Музыкалық сәлем
Тәрбие сағатының тақырыбы
«Алтыбақан» ойын-сауық кеші. Сахнада алтыбақан құрылып, сәндік безендіру жасалады. Фонда халық әндері мен күйлер ойналып тұрады. Екпінді би әуенімен жүргізушілер (қыз бен жігіт) ортаға шығады.
Мақсаты
Алтыбақан ұлттық ойын болғанымен, оның салт-дәстүрлік мәні одан да жоғары. Бұл кеш жастардың өнерін, ойын, көзқарасын, танымын қалыптастыруға ықпал етіп, тәрбиелік қызмет атқарады.
- «Сыр сандық» үйірмесінің жұмысын жинақтау, қорытындылау.
- Оқушылардың көшбасшылық қабілетін шыңдау.
- Мемлекеттік тілге құрметті және білімділік дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері
Білімділік
Мемлекеттік тілде еркін сөйлеп, өз ойын анық жеткізе білу; өзара сөйлеу ортасын қалыптастыру.
Тәрбиелік
Отанын, туған жері мен өлкесін сүюге, елжандылыққа, шешендікке тәрбиелеу.
Дамытушылық
Оқушылардың ой-өрісін, этикалық, мәдени, рухани дүниетанымын және бойындағы ерекше қасиеттерін дамыту.
Көрнекіліктер
Плакаттар, алтыбақан, қанатты сөздер, түрлі сыйлықтар және өзге де материалдар.
Кештің басталуы
Күй ойнайды (музыка).
1-жүргізуші
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және бүгінгі әсем кештің жыр мен ән-күй сүйер, сөз тыңдар қауымы!
2-жүргізуші
Жылдардың да жұлдызды жылы болады, айлардың да айшықты айы болады, күндердің де естен кетпес елеулі күні болады. Біздің мектебімізде де сондай жарқын күндердің бірі — бүгінгі «Алтыбақан» ойын-сауық кеші!
Күй ойнайды (музыка).
3-жүргізуші
Бабамыздан қалған бізге көп мұра,
Көнеру де, тозу оған жоқ, сірә.
Алтыбақан серік болған сан ғасыр,
Өнерімнің өскеніне сол куә.
4-жүргізуші
Сәлем, достар, Семейімнің халқынан,
Жалындаған жасынан, құрметті қартынан.
Сіздер үшін алтыбақан құрылды,
Аясында ән мен биі қалықтаған.
1-жүргізуші
Болмай ма мұндайда бір шалқымасаң,
Әсем ән, сыршыл күйге балқымасаң.
Осы үлкен мерекеге тарту етіп,
Біз бүгін құрып қойдық алтыбақан!
2-жүргізуші
Қайырлы күн, балалар! Жылы жүзбен шеңбер құрып тұрайық. Бізге қуаныш пен нұр келсін! Шуаққа толы жанымыз бен жүрегімізге қарап, үлгі алсын көрген жан.
Қане, шеңбер болып, бір-бірімізге тілек жолдайық!
Жылы лебіздер шеңбері
Күй ойнайды (музыка). Әр қатысушы тілек айтады.
Намысты бол! Сенімді бол!
Жігерлі бол! Табысты бол!
Сабырлы бол! Батыл бол!
Шыншыл бол! Білімді бол!
Зерделі бол! Мейірімді бол!
Салмақты бол! Еңбекқор бол!
Ержүрек бол! Төзімді бол!
Әділ бол! Қайырымды бол!
Сүйкімді бол! Ақылды бол!
Сезімтал бол! Есті бол!
Батыр бол! Зейінді бол!
Жаңашыл бол! Мәдениетті бол!
Жүргізушілер
Бүгінгі «Алтыбақан» ойын-сауық кешінің жүргізушілері: Лилиана, Борис, Айдана, Юрий.
Музыкалық сәлем
Қазақ биі орындалады.
1-жүргізуші
Қыздарға рақмет! Табиғаттың сұлулығы сұлу қызға тең емес пе? Сылдырлаған судың үні әсем әнге тең емес пе? Қыздар тобы келіп қалды — жігіттер, дайынсыңдар ма?
Айдана, «ауылдың алты ауызы» демекші, бізге бір ән айтып берші.
Музыкалық сәлем: ән.
2-жүргізуші
Көп жаса, Айдана, рақмет! Желкілдеген жас құрақ желпілдеген бүлдіршінге тең емес пе? Самал желдің есуі ер жігітке тең емес пе? Қыздармен өнер сайысы жігіттерге уайым ба?
Ал, жігіттер, сіздер не дейсіздер?
Музыкалық сәлем: ән.
3-жүргізуші
Рақмет, Валерий! Әнің бәрімізге ұнады. Қыз-жігіт алға шығып басқармай ма, бар қызық — ойынды бастамай ма. Келіңдер, құрбыларым, орта толсын! Ойынды бастайтын жастар, қайдасыңдар?
Ұлттық ойындар
«Сиқырлы таяқ»
ұлттық ойынЖүргізушінің қолында сиқырлы таяқ болады. Ол кез келген ойыншының нөмірін айтып, таяқты жерге тіреп тұрған күйі жібереді. Нөмірі аталған ойыншы таяқты жерге құлатпай қағып алса — өз орнына қайтады. Құлатып алса — ортаға шығып өнер көрсетеді.
Ойын соңында қатысушыларға алғыс айтылады.
«Санамақ»
Ортаға бір қыз бен бір жігіт шығады. Жігіт қызды, ал қыз жігітті сипаттайтын сын есімдерді кезекпен, тоқтамай айтуы тиіс. Қателескен ойыншы ойыннан шығады. Қателеспей жалғастырған қатысушы жүлде алады.
Жігіттің үлгі сөздері
ару, сұлу, көркем, сүйкімді, әдемі, ғажап, айдай, күндей, кербез, сымбатты, инабатты, ажарлы, жайдарлы, т.б.
Қыздың үлгі сөздері
батыр, ер, азамат, батыл, қаһарман, ержүрек, айбынды, қайсар, айбатты, қорғаушы, жалынды, отты, т.б.
Көңілді сәт
Жігіттер өнер көрсетіп, әзіл-қалжыңға кезек береді (КТО/КВН). Фонда жай музыка ойнап тұрады.
Одан кейін қыздар күй орындап, өз өнерін танытады.
Өнер мен тілге құрмет
Қонақ кәде
«Білім-өнер бағында гүлдей жайнап өсеміз, мектебімнің намысын қолдан бермей өтеміз» — деп, бүгінгі қонағымыз Феруза ортаға шақырылады.
Қалалық сайыстарда жүлделі орындар алып жүрген мақтанышымыз Феруза өлеңін оқиды.
Мемлекеттік тіл туралы ой
«Қазақ тіліне қамқорлық жасау — менің перзенттік те, президенттік те парызым», — деген сөзді елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, мемлекеттік тілді білу — әр азаматтың перзенттік әрі азаматтық парызы.
Ферузаға алғыс айтылады, ақ тілектер білдіріледі.
Танымдық сұрақтар
Шешендік пен көсемдік — тілімізде, оттылық пен тектілік — көзімізде. Ұрпағымыз — жаңа өмір, жаңа ғасыр! Ендеше, сұрақтарға жауап іздеп көрейік:
- 1 Жеті қазынаны кім айтып береді?
- 2 Не қымбат?
- 3 Не жақын?
- 4 Үш жұрт?
- 5 Үш байлық?
Музыкалық сәлем: күй.
Қорытынды
2-жүргізуші
Осындай әлем бар — қызықты, шуақты.
Әлемде бір ел бар — бақытты, қуатты.
Бәрі де керемет!
3-жүргізуші
Ондағы балалар — жайдары, көңілді,
Бақытты, өмірлі.
Жыл он екі ай — күні де шуақты,
Тыныштық түні де.
Бәрі де керемет!
4-жүргізуші
Барына риза болсын көрермендер, өнер көрсеткен жас өрендерге алғыс! «Алтыбақан» аясында тағы да жүздесейік. Келесі кездескенше, аман-сау болыңыздар!
Соңында барлығы бірге «Қара жорға» биін билейді.