Сөздерді оқу
Сабақтың мақсаты мен ұйымдастыруы
Бұл сабақта сауат ашу, математика, тіл дамыту және көркем әдебиет пәндері бойынша балалардың алған білімдері жүйеленіп, тиянақталады. Оқушылар өз ойларын саралап, қорытынды жасауға үйренеді.
Білімділік мақсаты
Сауат ашу, математика, тіл дамыту және көркем әдебиет бойынша алған білімді тиянақтау; сараптап қорытынды жасау.
Дамытушылық мақсаты
Логикалық ойлауды, есте сақтау қабілетін дамыту; тіл байлығын арттыру, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік мақсаты
Шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа және жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелеу.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
- Интерактивті тақта
- Оқулық пен дәптер
- Үлестірмелі суреттер
- Сұрақ-жауап
- Түсіндіру
I. Ұйымдастыру кезеңі
Армысың, ардақты аспан-ата!
Армысың, қасиетті жер-ана!
Армысың, шұғылалы алтын күн!
Күліп шықты күн бүгін!
Армысыздар, қадірлі қонақтар!
II. Кіріспе бөлім: Отан туралы әңгіме
Сабақ Отан туралы сұрақтар қоюдан басталады. Балалар өз білімін еске түсіріп, қысқа әрі нақты жауап береді.
Сұрақтар
- 1.Біз қай Республикада тұрамыз?
- 2.Біздің Президентіміз кім?
- 3.Отан туралы қандай өлең жолдарын білеміз?
Өлең жолдары
Әйнегі — күн, шатыры — аспан,
Толқыған егін.
Көлдері көкке күмістер шашқан,
Қазақстан Республикам — менің.
Города — села,
Улица — дома,
Это — вся родная
Любимая страна.
III. Негізгі бөлім: «Білім еліне» саяхат
Бүгін біз білім еліне саяхатқа шығамыз. Алдымызда ұзақ сапар болғандықтан, уақытты қызықты өткізу үшін ертегі тыңдаймыз. Мұқият тыңдап, тапсырмаларды бірге орындаймыз.
Ертегі бастау
Баяғыда бір үйшік болыпты. Барлық дыбыстар сол үйшікте өмір сүріпті. Үйшіктегі дыбыстарды бір хан басқарыпты: ол дыбыстардың үйшіктен кіріп-шығуын қадағалайды екен. Кей дыбыстар еркін шығады, ал кейбірі шыға алмай қалады екен.
Аялдама: «Дыбыстар»
Ертегі тыңдап отырып, біз «Дыбыстар» аялдамасына да келіп қалдық. Бұл жерде дыбыстар туралы тапсырмалар орындалады.
- 1.Дыбыстар нешеге бөлінеді? Қандай түрлері бар?
- 2.Дыбыстарға байланысты өлең жолдарын айта аламыз ба?
Тапсырмалар сәтті орындалған соң, саяхатымызды жалғастыруға мүмкіндік аламыз.
Аялдама: «Бірлік»
Дыбыстар үйшіктен шыға алмағандықтан, бірігіп шығуды ұйғарыпты. «Бірігіп көтерген жүк жеңіл» деген сөз осыдан.
- 1.«Кім мерген?» тапсырмасы
- 2.Шашылған әріптерді жина
- 3.Тақтаға сөздерді жаз
- 4.Құрастырылған сөздерді оқу
Аялдама: «Жұмбақ»
Ертегінің жалғасын білу үшін көзімізді жұмып, қайта ашамыз — келесі аялдама «Жұмбақ». Бұл жерде математикадан үйренгенімізді көрсетеміз.
Тапсырмалар
- 1.Ойын: «Көршісін тап»
- 2.Орыс тілінде онға дейін сана
- 3.Оннан бастап кері сана
- 4.«Сандық сөздік» тапсырмасын шеш
IV. Сергіту сәті
Девочки и мальчики
Прыгают как мячики
Ножками — топ-топ
Ручками — хлоп-хлоп
Аялдама: «Достық»
Дыбыстар дос болып, бір-бірімен сөз құрап шыға бастапты. Бірлік болса, орындалмайтын шаруа жоқ екенін түсініпті. Тіпті бірнеше сөз бірігіп, сөйлемге айнала бастаған екен.
- 1.Сөз неден құралады?
- 2.Сөйлем неден құралады?
- 3.Берілген сөйлемде неше сөз бар?
- 4.Сөйлем соңына қандай тыныс белгісі қойылады?
Қосымша жұмыс
Сурет көрсетіліп, сол сурет бойынша сөйлем құрастырылады.
V. Қорытынды
Қорытынды сұрақтар
- Бүгінгі саяхатымызда нені тыңдадық?
- Қайда бардық?
- Не істедік?
Негізгі ой
Дыбыстар бір-бірімен дос болып, сөз құрапты; сөзден сөйлем құрауды үйреніпті. Біз де сабаққа белсенді қатысып, қиындықтарды бірге жеңдік.
Әрқашан тату болып, бір-бірімізге жақсы тілектер тілейік. Ауызбіршілік болса, алынбайтын қамал жоқ.
Сабақтың аяқталуы
Сабақты «Бала тілегі» әнімен аяқтаймыз.