Ынталарыңыз қалай

Сабақтың тақырыбы

«Сүт қалай ұйыды?» — О. Әубәкіров шығармасы бойынша сабақ.

Мақсаты

Сүт туралы білімді толықтыру, мәтіндегі негізгі ой мен идеяны анықтау.

Міндеттері

  • О. Әубәкіровтің өмірбаянымен таныстыру.
  • Ертегідегі астарлы ойды ашу.

Күтілетін нәтижелер

  • Жаңа тақырыпты оқып-білуге ынта қалыптасады.
  • Өз ойын жүйелі әрі толық жеткізе біледі.

Көрнекіліктер

суреттер слайдтар интернет материалдары кестелер сиқырлы қалпақтар

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі

Сабақтың басталуын жылы атмосферамен құру.

Әрекеттер

  • Амандасу.
  • Сыныпты «Білім ағашынан» алма теру арқылы 4 топқа бөлу.
  • Психологиялық дайындық: «Ақ тілек».

«Әсем күлкі» жаттығуы

— Көңіл-күйлеріңіз қалай?

— Керемет! (қолдарын көтереді)

— Сабаққа дайындықтарың қалай?

— Тамаша! (алақандарын шапалақтайды)

— Ынталарыңыз қалай?

— Ғажап! (қолдарын көтереді)

— Ендеше, сабағымызды бастайық!

— О, о, о! (бас бармағын көтереді)

II. Үй тапсырмасын тексеру

Ы. Алтынсариннің «Салақтық» әңгімесінің мазмұнын сұрау.

«Салақтық» тақырыбы бойынша жазып келген мақал-мәтелдерді оқыту.

III. Жаңа сабаққа кіріспе

Сөздік пазл арқылы бүгінгі сабаққа қатысты сөздерді табу. Құрастырылған сөздердің тақырыппен байланысын түсіндіру.

Пазл (әріптер қатары)

ұ ж д й н ә э й ю т м ж в р қ й г е е п а ы ғ м ю р к я ш ю ш қ т ч к ы щ о с е в л с ү т ц г і

IV. Мәселені болжау

О. Әубәкіровтің өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу жасау.

Оспанхан Әубәкіров

Мәртебесі
Сатирик ақын, жазушы
Туған жері
Ұшбұлақ
Жылдары
1934–1986
Саласы
Театр, сатира

Тірек сөздер

«Қағазқалпақ» «Ара» «Шмель» «Қожанасыр» чемпион

V. Мәтінмен жұмыс

а)

Электрондық оқулықтан жаңылтпаш пен ертегіні тыңдату.

ә)

Мәтінді оқушылардың жеке оқып танысуы.

б)

Мазмұны бойынша талдау жұмысын жүргізу.

«Ақиқат па, жалған ба?» тапсырмасы

Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіру.

Мазмұны Ақиқат Жалған
Сүт ұйып қалыпты. таңдау таңдау
Сүт ұйықтап қалыпты. таңдау таңдау
Айқайлап жатса да оянбапты. таңдау таңдау
Бықырып тұрып ашыпты. таңдау таңдау
Бұл сүтке ұйқы ұя салыпты. таңдау таңдау
Әжем дорбаға құя салыпты. таңдау таңдау

Формативті бағалау

Жақсы жауап берген оқушылардың төсіне жұлдызша жапсырылады.

VI. «Жұптас – бірік – талқыла» әдісі бойынша топтық жұмыс

1-топ

«Сиқырлы қалпақтар»
  • Ақ қалпақ

    Ертегіні күлдіріп оқып беруге тырысу.

  • Қызыл қалпақ

    Ертегіні жылатып оқып беруге тырысу.

2-топ

Топтастыру

Конверттегі тағам суреттерінің ішінен сүт тағамдарын тауып, жапсыру.

3-топ

Дұрыс сөз тіркесін тап

Берілген сөздерден дұрыс сөз тіркестерін құрап жазу.

балдай тәтті құрт тұздалған қышқыл туралған айран кепкен қара ашыған сүт

4-топ

Сызбаны толтыру

Сүттің неден алынатынын және одан қандай тағамдар жасалатынын жазу.

айран
құрт
қаймақ
ірімшік
сары май
қатық

Мақал-мәтелдер

  1. Сиырдың сүті — тілінде.
  2. Малды теппе, сүтті төкпе.

Формативті бағалау

Жақсы жауап берген оқушылардың төсіне жұлдызша жапсырылады.

VII. Қарама-қарсы пікірлер

Тақырып бойынша ой қозғау: ұйқының пайдалы және зиянды жақтарын салыстыру.

Ұйқының пайдасы

  • Дене мен жүйкені тынықтырады.
  • Күш-қуатты қалпына келтіреді.
  • Зейін мен есте сақтауды жақсартады.

Ұйқының зияны

  • Артық ұйқы күн тәртібін бұзады.
  • Енжарлыққа әкелуі мүмкін.
  • Уақытты тиімсіз пайдалануға себеп болады.

VIII. Қорытынды және кері байланыс

Қорытындылау

Сабақ барысында жүргізілген формативті бағалау нәтижелері негізінде жиынтық баға шығарылады.

Кері байланыс

Оқушылар стикерге өз ойларын жазып, «Білім ағашына» жапсырады.