Ақша қызметтері
Сабақтың тақырыбы
Ақша мәні, шығу тарихы мен қызметтері
Сабақтың мақсаты
Ақшаның пайда болу тарихы, негізгі қызметтері мен қасиеттері туралы тиянақты білім беру және жалпы түсінік қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері
Білімділік
Білім алушыларға ақшаның мәні, шығу тарихы, негізгі қасиеттері мен қызметтері, сондай-ақ оның ел экономикасындағы орны туралы кең көлемде білім беру.
Дамытушылық
Оқыту барысында студенттердің танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілетін, жігерін, сөйлеу мәдениетін және ғылыми тілде сөйлеу дағдысын дамыту. Сонымен қатар жадын, ынтасын, қиялын, қабылдауын, жіктеу мен өзара байланыс орнату қабілетін, қорытынды шығару дағдыларын, топтық және ұжымдық жұмыста қарым-қатынас мәдениетін жетілдіру.
Тәрбиелік
Тәуелсіз еліміздің жан-жақты дамуына үлес қосуға ынталандыру; ұлтжандылық пен экономикалық мәдениетті қалыптастыру; ғылыми дүниетанымды кеңейту; ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды басшылыққа ала отырып жауапкершілікпен шешім қабылдауға тәрбиелеу. Білім алушының өзіндік пікірі, көзқарасы мен сенімін нығайтып, оқуға саналы, белсенді және жауапты қатынас қалыптастыру.
Сабақтың сипаттамасы
Сабақтың типі
Жаңа материалды игеру сабағы.
Сабақтың түрі
Интеллектуалды ойын сабағы.
Технология
Ойын технологиясы элементтерін қолдану.
Сабақтың әдістері
Топпен жұмыс, баяндау, иллюстративті әдіс, оқулықпен және қосымша материалдармен жұмыс, ғылыми және дидактикалық материалдармен жұмыс, сұрақ-жауап, түсіндіру, пікір алмасу, ауызша және жазбаша жұмыстар.
Пәнаралық байланыс
- Дүние жүзі тарихы
- Қазақстан тарихы
- Саясаттану және әлеуметтану негіздері
- Қоғамтану
- Математика
- Философия негіздері
Көрнекіліктер мен ресурстар
- ҚР Конституциясы
- Интерактивті тақта
- Слайдтар
- Үлестірме материалдар
- Баспасөз материалдары
Сабақ жоспары
I. Ұйымдастыру бөлімі
- 1 Ұйымдастыру кезеңі: білім алушыларды түгендеу, сабаққа назарын аудару.
- 2 Мақсат қою: оқу әрекетіне қызығушылықты ояту және мотивация қалыптастыру.
- 3 Білімді өзектілендіру және мәселелік жағдаят туғызу.
II. Жаңа білімді меңгерту (30 минут)
Негізгі ұғымдар мен теориялық мазмұн дәріс және талқылау арқылы беріледі.
III. Бекіту кезеңі: «Қазыналы арал» интеллектуалды ойыны
Бекіту кезеңі ойын формасында жүргізіледі. Қатысушылар жол картасы бойынша тапсырмаларды орындайды.
Белес
Асу
Шөл басу
Өткелден өту
Алтын сандық
IV–VII. Қорытынды бөлім
- IV. Қорытындылау кезеңі
- V. Бағалау кезеңі
- VI. Үй тапсырмасы
- VII. Рефлексия
Үй тапсырмасы
«Ақша мәні және оның пайда болу тарихы», «Ақша түрлері мен қызметтері» тақырыптары бойынша материалдар жинақтап келу.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
- 1 Сәлемдесу, білім алушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.
- 2 Мақсат қою және мотивация: сабақтың мақсатын хабарлау, назарды сабаққа шоғырландыру, эксперт тобын құру. (Сабақ барысында қолданылатын «Қазыналы аралға барар жол» ойынының элементтерімен таныстыру.)
- 3 Білімді өзектілендіру және мәселелік жағдаят туғызу.
Сабақтың эпиграфы
Ақша — бұл бізге қалған бесеуінің рақатын көруге мүмкіндік беретін алтыншы түйсік.
Дәріс жоспары
1) Ақша — тауар өндірісінің категориясы
Ақшаның пайда болуы мен мәні, сондай-ақ ақша теориясының негізгі тұжырымдары қарастырылады.
2) Ақшаның қызметтері
Ақшаның экономикалық жүйедегі негізгі қызметтері жүйелі түрде талданады.
3) Ақша айналысы және эволюциясы
Ақша айналысының жүйесі, мазмұны мен белгіленуі, сондай-ақ ақшаның тарихи эволюциясы түсіндіріледі.
Негізгі мазмұн
Ақша ежелгі заманда пайда болды. Ол — тауар өндірісінің дамуы барысында қалыптасқан қажетті шарт әрі қоғамдағы айырбас қатынастарының нәтижесі.
Тауар ұғымы
Тауар — сату немесе айырбастау үшін жасалған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат) өндірушілер арасындағы қоғамдық қатынастарды тудырып, тауар нысанын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы — ақшаның пайда болуына алып келген объективті алғышарт.
Неліктен кез келген зат тауар бола бермейді?
Егер тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны өндіруге кеткен уақыт пен еңбек рәсуа болады. Мұндай бұйым тауарлық нысанға ие болмайды, өйткені оның қоғамға қажеттілігі төмен.
Айырбас құны және ақша
Әрбір тауар қажетті тұтыну құнын алудың құралы бола отырып, өндіруші үшін айырбас құны ретінде көрінеді. Айырбас құны — тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен қатар өздігінен өмір сүретін ерекше тауар. Ол — ақша.