Қоян жан біз бақшамыздың орталықтарын көруге шықтық
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы
Әлеуметтік орта
Оқу іс-әрекеті
Қоршаған ортамен танысу
Тақырыбы
Біздің бақшамыз
Мақсаты
1) Білімділік
Балаларды балабақшадағы орталықтармен таныстыру, ондағы заттардың атауларын білу.
2) Дамытушылық
Заттардың не үшін пайдаланылатынын әңгімелеуге үйрету.
3) Тәрбиелік
Қоршаған ортаны аялай білуге және үлкендердің сөзін тыңдауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
Балабақша картасы, тақырыптық суреттер, топтардың суреттері.
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, саяхат ұйымдастыру.
Билингвал
Біздің бақшамыз — Наш сад
Сабақ барысы
1) Мотивациялық-қозғаушы кезең
Тәрбиеші балаларды шеңберге тұрғызып, келген қонақтармен амандасуға шақырады.
Сұрақ:
Балалар, қазір қай жыл мезгілі?
Жауап: Көктем.
Тәрбиеші көктем мезгілінде күн жылынатынын, құстардың жылы жақтан қайтып келетінін түсіндіреді. Кейін балаларға күннің шуағындай жылы тілектер айту ұсынылады.
Ойыншық күнді бір-біріне ұсынып, балалар бір-біріне жүректен шыққан жылы тілектерін айтады.
Кіріспе:
Бүгін біз балабақшадағы орталықтармен және онда еңбек ететін адамдармен танысамыз.
Тақпақ
Бала бақша есігін Үшке тола ашқанбыз. Балапандай өсіріп, Мәпелейді бақшамыз. Бұл — екінші үйіміз, Бір туғанбыз бәріміз. Біз — сол үйдің гүліміз, Біз — сол үйдің сәніміз.
Балалар қызыға тыңдайды да, бәрі бірге «саяхат орталығына» шығады. Орталықта асхана, дәріхана, ұстахана және кір жуатын бөлме жабдықтары көрсетіледі.
Күтпеген кездесу:
Осы кезде ағаштың жанында көңілсіз отырған қоянды көреді.
Тәрбиеші: Балалар, мынау қоян ғой. Сәлеметсің бе, қоян?
Қоян: Сәлеметсіңдер ме, балалар? Қайда бара жатырсыңдар?
Балалар: Біз бақшамыздың орталықтарымен танысуға шықтық.
Қоян: Онда мені де ертіп алыңдаршы. Мен бұзық болмаймын.
Тәрбиеші: Балалар, қоян бізбен бірге жүрсін бе?
Жауап: Иә, жүрсін.
Қоян қуанып, балалармен бірге саяхатқа аттанады.
2) Іздену-ұйымдастыру кезеңі
Дәріхана
- Дәріханада әртүрлі дәрілер болады.
- Дәрілерді адамдар ауырғанда ішеді, ал сұйық майларды жарақаттанған жерге жағады.
- Дәрігер балалардың ауырмауын қадағалайды.
Дәрігер құралдары
Ине, дәрі-дәрмек, стетоскоп, мақта, дәке және т.б.
Тазалық ережелері
- Қолыңды жумай тамақ ішсең, ішің ауыруы мүмкін.
- Жуылмаған жеміс-жидекті жеуге болмайды.
- Әжетханадан кейін міндетті түрде қол жуу керек.
Ұстахана
Ұстаханада сынған заттарды жөндейді: мысалы, орындықты немесе ойыншық салатын сандықты.
Құралдары
Балта, балға, шеге, ара және т.б.
Асхана
Асханада бізге дәмді тағамдар әзірленеді. Асхананың іші әрдайым таза болуы керек.
Ыдыс-аяқтар
Қазан, ожау, леген, қасық, пышақ және т.б.
Кір жуатын бөлме
Кір жуатын бөлмеде кір киімдер, көрпелер мен төсеніштер жуылады.
Құралдары
Кір жуғыш машина, шара, су ысытатын қазан және т.б.
Дидактикалық ойын: «Дәрігер»
Қоян: Балалар, көңілім көтеріліп қалды. Сендерге рақмет! Мені анам іздеп қалған шығар, үйге қайтайын. Сау болыңдар!
Балалар: Сау бол, қоян!
3) Рефлексивті-қорытындылау кезеңі
Қайталау сұрақтары
- Дәрігер кімді емдейді?
- Ұстаханада нені жөндейді?
- Асханада нені пісіреді?
- Кір жуатын бөлмеде нені жуады?
Балалар сұрақтарға толық жауап береді. Тәрбиеші мадақтайды.
Тапсырма:
Енді шашылып жатқан құралдарды өз орталықтарына жинап, дұрыс орындарына қояйық.
Балалар тақпақтарын айтады.