Бүл - молдалар тілегі
Қалжан ахунға
Ауру-сырқау айналып,
Елдің құты қашсын! - дер.
Әлпештеген біреудің
Жаңа түскен келінін –
Қара албасты бассын! - дер.
Әулиеге ат айтып,
Қорасанға қой айтып,
Абыржып, әбден сассын! - дер.
Аттерлетіп алдырып,
Басына зікір салдырып,
Дәулетін сөйтіп шашсын! - дер.
Бұл - бақсылар тілегі,
Сондай тілек бола ма,
Жақсылардың тілегі?
Жаны ардақты жақсының,
Күнде бірі өлсін дер,
Жаназасын оқы - деп,
- Шақырушы келсін! - дер.
Қатым құран шығарып,
Мал мен мүлкін бөлсін! - дер.
Сол бөлінген олжадан,
Өзгелерден көбірек,
Сыбағама берсін! - дер.
Бүл - молдалар тілегі.
Жақсы тілек бола ма,
Сонда олардың тілегі?
Ақ, жарылқап, күн туып,
Күнде қызық болсын! - дер.
Келін түсіп, ұл туып,
Үйге бала толсын! - дер.
Ел, азамат аман боп,
Басына бақыт қонсын! - дер.
Жамандық тілек тілейтін,
Жауыздық гүлі солсын! - дер.
Ойын-ойнап, жыр-жырлап,
Мерекелеп той-тойлап,
Жұрт жиналып келсін! - дер.
Бұл - жыраулар тілегі.
Сол тілекті тілейтін,
Мен солардың біреуі!
Молдалар, сауап іздесең,
Құранды оқы молаға.
Басына түне демеймін,
Келіңдер қайтып қонаға.
Өлім барды шашады,
Жоқтың артын ашады ,
Қосыла сендер тонама,
Жылап-сықтап жатқанда,
Олжада - ойы барларың,
Қараң құрсын жолама,
Тірінің көңілін ауласақ,
Дүние үшін жолдан аумасақ,
Мен сендерден садаға!
Құран оқып күңіреніп,
Сары уайым саласың,
Берсе, қағып аласың.
Соларың дұрыс бола ма?
Қажеті болса сөзімнің,
Аямаңдар, айта бер,
Көңіліме менің қарама!
Қазақ ойшылдары дін туралы пәні семинар сабақтың әдістемелік нұсқауы
Дін әлеуметтануының пәні
Бөлтірік шешен сөздерінің тәрбиелік мәні
Қазанда хан
Қазақтың мақал-мәтелдері мен жұмбақтары
XVIII ғасырдың ортасынан –XIX ғасырдың ортасына дейінгі Қазақстандағы ресей империясының миссионерлік саясаты
Сүндет той туралы
Қожа Ахмет Яссауидің қызметі
Отыншы Әлжановтың публицистикасы
Театр турасында Қазақ тілі
Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс,бұлардың кейнстік үлгісі
КІТАП БІЛІМ БҰЛАҒЫ
Он бес одақтас мемлекетке ортақ мерейтой болған Ұлы Жеңіске биыл 72 жыл толғанымен, бұл мерекенің тойланып келе жатқанына 55 жыл
Кенет клоун тасты бұлғап - бұлғап тұрып адамдарға қарай лақтырып жібергені
Есім хан қазақ тарихында Еңсегей бойлы ер Есім деген атпен әйгілі болды, оған бұл атақ 1598 - жылы ағасы Тәуекел ханмен бірге Мауреннахрға жасаған жорықта ерекше көзге түскені үшін берілген екен
Қайдан келген, қандай сақалдар бұлар
Мұртаза БҰЛҰТАЙ
Сыныпқа орта бойлы, дембелше денелі, сәнді киінген қара торы жігіт кіріп келгенде, оқушылар бұл кім еді
Бүгінгі таңда әрбір мектеп есігін ашқан бүлдіршін өзінің әйбат Әліппесімен бірге Елбасымыздың осынау әкелік мейірімге толы ақ батасын арқалап алаңсыз, білім атты үлкен өмірдің табалдырығын именбей аттайды
Кім болмасын бұл бес күндік өмірде бақытты болуды армандайды, сол жолға, сол қуанышқа, сол сәтке жетуге асығады