Топ басшылары жауаптарын берілген дұрыс жауаппен тексеріді

Сабақтың мақсаты

Жаңа материалды оқып, түсініп қорытуға үйрету және көлемді ақпаратпен жұмыс істеу дағдысын дамыту. Проблеманы анықтау мен оны шешу жолдарын белгілеу қабілетін қалыптастыру.

Отын толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін есептеуді меңгерту, танымдық іс-әрекет дағдыларын және сыни ойлау қабілетін дамыту.

Күтілетін нәтижелер

  • Отын толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін есептеуді үйренеді.
  • Топтық жұмыста белсенділігі артады.
  • Шығармашылық қабілеті мен жеке жұмыс дағдысы дамиды.
  • Сұрақ қоюға және дәлелді жауап беруге дағдыланады.

Қажетті құрал-жабдықтар

Интерактивті тақта Компьютер Термометр Есептер жинағы Бейнеролик Фольга қағазы Бензин (тамшы) Спирт (тамшы) Мақта

Сабақ барысы

Кіріспе

Мұғалім әрекеті

  • Сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру: амандасу, түгендеу.
  • Оқушыларды түстер арқылы (қызыл, сары, жасыл) үш топқа бөлу.
  • Топ басшысын сайлату және бағалау тәртібін түсіндіру.
  • Сабақ жоспары және мақсатымен таныстыру.

Оқушы әрекеті

  • Мұғаліммен амандасады, кезекші жоқ оқушылар туралы хабарлайды.
  • Топқа бөлінеді, топ басшысын сайлайды.
  • Оқу құралдарын дайындайды және сабақ жоспарымен танысады.
  • Топтағы жұмыс барысын әділ бағалауға қатысады.

Тұсаукесер: үй тапсырмасын тексеру

Физикалық диктант (слайд). Оқушылар топпен талқылап, жауаптарын дәптерге жазады. Барлығы аяқтаған соң, дұрыс жауаптар тақтада көрсетіледі.

  1. __________ дегеніміз — сұйықтың немесе газдың ағысы арқылы энергия тасымалданғанда жүретін жылу алмасу процесі.
  2. __________ денелерде және __________ конвекция болмайды.
  3. Табиғи және еркін __________ болады.
  4. Ішкі энергияның дененің көбірек қыздырылған бөлігінен азырақ қыздырылған бөлігіне тікелей немесе аралық денелер арқылы берілу құбылысы __________ деп аталады.
  5. Қай ортада жылу өткізгіштік болмайды?

Негізгі бөлім: жаңа тақырыпқа кіріспе

Жаңа сабаққа кіріспе ретінде «Отын түрлері» туралы бейнеролик көрсетіледі. Одан кейін оқушыларға проблемалық сұрақтар ұсынылады:

  • Бейнероликтен не көрдіңіздер?
  • Көргендеріңізді бір жалпы атаумен қалай атауға болады?

Сұрақтар төңірегінде топтық талқылау ұйымдастырылады. Оқушылардың жауаптарына қарай түрткі сұрақтар, қайта бағыттау және деңгейлік сұрақтар қойылады.

Негізгі ұғымдар: жану және энергияның бөлінуі

Бүгінгі сабақта отынның түрлерімен және жану процесімен танысамыз. Жану кезінде ішкі энергияның өзгеруі жылу алмасу немесе жұмыс атқару арқылы емес, негізінен химиялық құбылыстар есебінен жүреді.

Жану өнімдері молекулаларының қозғалыс энергиясы мен температурасы отын молекулаларына қарағанда жоғары болады, сондықтан көп мөлшерде энергия бөлінеді.

Қарапайым отын түрлері — көмір, мұнай, бензин және т.б. — құрамында көміртек болады. Жану кезінде көміртек атомы ауадағы оттек атомдарымен қосылып, көмірқышқыл газының молекуласын түзеді, нәтижесінде мол энергия бөлінеді.

1-тапсырма: тәжірибе (эксперимент)

Тапсырма топпен орындалады: оқушылар құбылысты бақылайды, зерттейді және қорытынды шығарады.

Тәжірибенің барысы

  1. Екі дана қатты қағаздың бетіне фольганы орналастыру.
  2. Фольганың үстіне мақтаны орналастыру.
  3. Екі мақтаның біріне спирт, екіншісіне бензин тамызу.
  4. Екеуін бір мезгілде сіріңкемен жағу.
  5. Спирт пен бензин толық жанып болған соң, фольганың қызуын байқап көру.

2-тапсырма: отынның меншікті жану жылуы

Отынның меншікті жану жылуы — массасы 1 кг отын толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін сипаттайтын физикалық шама.

Белгіленуі
q
Өлшем бірлігі
Дж/кг

Есептеу қағидасы

Кез келген массасы m отын толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшері: Q = q · m

Топтар жаңа тақырып бойынша постер дайындап, өз жұмыстарының мазмұнын сынып алдында қорғайды.

3-тапсырма: есептер шығару

Төмендегі есептерді топпен орындап, шешу жолын түсіндіріңіздер. Қажет болса, Q = q · m формуласын қолданыңыздар.

  1. Құрғақ ағаш

    Массасы 20 кг құрғақ ағаш толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін табыңыз. Берілгені: құрғақ ағаштың меншікті жану жылуы 1,0 · 107 Дж/кг.

  2. Бензин шығыны

    2,3 · 10? Дж энергия алу үшін қанша бензин жағу керек? (Мән берілсе, сәйкес q кестесін пайдаланыңыз.)

  3. Қоспаның жану жылуы

    2 кг бензин мен 3 кг керосин араластырылған. Қоспа толық жанғанда бөлінетін жалпы жылу мөлшерін есептеңіз.

Оқушы әрекеті

Есептерді топпен шығарады, шешімін негіздейді, бір-бірінің тәсілдерін салыстырып, қорытынды жасайды.