Жаңа сабаққа даярлық

Тақырып

Аңыздар: Алдар көсе мен Шықбермес Шығайбай

Мақсат

  • Аңыз жанры туралы түсінік қалыптастыру.
  • Сөздік қорын, тіл байлығын дамыту.
  • Адалдыққа тәрбиелеу.
  • Ізденуге, ойлауға және өздігінен тұжырым жасауға баулу.

Ұйымдастыру

Сабақ түрі
Аралас
Әдістер
Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, ізденушілік, өзіндік жұмыс
Көрнекілік
Оқулық, суреттер, сызбалар

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Амандасу.
  • Түгендеу.
  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын сұрау

Сұрақ 1

Шұбар ат неліктен жүргісі келмеді деп ойлайсың? — Балаша аунап, шөбі қалың жерге оттап, боз баладай шапқылап жүгіргісі келді.

Сұрақ 2

«Түсінде аян берді» дегенді қалай түсінесің? — Түсінде көру, түс арқылы белгі алу.

III. Өткенді қорыту

  • Шұбардың сырт келбетін суреттеу үшін қандай сөздер қолданылған?
  • Саған бұл бөлім қандай әсер қалдырды?

IV. Мақсат қою және жаңа сабаққа дайындық

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады. Бұған дейін 2–3-сыныптарда танысқан аңыздар еске түсіріледі: «Қожанасыр мен ашқарақ», «Қожанасыр мен Алдар көсе», «Бетпақдала» (Ақселеу Сейдімбек), «Алдардың айласы».

Талқылау: Алдар көсе деген кім? Ол туралы не білесіңдер?

V. Жаңа сабақ

Аңыз көбіне тарихта болған адамның өміріне, іс-әрекетіне негізделіп құрылады. Аңыз әңгімелерде шындық пен қиял-ғажайып оқиғалар араласа келеді. Қазақ аңыздарында Асанқайғы, Жиренше, Қорқыт сияқты ерекше тұлғалармен қатар, Алдар көсе секілді ел ішінен шыққан қарапайым адамдар туралы оқиғалар да айтылады. Алдар жөніндегі күлдіргі аңыздардың бірі — Шықбермес Шығайбайды алдауы.

Аңыз дегеніміз

Тарихта болған адамдардың іс-әрекеті баяндалатын шығарма.

Кейіпкерлері

Асанқайғы, Жиренше, Қорқыт, Қожанасыр, Алдар көсе.

Ерекшелігі

Шындық пен қиял-ғажайып оқиға қатар жүреді.

Оқу түрлері

  • Мәтінді оқу.
  • Іштей оқу.
  • Тізбектей оқу.
  • Тауып оқу.

Сөздік жұмысы

Тіркес Мағынасы
Тауы шағылыпты Ісі аспапты, жолы болмапты.
Әккіленіп алған Қуланып алған, айлакерленген.
Түзге Далаға.

Талқылау сұрақтары

  • Аңыздың басында Шықбермес Шығайбай туралы оқығанда көз алдыңа қандай адам елестеді?
  • Шықбермес Шығайбайды алдау үшін Алдар қандай айла ойлап тапты?
  • Үй ішінің түгел сараң екенін олардың қандай әрекеттері мен сөздерінен аңғаруға болады?
  • Бүгінгі күні Шығайбай секілді адамдар бар ма? Мысал келтіріп көр.

VI. Түсінгендерін тексеру

Алдар Шығайбайдың үйіне кіргенде жасырылған дүниелерді түрлі теңеулер арқылы сипаттайды. Төмендегі сәйкестіктерді табу — мәтінді терең түсінуге көмектесетін тапсырма.

Сұрақ Теңеу
Жыланның жуандығы қандай? Байдың тығып қойған қазысындай.
Жыланды ұрған тастың үлкендігі қандай? Бәйбіше астындағы қойдың басындай.
Былш етіп иленіп түскенін неге теңейді? Тоқал астындағы қамырға.
Сақалының жұлынғанын неге теңейді? Қызы тығып қойған тырнаның жүніне.

Ескерту: Бұл тапсырманы сызба (кластер) құрастыру арқылы да орындатуға болады.