Көз қандай мүше

Сабақтың мазмұны

Бұл сабақ есту мүшесінің қызметін түсіндіруге, құлақтың құрылымымен таныстыруға және күнделікті өмірде есту гигиенасын сақтаудың маңызын бекітуге бағытталған.

Тақырып

Құлақ — есту мүшесі

Жалпы мақсат

Есту мүшесінің қызметі туралы түсінік беру және құлақтың құрылымымен таныстыру.

Міндеттер

  • Есту мүшесінің гигиеналық ережелерін сақтау.
  • Қоршаған ортаны есту арқылы танып-білу.

Оқыту нәтижесі

  • Есту мүшесінің гигиеналық ережелерін сақтайды.
  • Қоршаған ортаны есту арқылы танып біледі.

Көрнекіліктер

Суреттер, слайдтар, кестелер, парақшалар.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру және психологиялық дайындық

Оқушылар «шаттық шеңберіне» жиналып, сабаққа жағымды көңіл күй қалыптастырады. Бір-біріне сәттілік тілейді.

Орнымыздан тұрайық, жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш — нұр іздеген.
Шуақ толсын жанымыз, жүрегіміз,
Үлгі алсын, көрген жан, мына бізден!

II. Топқа бөлу

Оқушылар бойына қарай топтарға бөлінеді. Топ басшылары сайланып, бағалау парақшалары беріледі.

III. Үй тапсырмасын тексеру

«Менен сұрақ — сіздерден жауап» форматындағы сұрақ-жауап:

  1. Көз қандай мүше?
  2. Көздің қорғаныштарын ата.
  3. Көздің қорғаныштары қандай қызмет атқарады?
  4. Қандай көз ауруларын білесің?
  5. Көзді дұрыс күтудің ережелерін айт.
Формативті бағалау Қол шапалақтау арқылы кері байланыс.

IV. Жаңа сабақ: «Құлақ — есту мүшесі»

1) Білу

Үнтаспадан құстардың дыбыстары тыңдатылады. Содан кейін сұрақтар қойылады:

  • Не естідіңдер?
  • Бұл ненің дыбысы?
  • Оны қандай сезім мүшесі арқылы аңғардыңдар?

«Көршіме айтамын» әдісі: Құлақ туралы не білеміз?

2) Түсіну

Электронды оқулықпен жұмыс жүргізіледі. Оқулық бойынша құлақтың құрылысы түсіндіріледі: біз әртүрлі дыбыстарды — шуды, музыканы, құстардың әнін және басқа да сан алуан дыбыстарды құлақ арқылы естиміз. Тыңдау арқылы айналада не болып жатқанын білеміз.

Орналасуы

Құлақ қалқаны бастың екі жақ жанында орналасқан, сондықтан дыбысты екі бағыттан да қабылдаймыз.

Үш бөлімі

  • Сыртқы құлақ
  • Ортаңғы құлақ
  • Ішкі құлақ

Негізгі идея

Дыбыс құлақ қалқанынан есту жолы арқылы өтіп, дабыл жарғағына жетеді.

Дыбыстың берілу жолы

  1. Дыбыс құлақ қалқанына түседі.
  2. Есту жолы арқылы дабыл жарғағына өтеді.
  3. Дабыл жарғағы тербеліп, ортаңғы құлақ сүйекшелерін қозғалысқа келтіреді.

Маңызды: дабыл жарғағы өте жұқа, сондықтан құлақты ұқыпты күту қажет.

3) Қолдану

Оқулықпен жұмыс арқылы жаңа тақырып бекітіледі. Құлақты күту ережелерімен таныстырылады.

V. Сергіту сәті

Ойын ойнатылады. Талантты әрі дарынды оқушыға алдын ала дайындалған ойынын жүргізу тапсырылады. Оқушы мадақталады.

VI. Дәптермен жұмыс

Есіңе сақта!

Дыбысты жақсы есту үшін құлағыңды дұрыс күт!

VII. Талдау және тәжірибелік тапсырмалар

Сарамандық жұмыс

Құлағыңды қолыңмен жауып, көршіңмен сөйлес. Содан кейін қорытынды жаса.

Топтық жұмыс

Әр топқа суреттер беріледі. Суреттерді екі топқа бөліңдер: көз арқылы көретіндер және дыбысы арқылы ажыратуға болатындар.

Формативті бағалау Топ жұмысына кері байланыс беріледі.

VIII. Жинақтау

Есту мүшесінің гигиенасы туралы санбюллетень дайындалады («Құлағың сау болсын десең…»). Жұмыстар таныстырылып, оқушылар мадақталады.

IX. Үй тапсырмасы және бағалау

Үй тапсырмасы беріледі. Топ басшылары бағалау критерийлері бойынша топ мүшелерін бағалайды.