Сұрақ - жауаптар
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы • Тәжен мектеп-балабақша кешені
Бастауыш сынып мұғалімі: Сарсенбаева Бақтыгүл
Сабақ түрі
Жарыс сабақ
Тақырып
Тасымал. «Қазақстан – Республикам менің» (72–73-жаттығулар)
Әдіс-тәсілдер
Мәнерлеп оқу, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын әдісі
Сабақтың мақсаты
Білімдік
- Еліміз, жеріміз туралы мағлұмат беру.
- 5–6 буынды сөздерді тасымалдау жолдарын ұғындыру.
- Буындық-дыбыстық талдау жасау.
- Ұлы ақындарымыз бен батыр ұл-қыздарымыз туралы таныстыру.
Дамытушылық және тәрбиелік
- Оқушылардың ойлау белсенділігін арттыру, сауатты жазу мен оқу дағдыларын жетілдіру.
- Сауаттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
- Танымдық және логикалық қабілеттерін дамыту.
Көрнекіліктер мен пәнаралық байланыс
Көрнекілігі
Автордың портреті, Қазақстан картасы, Елтаңба, Төлеген мен Мәншүк суреттері, Абай Құнанбаев пен Сәкен Сейфуллиннің бейнелері, мемлекеттік рәміздер, Астана және Бәйтерек суреті, «алтын жұмыртқа», алма ағашы.
Пәнаралық байланыс
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру
Үлкенге де Сіз,
Кішіге де Сіз.
Сізге сәлем береміз,
Құрметпенен біз.
Оқушылар, сабаққа дайынбыз ба?
Бір мен екі алмаңдар!
Үшке алданып қалмаңдар!
Кілең төрттік алғандар,
Мені ғана армандар.
II. Үй тапсырмасын сұрау
1) «Отан» өлеңін жатқа айту
2) Сұрақ-жауап
Сұрақ: Балалар, «Отан» деген не?
Жауап: Отан — біздің еліміз, туып-өскен жеріміз, ата-анамыз, ауылымыз және т.б.
Сұрақ: Біздің Отанымыз қалай аталады?
Жауап: Қазақстан Республикасы.
3) Бекіту сұрақтары (алмаға жасырылған тапсырмалар)
- Бір буынды сөздер жаз: ай, ат, ән, ас т.б.
- «Балапан» сөзін буынға бөл: ба-ла-пан.
- «Жапалақ» сөзін тасымалдап жаз: жапа-лақ.
III. Жаңа сабақ
Ойтолғау
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Желбірейді туымыз.
Бұл қай ел — балалар?
Оқушылар: Қазақстан.
Сабақтың өзегі
Бүгін біз ақын Д. Әбілов (1907 ж., Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген) атамыздың «Қазақстан – Республикам менің» өлеңін оқимыз.
«Қазақстан – Республикам менің» дегенде ойымызға не келеді? Н. Ә. Назарбаев, ту, елтаңба, әнұран, Астана, Бәйтерек.
Сұрақ-жауап (суреттермен жұмыс)
- Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті кім?
- Республикамыздың қандай рәміздері бар?
- Тудың түсі қандай?
- Біздің бас қаламыз қай қала?
- Мемлекеттік тіл қай тіл?
- Ұлтымыз кім?
- Қазақстан тәуелсіздігін қай жылы алды?
- Қазақстанда неше облыс бар?
Қорытынды: Біздің Отанымыз — Қазақстан.
Мұғалімнің түсіндірмесі
Қазақстан — кең байтақ ел. Біздің елімізде татулығы жарасқан көптеген ұлт өкілдері тұрады. Қазақ халқы — ержүрек, бауырмал, қонақжай халық. Қазақстан Елтаңбасымен еңселі, Туымен тұғырлы, Әнұранымен айбатты мемлекет.
Республика күні
25 қазан
Өзендер
Ертіс, Сырдария, Есіл, Жайық
Шекаралас елдер
Ресей, Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай
Жақындап келе жатқан мерекелер
8 наурыз, 22 наурыз (Наурыз мерекесі)
Пысықтау: мемлекеттік рәміздер
Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне Әнұран, Елтаңба, Ту жатады. Әрқайсысының мәніне жеке-жеке тоқталамыз.
Өлең-тақпақтар
1-оқушы: Тәуелсіздік жолында талай-талай тер тамған.
2-оқушы: Құт-береке, шаңырақ орын алған ол төрден.
3-оқушы: Айнымайды аспаннан біздің тудың бояуы.
4-оқушы: Көк байрақтың бетінде бала өседі талапты.
Оқулықпен жұмыс
86-бет: мәнерлеп оқу, мазмұнын түсіндіру.
Айқаста жаудың алқымын сыққан,
Ажалға қимай намысты елін.
Төлеген, Мәншүк батырлар шыққан —
Қазақстан — Республикам менің!
Абай туған, Сәкен туған,
Құрметте, достым, қазақтың жерін.
Қамбаға жылда мол астық құйған —
Қазақстан — Республикам менің!