Математика патшалығына ену үшін алдымен Тас қақпаны ашу

Сабақ туралы мәлімет

Аймақ
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы
Мектеп
Сарыбұлақ негізгі мектебі
Мұғалім
Сағындықова Бибінұр Сәбитқызы (бастауыш сынып)
Тақырып
5-ке көбейту және бөлу
Сабақ түрі
Жаңа сабақ
Әдісі мен форматы
Ертегі-ойын сабақ, «Математика патшалығы» жарысы, топтық жұмыс, дамыта оқыту

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға 5-ке көбейту және бөлуге қатысты есептеулерді меңгерту, білімін толықтыру. Танымдық қабілетін, ойлауын, зейінін және есте сақтауын дамыту. Сонымен қатар өзгені тыңдауға, өз ойын еркін жеткізуге баулу және пәнге қызығушылығын арттыру.

Көрнекіліктер мен байланыс

  • Ұлы адамдардың өлеңдері жазылған плакат
  • Дидактикалық материалдар
  • Көбейту кестесіне арналған тапсырмалар
  • Оқулық

Пәнаралық байланыс

Ана тілі, қазақ тілі, дүниетану

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Психологиялық дайындық.
  • Сәлемдесу.
  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

II. Өткен материалды еске түсіру

Әңгімелеу арқылы «Математика патшалығына» саяхат басталады. Патшалыққа ену үшін алдымен Тас қақпаны ашу қажет:

  • Үй тапсырмасын тексеру.
  • Ауызша жаттығулар орындау.

Ауызша жаттығулар (жарыс тапсырмалары)

Тапсырмалар оқушылардың есептеу дағдысын бекітуге және жылдам ойлауға бағытталған.

1-қатар

Есептеу

Мысал: 45 : 5 × 3 − 7

Өнер – білім бар жұрттар,
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден,
Көзді ашып-жұмғанша
Жылдам хабар алғызды.

Авторды анықтау

  • А) Ыбырай20
  • Ә) Абай30
  • Б) Жамбыл45

Қосымша

Берілген сөздерден сан құрастыру: 357, 573, 537, 753, 735

Сипаттамалар: жақын, тәтті, арсыз

2-қатар

Есептеу

Мысал: 100 × 9 : 3 + 547 − 800

Ең бірінші бақытым — халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Авторды анықтау

  • А) Мұқағали Мақатаев47
  • Ә) Қадыр Мырзалиев56
  • Б) Сәкен Сейфуллин23

Қосымша

Үш түс: сары, қызыл, жасыл (бағдаршам түстері).

Түйінді сөздер: асыл іс, қару, дұшпан.

Қақпаны ашу рәсімі

Тапсырмаларды орындаған оқушылар Тас қақпаға сиқырлы сөз айтады:

«Ашыл, ашыл, тас қақпа!»

Музыка ойналып, тас қақпа ашылады. Келесі кезең — Күміс қақпа.

Күміс қақпаны ашу үшін оқулықтағы келесі тапсырмалар орындалады.

Оқулықпен жұмыс

№1 есеп

Шарты

Әр қорапта — 10 ойыншық.

5 қорапта — ?

Қосымша берілгені

Ойыншық — 25

Шешуі

10 × 5 + 25 = 75 (ойыншық)