Есептерді салыстыр

Сабақ тақырыбы мен идеясы

Тақырыбы

5-ке көбейту және бөлу

Сабақ түрі

Білімді тексеру және бағалау

Оқыту әдісі

Саяхат сабақ: «Күзгі орманға саяхат»

Мақсаты мен міндеттері

Мақсаты

5-ке көбейту және бөлу кестесін түсіндіру, ауызша есептеу дағдыларын жетілдіру.

Міндеттері

  1. Есеп шығару арқылы амалдардың орындалу ретін бекіту, қалдықпен бөлуді орындауға жаттықтыру.
  2. Ой-өрісті дамыту, пәнге қызығушылық пен танымдық белсенділікті арттыру, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру.
  3. Белсенділікке, мейірімділікке және ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

  • Күз мезгілінің суреті
  • Аңдар мен жануарлардың суреттері
  • Карточкалар
  • Ойындар
  • Тест тапсырмалары
  • Оқулық

Сабақ барысы

I. Психологиялық дайындық

Қайырлы күн, достар!

Бүгінгі күн, міне, сәттілікке толсын!

Біздің алар бағамыз —

Кіл бестіктер болсын!

Бүгін математика сабағында «Күзгі орманға саяхатқа» шығамыз. Саяхат барысында аңдар мен жануарлардың тапсырмаларын орындаймыз. Олар сендерге сыйлық дайындаған, бірақ ол үшін сабаққа белсенді қатысу керек.

Сұрақтар

  • Қазір қай мезгіл?
  • Күз айларын атаңдар.
  • Орманда қандай аңдар мен жануарлар болады?
  • Олардың қысқа дайындығы қандай?

II. Ауызша есеп (ормандағы тапсырма)

Аюдың тапсырмасы

Аю тәттілерді жеп семіреді де, апанына жапырақ төсеп, ұйқыға дайындалады.

Ормандағы аюдың құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық, қалтамызға салайық.

Қане, балалар, құлпынай «теріп» жіберейік:

Мысал
2 × 3
Мысал
4 × 5
Мысал
20 : 2
Назар
5-ке қатысты амалдар

III. Қатармен жұмыс: есептерді салыстыр

1-есеп

Дүкенге бірдей 3 жәшік жидек әкелінді. Бір жәшіктің массасы 8 кг. Дүкенге неше килограмм жидек әкелінді?

2-есеп

Дүкенге жәшіктермен 24 кг жидек әкелінді. Бір жәшіктің массасы 8 кг. Дүкенге неше жәшік жидек әкелінді?

3-есеп

Дүкенге әкелінген бірдей 3 жәшік жидектің массасы 24 кг. 1 жәшік жидектің массасы қандай?

Қосымша тапсырма

Заттың массасы
5 кг
Заттар саны
7
Жалпы массасы
?

IV. Математикалық диктант (жауабын ғана жазу)

36 мен 58 қосындысының мәнін тап.

94

90 мен 25 айырмасының мәнін тап.

65

Бірінші қосылғыш 23, екінші қосылғыш 57. Қосындының мәнін тап.

80

Азайғыш 74, азайтқыш 37. Айырманың мәнін тап.

37

69 бен 13 қосындысының мәнін тап.

82

60 пен 28 айырмасының мәнін тап.

32

45 санын 17-ге арттыр.

62

54 санын 25-ке кеміт.

29

V. Негізгі бөлім: жаңа тақырыпты түсіндіру

Енді дәптерлеріңді ашып, күннің жадын жазыңдар да, бүгінгі жаңа тақырыпты белгілеңдер.

Бүгінгі тақырып

5-ке көбейту және бөлу кестесі

Кітаппен жұмыс

№1 есепке назар аударайық. Мұнда 5-ке көбейту мысалдары берілген. Көбейтінділердің мәні қалай табылған?

Дұрыс: қосу амалы арқылы. Яғни, 5-ті 5-ке көбейту дегеніміз — 5-ті 5 рет қосу:

Түсіндіру

5 × 5 = 5 + 5 + 5 + 5 + 5

Бақылау сұрағы

Теңдіктің сол және оң жақтарын салыстыр. Қандай айырмашылық байқайсың?

Осылайша, 5-ке көбейту кестесі мен оған кері амал — 5-ке бөлуді түсінеміз және қолданамыз.