Төрт түлік мал туралы бейнекөрініс көрсету арқылы жаңа сабақты болжау
Сабақтың тақырыбы
Төрт түлік
Сабақтың түрі
Жаңа сабақты меңгеру
Пәнаралық байланыс
Жаратылыстану, әдебиет
Оқыту әдістері
Түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау
Оқу мақсаттары
-
1
5.Т/А1: Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар, бейнеролик арқылы тақырыпты болжау.
-
2
5.Ж2: Жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру құрастырып жазу.
-
3
5.ӘТН3: Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер мен омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану.
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар
- Тиісті сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысады және өз пікірін білдіреді.
Оқушылардың көбі
- Мәтін мазмұнына сай сұрақ құрастырады.
Оқушылардың кейбірі
- Сөздерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолданады.
Күтілетін нәтижелер
Оқушылар төрт түлік туралы ақпарат береді, жануарлардың мінез-құлқын сипаттайды, сондай-ақ қасиетті төрт түлікке қатысты халқымызда қалыптасқан ұғым-түсініктер мен атаулардың мәнін түсіндіреді.
Қажетті құрал-жабдықтар және дереккөздер
Құрал-жабдықтар
- Интерактивті тақта, слайд
- Төрт түлік туралы бейнеүзінді
- Түрлі түсті қағаздар, маркерлер, кесте, қарындаштар
Дереккөздер
- Оқулық
- Әдістемелік құралдар
- Дидактикалық материалдар
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
Сабақтың барысы
Сабақтың басы
3 минут- Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Шаттық шеңбері» тренингі.
- Оқушылармен амандасу, қатысымды түгендеу.
- «Мозаика» әдісімен 3 топқа бөлу:
I топ
Ботақан
II топ
Құлыншақ
III топ
Қошақан
Сабақтың ортасы
3 минутАлдыңғы білімді еске түсіру (Экспресс әдісі)
- Сөздің тура және ауыспалы мағынасы дегеніміз не?
- Синоним мен антоним дегеніміз не?
Қызығушылықты ояту: жаңа тақырыпты болжау
Төрт түлік туралы бейнеүзіндіні көрсетіп, оқушыларға тақырыпты болжатуға бағыт беріңіз.
Талқылау сұрағы
Қазақ халқының өміріндегі төрт түліктің рөлі қандай?
1-тапсырма: атаулар мен сөздерді кестеге түсіру
Топтық жұмысҚазақ ұғымында әр малдың өз иесі (пірі) болады. Әр түлікті шақыру атауы бар, әрі әрқайсысы өзінше дыбыс шығарады. Осыған байланысты атаулар мен сөздерді кестеге түсіріп, толықтырыңыздар.
Дескриптор
- Малдың иесін (пірін) атайды.
- Малды шақыру атауларын біледі.
- Малдың дыбыстауын сипаттай алады.
Бағалау
Топ басшысы критерий бойынша бағалайды.
2-тапсырма: «Кім білгір?» мақал-мәтел сайысы
Топтық жарысҚай топ төрт түлік туралы көбірек мақал-мәтел айтады?
А) Төрт түліктің төресі — түйе.
Ә) Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің.
Б) Ат — ер қанаты.
В) Жылқыны сауса — қымызы дәрі, жесе — еті дәрі, мінсе — пырақ.
Г) Мал өсірсең, қой өсір, өнімі оның көл-көсір.
Ғ) Ақсақ қой түстен кейін маңырайды.
Д) Тоғыз қабат торқадан тоқтышақтың терісі артық.
Е) Сиырдың сүті — тілінде.
Дескриптор
- Төрт түлік туралы мақал-мәтелдерді біледі және орынды қолданады.
Бағалау
«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі.
Сергіту сәті
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанамыз бәріміз,
Арайлап атқан күнге.