VII кезең Топ басшылар сайысы
Мақсаты мен форматы
Тақырып
Тапқыр химиктер
Мақсаты
- Өтілген материалды қайталау үшін оқушыларды екі топқа бөліп, топтық сайыс ұйымдастыру.
- Жылдам ойлап, нақты жауап беруге дағдыландыру.
- Пәнге қызығушылықты арттыру және командалық жұмысты дамыту.
Жүргізушінің кіріспе сөзі
Шеберлікті, білімді сараптап өздеріңіз көріңіздер. Әділқазы алқасы, әділ баға беріңіздер.
Білім — биік шың, бақытқа жеткізер. Білім — ақылшың, қиындықтан өткізер. Ұлы Абайдың осы өлең жолдарымен сайысымызды бастаймыз.
Ескерту
Сайыс басталар алдында әділқазылар алқасы таныстырылады. Одан кейін әр топ басшысы өз командасын таныстырады.
Сайыс кезеңдері
I кезең: Таныстыру
Әр топтың басшысы команда мүшелерін таныстырып, қысқаша ұранын немесе ерекшелігін айтады.
II кезең: Сұрақ-жауап (бәйге)
Әр топқа 12 сұрақтан беріледі. Жылдам әрі дәл жауап маңызды.
1-топ сұрақтары
- 1. Қай галоген бактерияларды өлтіріп, денсаулықты қорғайды? (Хлор)
- 2. Әрі жеңіл, әрі жұмсақ металл? (Литий)
- 3. Металдардың кернеу қатарын жасаған ғалым? (Н. Н. Бекетов)
- 4. Темекі құрамындағы зат? (Никотин)
- 5. Қазақстанның қазба байлықтарының картасын жасаған кім? (Қ. Сәтбаев)
- 6. Жасушаны зерттейтін ғылым саласы? (Цитология)
- 7. Адам ағзасында қай элемент жетіспеуінен тіс жиегі ауруына ұшырайды? (Фтор)
- 8. «Өмір мен ойдың элементі»? (Фосфор)
- 9. Тұқым қуалайтын өзгергіштік қалай аталады? (Мутация)
- 10. Натрий неше валентті? (I валентті)
- 11. Электрондарды қосып алу үдерісі? (Тотықсыздану)
- 12. Темірдің атомдық массасы? (56)
2-топ сұрақтары
- 1. Менделеевтің периодтық жүйесінде қанша металл бар? (89)
- 2. Күмістің атомдық массасы? (108)
- 3. Металдардың тотығу дәрежесі қандай? (Оң)
- 4. Аса бағалы металдар? (Алтын, күміс, платина)
- 5. Адам ағзасында сүйек құрамына кіретін металл? (Кальций)
- 6. Құрамында қызыл фосфор бар, тұрмыста өте қажет зат? (Сіріңке)
- 7. «Білім бұлағы»? (Оқулық)
- 8. «Ақ маржан» аталатын дәнді дақыл? (Күріш)
- 9. Ең жеңіл газ? (Сутек)
- 10. Электролиттік диссоциация теориясын ашқан ғалым? (С. Аррениус)
- 11. Тұз бен судың арасындағы алмасу реакциясы? (Гидролиз)
- 12. Жылу мен жарық бөле жүретін реакция? (Жану)
Жүргізуші: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарған бәйгені тамашалайық!»
III кезең: «Құпия сөздің кілтін аш»
Екі топқа да бірдей тапсырма: берілген элементтің реттік нөмірін табу.
1-топ
- H1
- Na11
- N7
- Cu29
- Fe26
2-топ
- Au79
- Cl35
- Mg12
- Ag47
- O8
IV кезең: Қызықты тәжірибелер
Тәжірибелер қауіпсіздік ережесін сақтай отырып орындалады: қолғап кию, көзге тигізбеу, реактивтерді дәмін татпау.
1-топ
Зат құрамындағы крахмалды анықтау
Қажетті құралдар
1 г ұн, ас қасық (45 мл), табақша, йод.
Орындалуы
- Табақшаға ұнды салыңыз.
- Үш ас қасық су құйып, жақсылап араластырыңыз.
- Үстіне 3–4 тамшы йод тамызыңыз.
Нәтиже
Йод пен крахмал әрекеттесіп, көк-күлгін түс береді.
Неліктен?
Крахмал молекуласы өте ірі және ұзын шиыршықталған спиральға ұқсайды. Йод осы спираль ішінде ұсталып, ерітінді көк-күлгін түске боялады.
2-топ
Сутегі асқын тотығының ыдырауы (картоп көмегімен)
Қажетті құралдар
Сутегі асқын тотығы, картоп, қағаз, стақан.
Орындалуы
- Стақанды жартысына дейін сутегі асқын тотығымен толтырыңыз.
- Стақанға шикі картоптың кесіндісін салыңыз.
- Өзгерісті бақылаңыз.
Нәтиже
Газ көпіршіктері бөлінеді.
Неліктен?
Картоп құрамында каталаза ферменті бар. Ол сутегі асқын тотығын тездетіп су мен оттекке ыдыратады, сондықтан көпіршіктер байқалады.
V кезең: Химиялық көрініс (жарнама)
1-топ
Сабын және синтетикалық жуғыш заттар туралы жарнамалық көрініс ұсынады.
2-топ
«Дәрумендер» тақырыбы бойынша жарнамалық көрініс көрсетеді.
VI кезең: «Тормен су әкелу» ойыны
2-топ оқушыларына металдан немесе жіптен тоқылған тор беріледі. Мақсат — суды төкпей, мүмкіндігінше жылдам жеткізу.
Тапқыр жауап
Торға H2O формуласын жазып, «суды» солай алып келеді.
Қосымша тапсырма: 2 торкөзге «ас тұзын» толтыру — Na — 10 дана, Cl — 10 дана, басқа элемент — 10 дана.
VII кезең: Топ басшылары сайысы
Тақырып 1
Металдардың пайдалы жақтары.
Тақырып 2
Металдардың зиянды жақтары.
Көрермендерге арналған сұрақтар
- 1. Машина мен трактордың «жаны», қара металлургияның «наны» қандай металл? (Темір)
- 2. Айдаһар бейнесіне ұқсайтын элемент? (S — күкірт)
- 3. Термометрде қолданылатын металл? (Сынап)
- 4. Ғарыштан түсетін метеориттер негізінен қандай металдан тұрады? (Темір)
Қорытынды және марапаттау
«2030-дың барысымыз, болашаққа бастайды әр ісіміз. Егемен елімізді көркейтетін — білім шыңына шығу парызымыз». Осы оймен бүгінгі «Тапқыр химиктер» сайысы өз мәресіне жетті.
Келесі бөлім:
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі.