Әзілхан Нұршайықовтың Ақиқат пен аңызына арқау болған батыр Бауыржанның ғибратты ғұмыры кейінге үлгі

Патриоттық кеш туралы

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Темірбек Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицей кітапханасының меңгерушісі Абишева Сауле Нұрғазиевнаның ұйымдастыруымен «Бақыт гүлін терген күн» атты патриоттық кеш өтті.

Кештің мақсаты

Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары және Ұлы Жеңіс туралы мағлұмат беру; Отан үшін жан қиған ата-әжелеріміздің, соғыстан оралып, бүгінгі күні арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілік

«Тарих. Тағылым. Тағзым» атты тақырыптық көрме ұйымдастырылды.

Дәйексөз

«Біз бүгінгі бейбіт тірлігіміз үшін, Қазақстан деп аталатын Республиканың жер бетінде бар болуы үшін тарихтың әр тұсында осы елді, осы жерді қорғаған қайсар жандардың аруағының алдында қашанда қарыздармыз.» [1]

Кештің ашылуы: поэзия және ой-толғау

Кітапханашының арнауы

Күнде той — көктем біздің елімізде,
Секілді бар бақыттың кені бізде.
Жиылмай Жеңіс күні жетті тағы,
Жеңіс пен қаһармандық күніміз де. [2]

Бүгінгі бейбіт күн, ашық аспан, тәуелсіз елдің қарышты қадамдары — сол Ұлы Жеңістің игі нәтижесі. Жеңіс мерекесі — барша бейбітшілікті сүйетін адамзаттың ұлықтар күні. Осы тарихи күнге негіз қалаған 9 мамыр — Жеңіс күнімен және Ұлы Жеңістің 70 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз.

Өлең жолдары

Қандай ғажап бейбіт өмір — тіршілік,
Ешбір пенде жүрмесе екен күрсініп.
«Соғыс» аты жойылсын деп үйретем,
Сәбиіме жаңа күлген тіл шығып. [3]

Ауданымыздың Социалистік Еңбек Ері Еспанов Ұзақ атамыз жырлағандай, «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» бейбіт заман бізге оңайлықпен келген жоқ.

Соғыстың отты жылдарында қазақстандық жауынгерлер қайталанбас ерліктер көрсетсе, тылдағы халық отансүйгіштіктің айрықша үлгісін танытып, Жеңіс күнін жақындатты. Бұл — төзімнің, еңбек ерлігінің, болаттай бірліктің шежіресі. Ол ешқашан ұмытылмайды.

«Бақыт гүлін терген күн» — кештің басталуы

Қадыр Мырза Әли жырынан

Ұлы кешке сенген күн,
Фашистерді жеңген күн.
Ағаларға ерген күн,
Бақыт гүлін терген күн. [дереккөз көрсетілді]

Дүниені дүр сілкіндірген Ұлы Отан соғысы әрбір отбасына қайғы-қасірет әкелді. Қаншама боздақтың өмірін қиып, талай шаңырақты шайқалтқан сұрапыл соғыстың өртінің өшкеніне 70 жыл өтті. Олардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Отан үшін от кешіп, баянды болашақтың іргесін қалаған аға ұрпақ алдында әрдайым бас иеміз. Ерлік пен бейбіт еңбектегі өнеге кейінгі ұрпаққа мәңгілік үлгі болып қала береді.

Негізгі ой

  • Соғыс — халық тағдырына түскен ауыр сын.
  • Ардагерлердің ерлігі — ұрпаққа аманат.
  • Бейбітшілік — ең қастерлі құндылық.

Оқушылардың арнаулары

Болмасын деп қауіп-қатер жер үсті,
Бар адамның өмірі үшін келісті.
Бүгінгі жас ұрпақтың атынан
Жалғаймын деп ант етемін Жеңісті! [4]

Ерлік деген — Отан қорғау ұққанға,
Ездер бірақ биіктерге шыққан ба?
Өмір-өлім белдескенде бетпе-бет,
Қорықпады жауып тұрған оқтан да!

Ұмытпан, ұмытпан Жеңіс күнін,
Кезі еді тыныстаған жер үстінің.
Берлинде жүрді шалқып қыр қазағы,
Алқызыл желбіретіп Жеңіс туын. [2]

Айғағы күшіміздің — Жеңіс күнім,
Бақытты — бейбітшілік жер үстінің.
Алуан ел азаматы соңымызда,
Келеміз жоғары ұстап Жеңіс туын! [2]

Ұрпағы үшін — келешек үшін қаймықпай,
Қажет болса өлімді артық санаған. [5]

Қаншама жандар майданда кетсе оққа ұшып,
Қаншама жандар аштықтан қирап көмілген. [5]

Әлемді еткен таң қылып,
Жолдарың жатыр жаңғырып,
Рухыңа тағзым етеді —
Бас иіп ұрпақ мәңгілік.

Тарихқа тағзым: Жеңістің мәні

Ұлы Отан соғысы 1945 жылы жеңіспен аяқталғанына 70 жыл толды. 9 мамыр — тарихымызға терең орныққан мереке. Уақыт өткен сайын оның ұлылығы мен мән-мағынасы айқынырақ көрініп, маңызы арта береді. Қан майданда ажалмен арпалысып жүріп ғажайып ерлік жасаған аға ұрпаққа деген құрметіміз еселене түседі.

Елбасы сөзі

«Сын сағатта ерлігіміз де, елдігіміз де бойымыздан табылды.» [6]

Бұл сөз жаужүрек аға-апаларымыздың ерлігі мен отансүйгіштігін айқындай түседі. Олардың жасаған ұлы ерлігі мәңгілік.

Сыр елі батырлары және ақындар үні

Сұрапыл соғыс жылдары ондаған мың жерлесіміз, қызылордалықтар ортақ Отанның бостандығы мен тәуелсіздігі, жер бетінде бейбіт өмір орнауы үшін кеуделерін от пен оққа тосты. Еркіндік пен қатыгездік айқасқан сол соғыста Сыр елінің 21 азаматы Кеңес Одағының Батыры атанды.

Оқушылар орындайтын шығармалар

  • «Жаса мәңгі, бейбіт өмір тіршілік»
  • «Майдангер-ардагерлер жайлы толғау»
  • «Жеңіс»
  • «Ағаларға арнау»
  • «Жеңістің туған күні»

Бауыржан Момышұлы: ерлік пен өсиет

Соғыс жылдары қазақстандық бес әскери құрамға «гвардиялық» деген құрметті атақ беріліп, олардың туларына әлденеше ордендер қадалды. Жауынгерлер ерлігі аңызға айналды.

Бауыржан Момышұлының толғанысы

Халқым үшін қайғырып,
Халқым үшін жұбандым...
Енді қашан ай күліп,
Алты алашқа туар күн?! [7]

Панфиловшы батальонда шыңдалған, кейін дивизия командирі болған Бауыржан Момышұлының 105 жылдық мерейтойы Жеңістің 70 жылдығымен тұспа-тұс келді. Батыр есімі соғыс тарихында мәңгі сақталады.

Кеш барысында Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» еңбегіне арқау болған Бауыржан Момышұлының өнегелі өмірі сөз болды. Жазушы батырмен сырласа отырып, ерлікке толы шындықты хатқа түсіргені — кейінгі ұрпаққа тағылым.

Көрініс: «Ақиқат пен аңыздан» үзінді

Әзілхан: Сәлеметсіз бе?

Әйел: Сәлемет пе.

Әзілхан: Үйде Баукең бар ма?

Әйел: Үйде. Бұл қайдан екен?

Әзілхан: «Жұлдыз» журналы редакциясынан едім.

Бауыржан: Мен тыңдап тұрмын.

Әзілхан: Мерекелік нөмірге мақала жоспарлап едік...

Бауыржан: Тоқта. Фамилияң кім?

Әзілхан: Нұршайықов.

Бауыржан: Мен ондай адамды білмеймін. Сөйлеспеймін.

Кейін Әзілхан батырдың үйіне барып, алдын ала дайындаған сұрақтарын ұсынады. Әңгіме кітап оқу, тәрбие, намыс, жауапкершілік, Отанға қызмет ету туралы терең ойларға ұласады.

Бауыржан: «Отанды сүйіңдер, оны қорғаңдар, оған қызмет етіңдер! Халықтар достығын қадірлеңдер! Өзіміз өлгенше олардың аттарын ұмытпайық. Ал тірілер бір-бірімізді шын жүректен құттықтайық, сыйлайық, қадірлейік!»

Қорытынды: бейбітшілікке аманат

Тағзым сөзі

Содан да болар — өліні сыйлау салтымыз,
Таймаған бұдан қашанда болса қалпымыз.
«Аруақ!» — деп ата-баба рухына,
Табынып өткен, тәу етіп өткен халқымыз. [5]

Сұрапыл соғыстағы аға буынның жан аямас жаужүректігі мен ерен еңбегі, туған елге және жерге деген патриоттық ықыласы келешек ұрпақ санасында әрдайым жаңғырып тұрады. Майдандағы ерліктер — бүгінгі және келер ұрпақ үшін отансүйгіштіктің, Отан қорғаудың биік үлгісі.

Ізгі тілек

Құрметті қонақтар, Ұлы Жеңіс мерекесі құтты болсын! Елімізге тыныштық, әр шаңыраққа аманшылық, еңбектеріңізге жеміс тілейміз.