіннің кез келген бөлігін қиып алу.
- 3 Сурет салу және бояу.
- 4 Ұсақ бөлшектерді үлкейтіп, нақтылап зерттеу.
- 5 Көркем хабарлама (постер, құттықтау, баннер) дайындау.
- 6 Файлды сақтау және редакциялау.
Сергіту сәті
Әуен қосылып тұрады. Көзге және денеге арналған жеңіл жаттығулар орындалады.
IV. Шығармашылық жұмыс
Тапсырма №5: Жеке жұмыс
Берілген суретті растрлық графикалық редактордың көмегімен өңдеу.
Жұмыс уақыты: 10 минут.
V. Ой толғаныс
Тапсырма №6: Рефлексия кестесі
Оқушыларға төмендегі кесте таратылады және қысқаша толтырылады.
| БІЛЕМ | БІЛДІМ | ҮЙРЕНГІМ КЕЛЕДІ |
|---|---|---|
| … | … | … |
VI. Бағалау
Топ басшылары әр тапсырма бойынша топ мүшелерін бағалап, нәтижесін мұғалімге ұсынады.
Бағалау тәсілі
Жауаптар «+» және «-» белгілері арқылы белгіленеді.
VII. Үй тапсырмасы
§16. «Графикалық редакторлар» тақырыбын оқу.
Бақылау сұрақтары — 61-бет, практикум тапсырмаларын орындау.
Кері байланыс
Сабақ соңында оқушылар қысқаша пікір білдіреді: не түсінікті болды, қандай сұрақ қалды, келесіде нені жақсартуға болады.