Сабаққа даярлау
Сабақ тақырыбы
Жануарлардың бір-біріне қайырымдылығы (презентация арқылы).
Түрі
Дамытпалы сабақ
Әдістері
- Ой шақыру, ой қозғау
- Топтастыру
- Сұрақ-жауап
- Түсіндіру және талдау
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Жануарлар суреттері
- Сызбалар
- Тест тапсырмалары
Сабақтың мақсаттары
- Білімділік
- Оқушыларда жануарлар тіршілігі туралы түсінік қалыптастыру; жануарлардың тіршілігін сақтау — табиғат қалыптастырған бейімділік екенін ұғындыру.
- Дамытушылық
- Қосымша деректер арқылы пәнге қызығушылықты арттыру, сөздік қорын байыту, шығармашылық ізденіске бағыттау.
- Тәрбиелік
- Жануарлар арасындағы қамқорлықты үлгі ете отырып, сыйластыққа және қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- 1) Кезекшінің жауабы.
-
2) Сабаққа даярлау (ұстаным өлеңі):
Әрбір адам — туысым, досым, жұрағат,
Әрбір сабақ — үйрену, ұғу, ұлағат.
Әрбір ісің — тірлік, тірек, адамдық,
Әрбір сөзің — шындық, бірлік, адалдық.
II. Үй тапсырмасын тексеру
1) Сабақ басталғанға дейін оқушылар салған суреттер қабырғаға ілінеді. Мұғалім бірнеше суретті таңдап, авторынан: «Не салдың? Қай мәтінге байланысты?» деген сұрақтар арқылы 3–4 жұмысты талдайды.
2) Өткен сабақты бекіту сұрағы:
Егер жануарлар көбеймесе, табиғатта қандай өзгеріс болар еді?
III. Жаңа сабақ
1) Кіріспе: ой шақыру
Сұрақ: Қайырымдылық деген не?
Оқушылардың жауаптары тыңдалады.
Топтастыру (ұғымдар байланысы)
Талқылау: Қайырымдылық адамдардан бөлек тағы кімдердің арасында байқалады?
Еске түсіру: жануарлар бір-біріне көмектесетін ертегілер.
- «Мысық, әтеш және түлкі»
- «Үйшік»
Осы сабақта жануарлардың бір-біріне қалай көмектесетінін нақты мысалдар арқылы қарастырамыз. Ол үшін «Жануарлардың бір-біріне қайырымдылығы» тақырыбын оқимыз.
2) Мағынаны тану: мәтінмен жұмыс
Мәтін үш бөлікке бөлініп, үш топқа іштей оқуға беріледі. Слайд арқылы әр топтан бір оқушы шығып, мазмұнын түсіндіреді.
1-топ
Түлкінің іс-әрекеті
2-топ
Арқар, суыр және шақшақайдың достығы
3-топ
Риясыз көмек
3) Сөздік жұмысы (дәптермен)
| Сөз | Мағынасы |
|---|---|
| Тұзақ | Құс не аң ұстау үшін қылдан есіп жасалатын құрал. |
| Шақшақай | Ақшыл-сұр түсті торғай тектес құс. |
| Риясыз | Адал, шын көңілден, есепсіз жасалған. |
4) Суретпен жұмыс
A)
Суыр, арқар және шақшақайдың бір-бірімен тығыз байланыста тіршілік етуі.
Ә)
Адам мен жануарлар арасындағы қайырымдылық.
Б)
Жануарларды қорғау — басты міндет. Қазақстанның Қызыл кітабына енген жануарлар туралы қысқаша шолу.
5) Деректер мен дәйектер (слайд бойынша)
Дельфин
Дельфин — суда тіршілік ететін сүтқоректі жануар. Әдетте 30–40-тан үйір болып жүреді. Суға батқан адамға жәрдем беретін жағдайлар кездеседі. Бір дельфин Жаңа Зеландиядағы теңіз бұғазынан кемелердің өтуіне шамамен 30 жыл көмектескені туралы дерек бар. Дельфин — достыққа бейім, ойыншыл жануар.
Қарлығаш
Қарлығаш — еңбекқор құс. Халық танымында адам үй салуды қарлығаштан, ал өрмек тоқуды өрмекшіден үйренген деген тұжырым айтылады. «Қарлығаштың ұясын бұзған адамға қырық түрлі пәле жолығады» деген ырым да бар.
Аққу
Аққу — көлдің көркі. Аққу қонған көл таза болады деген түсінік бар. Қыз балалар әсемдік пен тазалықты аққудан үйренген деп айтылады.
Қанатты сөздер:
- «Аққуды атпайды, киесі ұрады.»
- «Аққумен дос болсаң, жүрген жерің пәк болар.»
Арыстан
Арыстандар табиғаттағы тепе-теңдікке әсер етеді: көбіне ауру және әлсіз жануарларды аулап, жұқпалы аурулардың кең таралуына жол бермейді. Қазіргі кезде арыстанды аулауға тыйым салынған.
6) Шығармашылық тапсырма
Үш топтан үш оқушы шығып, үш түрлі геометриялық фигураны таңдайды. Әр фигураның артында жасырылған жануар болады. Оқушы жануардың атын атамай, сипаттап береді, қалғандары табады.
7) «Сен білесің бе?» мақал-мәтелдер
Достық, қайырымдылық, мейірімділік туралы мақал-мәтелдерді айту және мағынасын талқылау ұсынылады.
- Біз деген — көмек, Сіз деген — әдеп.
- Қайырымсыз сұңқардан, қайырымды тұрымтай артық.
- Қайыр қылсаң — бүтін қыл.
- Ел алғысын алсаң, елеулісі боларсың.
IV. Ой қорыту
Қорытынды сұрақ: Бүгінгі сабақтан не білдік?
Жауап: Қайырымдылық тек адамдар арасында ғана емес, жануарлар арасында да кездеседі.
Тест тапсырмасы
-
1) Қанқыздың реңі қандай?
- A) сақтандырғыш
- Ә) бүркеніш
- Б) қорғаныш
-
2) Үш дос жануарды ата.
- A) түлкі, қоян, қасқыр
- Ә) аю, жолбарыс, борсық
- Б) суыр, арқар, шақшақай
-
3) «Қайырымдылық» сөзіне мағыналас сөзді тап.
- A) жауыздық
- Ә) мейірімділік
- Б) қатыгездік
«Жануарлар тіршілігі» бөлімі бойынша шолу сұрақтары
- Жануарлар тіршілігіне қажетті жағдайларды ата.
- Көзі жоқ, өмірі жарық көрмейтін жануарды ата.
- Шөлге төзімді жануарларды ата.
- Жыртқыштар қорегін қалай аулайды?
- Көбелектің реңі қандай?
- Аңдар неге жуынады?
- Бунақденелілер иісті қай мүшесімен сезеді?
- Көбелек тағамның дәмін қалай сезеді?
- Құстар үшін тұмсықтың маңызы қандай?
- Өз ұрпағына қамқорлық жасамайтын жануарларды ата (бунақденелілер, балықтар, бақалар).
Үй тапсырмасы
- Мәтінді оқып, мазмұндауға дайындалу.
- «Менің үй жануарларымен достығым» тақырыбына эссе жазу.
Сабақты аяқтау
Қорытындылау, пікір айту, кері байланыс.
Бағалау
Топ жұмысы, белсенділік және тапсырма орындалуына қарай бағалау.