Бағалау парақшасы мен бағалау шкаласын тарату
Сабақ тақырыбы
Абылайдың саяси қайраткер, дипломат және қолбасшы ретінде қалыптасуы.
Мақсаты
Оқушыларды Абылайдың өмірі мен қызметімен таныстыра отырып, оның аса ірі мемлекет қайраткері, дипломат және қолбасшы болғанын көрсету.
Күтілетін нәтиже
- Тақырыпты меңгереді.
- Білгені мен түсінгенін салыстырып, қорытынды жасайды.
- Абылай хан билігіндегі Қазақ хандығының жағдайы туралы мәлімет алып, оқып-үйренеді.
Оқытудағы модульдер
Сабақта төмендегі бағыттар қамтылады:
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
Композициялық талдау
Сұрақ-жауап арқылы мазмұнды ашу және жүйелеу.
Венн диаграммасы
Ұқсастық пен айырмашылықты салыстыру арқылы түсіндіру.
«Крестиктер-нөлдіктер» әдісі
Тапсырманы таңдап орындау, дәлелдеу және топтық тексеру.
«Ептілер, жүйріктер, алғырлар»
Өткен тақырып пен жаңа тақырыпты байланыстыра бекітуге бағытталған жұмыс.
Сабақтың құрылымы
Сабақ кезеңдері оқушылардың белсенді қатысуын, талдау мен жинақтауды, сондай-ақ әділ бағалау мен рефлексияны қамтамасыз етеді.
Ұйымдастыру кезеңі
Тренинг- Сәлемдесу, түгелдеу.
- Топқа бөлу: мозайка тәсілімен 3 топ құру.
Білу: қызығушылықты ояту
Композициялық талдау арқылы сұрақ-жауап жүргізіледі. Үй тапсырмасы қайталанып, негізгі түсініктер жаңғыртылады.
Түсіну
«Ептілер, жүйріктер, алғырлар» жұмысы арқылы өткен тақырып пен жаңа тақырып арасында байланыс орнатылады.
Қолдану
Венн диаграммасы бойынша талдау жасалып, ұқсастықтар мен айырмашылықтар нақты дәлелдермен көрсетіледі.
Сергіту сәті
«Қара жорға»Оқушылар интерактивті тақтадағы бейнероликке сүйене отырып, «Қара жорға» биі жаттығуын орындайды.
Талдау
Тақырыпты терең талдау үшін «Крестиктер-нөлдіктер» әдісі қолданылады. Топ мүшелері кестеден бір бөлігін таңдап, берілген есепті/тапсырманы бірлесе шығарады. Жауап дұрыс болмаса, басқа топ өз нұсқасын ұсынады. Бұл кезеңде сұрақ қоюдың тиімді техникалары пайдаланылады.
Жинақтау
Тақырыпты бекіту үшін оқушылар кітаптан тақырыпқа қатысты жаттығу жұмыстарын топпен орындайды. Нәтижесінде сабақ мазмұны жинақталып, негізгі тұжырымдар нақтыланады.
Бағалау
2 минутӨзін-өзі бағалау жүргізіледі. «Бағдарша» және бағалау парақшалары қолданылады. Бағалау парақшасы мен бағалау шкаласы таратылып, оқушылар өздерін және топ жұмысын өлшемдер бойынша бағалайды.
Рефлексия
Оқушыларға стикер толтыру ұсынылады. Олар ұсынылған үлгі бойынша сабақтан алған әсері мен түсінігін қысқаша жазады.
Автор туралы мәлімет
Өңір
Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлютка қаласы, Мамлют ауданы.
Мектеп және қызметі
Мамлют қазақ мектеп-интернатының тарих пәні мұғалімі — Байкенова Эльмира Кентайқызы.
Материал: «Абылайдың саяси қайраткер, қолбасшы ретінде қалыптасуы».