Қазір қай сабақ
Сабақтың тақырыбы
Жер – шар тәрізді дене. Глобус – Жердің дәл үлгісі.
Сабақтың мақсаттары
- Білімділік: Глобустың Жердің дәл үлгісі екенін, ондағы мұхиттар мен материктер туралы түсіндіру.
- Дамытушылық: Жер туралы қарапайым түсініктерді қалыптастыру, дүниетанымын және ой-өрісін дамыту.
- Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға, өз планетасын жауапкершілікпен пайдалануға тәрбиелеу.
Сабақ туралы қысқаша
- Пәнаралық байланыс
- Математика, тарих, ана тілі
- Сабақтың түрі
- Жаңа сабақты меңгерту
- Сабақтың әдістері
- Түсіндіру, ой қозғау, көрнекілік, СТО элементтері, бағалау
Көрнекіліктер
- Жарты шарлар
- Глобус
- Кескін карта
- Сөзжұмбақ
- Оқулық, дәптер
- Тест сұрақтары
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
Сабаққа әзірлік: оқу құралдарын дайындау, назарды сабаққа шоғырландыру.
II. Психологиялық дайындық
Жаттығу: «Кім жылдам?»
Қазір қай сабақ? Дүниетану. Олай болса, балалар, дүниетану сабағымызды бастаймыз.
III. Өткенге шолу
Өткен тақырыпты еске түсіру үшін қысқаша сұрақтар:
- 1 Жұлдыздар тобы қалай аталады?
- 2 Күн жүйесіндегі планеталардың бірін ата.
- 3 Қазақ ғарышкерін ата.
- 4 Күн қай бағыттан батады?
- 5 «Планета» сөзі грек тілінен аударғанда қандай мағына береді?
- 6 Күн жүйесіндегі тағы бір планетаны ата.
IV. Өткенді бекіту және бағалау
Жауаптарды талқылау, белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау және қысқаша бағалау.
V. Жаңа сабақ
1) Кіріспе
Ертедегі адамдар Жер туралы әртүрлі түсінік қалыптастырған. Уақыт өте келе ғалымдар Жердің шар тәрізді екенін бақылап, оған көптеген дәлел келтірді.
Тарихта мұндай тұжырымға алғаш рет ежелгі грек ғалымдары келген. Олар дәлел ретінде Ай тұтылған кезде Жердің көлеңкесі дөңгелек болып көрінетінін айтқан.
Орта ғасырлардағы дүниежүзін айналу саяхаттары да Жердің шар тәрізді екеніне нақты дәлелдер қосты: Еуропадан шыққан теңізшілер шығыстан батысқа қарай жүзіп отырып, бастапқы шыққан жеріне қарсы жақтан қайта оралатын болған.
2) Ой қозғау
Сонымен, Жердің пішіні шар тәрізді екеніне көз жеткіздік. Бірақ неге біз шардың үстінде тұрғанымызды байқамаймыз?
Негізгі идея
Оның себебі — Жердің өте үлкен болуы.
Жердің барынша кішірейтіліп жасалған дәл үлгісі глобус деп аталады. «Глобус» сөзі латын тілінен аударғанда «шар» деген мағына береді.