Көрнекілік стратегиясы

Сабақ тақырыбы

Кілем бұйымдарының алғашқы нұсқасын (нобайын) дайындау.

Мақсаты

  • Кілем бұйымдарының алғашқы нобайын жасатып, қажетті құрал-жабдықтарды пайдалану арқылы қысқаша мағлұмат беру.

  • Оқушылармен бірлесе отырып, кілем тоқу тәсілін тәжірибе арқылы көрсетіп, СТО бағдарламасы стратегиялары арқылы ойлау қабілетін дамыту.

  • Эстетикалық талғамды қалыптастырып, ұқыптылық пен шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Міндеті

Кілем тоқуға қажетті құрал-жабдықтарды даярлап, орындалу технологиясын түсіндіру.

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ.

Байланысты пәндер

Тарих, әдебиет, сызу және т.б.

Жаңа технология

СТО бағдарламасы.

Көрнекілік

Слайдтар, құрал-жабдықтар сызбасы, дайын бұйым үлгілері.

Пайдаланылатын стратегиялар (СТО)

Көрнекілік Болжау Өзім үшін жазу Ойды сыртқа шығару

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа дайындап, жұмыс тәртібін нақтылаймыз.

2) Жұмыс орнын дайындау

Қауіпсіздік талаптарын еске түсіріп, құрал-жабдықтарды реттеп орналастырамыз.

3) Жаңа тақырыпты түсіндіру

Кілем тоқудың мәнін, кезеңдерін және алғашқы нобайды дайындау жолдарын талдаймыз.

Мағынаны тану: кілем туралы

Кілем — қарапайым өрнектер арқылы ерекше бейне жасалып, әрбір шаршы метріне миллионға жуық жіп тіндері түсірілетін, өте тығыз тоқылатын аса бағалы бұйым. Кілем ерте кезден әртүрлі құралдармен тоқылып, жылулық пен сұлулықты қатар танытқан. Кілем үлгілері қоғамдағы әлеуметтік шындықты да бейнелейді: қолөнер шеберлері ұлттық ою-өрнектермен бірге қазіргі заман тынысын көрсететін жаңа сипаттағы композициялар жасайды.

Бұл сабақта кілем тоқуға арналған басты нұсқаны (эскиз/нобай) әзірлеп, оған қажет құрал-жабдықтарды қарастырамыз.

Көрнекілік стратегиясы

  • Сурет бойынша өз пікірімізді айтамыз.

  • Ойымызды жинақтаймыз.

  • Ой-сезімімізді дәлелдеп қорғаймыз.

Болжау стратегиясы

Сұрақ 1

Сіз не болады деп ойлайсыз?

Сұрақ 2

Сізде қандай дәлел бар?

Сұрақ 3

Нәтижесінде не шығуы тиіс?

Топтық жұмыс

Оқушылар стратегияда көрсетілген тапсырмалар бойынша топтарға бөлініп жұмыс істейді.

«Өзім үшін жазу» стратегиясы

Кілем тоқуға қойылатын талаптарды жазып аламыз:

  1. Арқау темір тісті тарақпен нығыздалатындықтан, ширатылған мақта жібі қолданылуы керек.

  2. Кілемнің қолданылу мақсатына қарай түгі қайшымен кесіліп, биіктігі біркелкі етіп тегістеліп қырқылып отыруы керек.

  3. Кілем өлшемі міндетті түрде эскиз бойынша тоқылады; пішіні тіктөртбұрыш болуы керек.

  4. Кілемнің екі жағындағы тықыр шеті тығыз тықыр тоқу әдісімен орындалады; биіктігі 2 см-ден аспайды.

  5. Екі шеті де 30–50 мм ұзындықта шашақталады.

  6. Тықыр шеттегі шашақтар тарқатылып кетпеуі үшін түйінделіп байланады.

«Ойды сыртқа шығару» стратегиясы

Ойларым Түсініктеме Болжау Сұрақ Қорытынды

Ескерту: кестені топтық талқылау барысында оқушылар өз ойларымен толтырады.

Ой қорыту

Кесте бойынша оқушылардың түсінігін бақылап, негізгі ұғымдарды нақтылау арқылы сабақты бекітеміз.

Бағалау

Оқушының қабілеті мен икемділігін, тапсырманы орындау барысындағы ұқыптылығын және жұмыс тәсілін қадағалаймыз.

Үй тапсырмасы

  • Қажетті құрал-жабдықтарды әкелу.

  • Жұмыс орнын жинақтап, ретке келтіру.