Түйе атаулары

Алтын сақа ойыны: «Жігіттің жампозы кім, саралаңыз…»

Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласындағы «№3 орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің І санатты мұғалімі Алпысова Асем Даулетбаевна ұсынатын тәрбиелік-танымдық ойын.

Тақырыбы

«Жігіттің жампозы кім, саралаңыз…»

Мақсаты

Оқушылардың бойына адамгершілік пен адалдық қасиеттерін сіңіріп, ұлттық болмысқа сай намысты, текті азамат болып қалыптасуына ықпал ету.

Сәлеметсіздер ме, барыс текті, намысты, егемен еліміздің ертеңін нұрлы етер жас ұрпақ!

Қазақ танымында әр түліктің өзіне лайық асылы болады: адамда — алып, жылқыда — тұлпар, сиырда — тыңжа, қойда — құптан, бөріде — сырттан, итте — құмай, түйеде — жампоз.

Инабаттылық пен имандылықты бойына сіңірген, тілін, тарихын, дәстүрін құрметтейтін текті азаматты — нағыз нарқасқа, «жігіттің жампозын» саралау мақсатында осы ойын ұйымдастырылады.

Негізгі ұғым: «Текті» деген не?

«Текті» деген — ары таза, өз халқының тілін, тарихын, әдет-ғұрпын қадірлейтін, кісілікке берік жан.

Ойлануға сұрақ

Сен үшін «тектілік» қандай әрекеттерден көрінеді?

Ойынның құрылымы мен ережесі

Қатысушыларды іріктеу

Мұғалім 4 сұрақ қояды. Дұрыс жауап берген 4 ойыншы өздері қалаған күймеге барып жайғасады.

Сақаны иіру реті: алшы — 1-ші, тәйке — 2-ші, бүк — 3-ші, шік — 4-ші.

5 белес арқылы жарысу

  1. 1

    Табалдырық

    Өз үйіңнен бастау алатын, ең алғашқы қадам басатын жер; тұрған ортаң.

  2. 2

    Әудем жер

    «Әу» дегенде дауысың жететін қашықтық; шамамен 100 метр.

  3. 3

    Қозыкөш

    Қозы алысқа жайылмайтындықтан алынған өлшем; шамамен 5–6 км.

  4. 4

    Беласар

    Бір белден асу; жолаушының алысқа барғанын білдіреді.

  5. 5

    Жолайрық

    Жолдардың торабы, қиылысы. Осы межеге бірінші жеткен ойыншы — жеңімпаз.

Ойынның барысы

  • 4 ойыншы сақаларын иіреді. Алшы түскен ойыншы сұрағы бар түрлі-түсті конвертті бірінші таңдайды.
  • Ойыншылар кезекпен жауап береді. Жауап бере алмаған ойыншы ойыннан шығады.
  • Ойын соңына дейін жалғасады: соңғы қалған ойыншы — жеңімпаз.

Ойыншылар

  1. 1) Мадияр
  2. 2) Нұрлыбай
  3. 3) Еркін
  4. 4) Бағдат

Көрерменге сұрақтар

  1. 1) Ер жігіттің ұйқысы қай уақытта қашады?
  2. 2) Қандай жігіттің көңілі жүдемейді?
  3. 3) Нағыз жігітте қандай қасиеттер болуы керек?

Жақсы жауап берген оқушыларға сыйлықтар ұсынылады.

Сұрақтар топтамасы

1) Жылқы малының жасына және түріне қарай атаулары

Қазақ үшін ең құнды әрі қасиетті малдың бірі — жылқы. Ол — сый-сияпаттың, кәденің, ер-азаматқа құрметтің белгісі. Жылқы жасына қарай:

  • Құлын
  • Жабағы
  • Тай
  • Құнан
  • Байтал
  • Дөнен (сойтал)
  • Бесті
  • Бие
  • Ат
  • Айғыр

Ел қорғаған ерлер жылқының таңдаулысын ерекше бағалап, былай сипаттаған: жорға, сужорға, жүйрік, тұлпар, қазанат, сәйгүлік, назбедеу, дүлдүл, арғымақ.

2) Жылқы мен түйе тобы қалай аталады?

Қазақ малды топтап бағады. Халық ұғымында: түйе — салтанат, жылқы — мақтан, сиыр — қанағат, қой — қазына.

Жылқы тобы

Үйір

Түйе тобы

Табын

Сиыр тобы

Табын

Қой-ешкі тобы

Отар

3) Түйе атаулары

Төл

Бота

2 жасар ұрғашысы

Бүлдіршін

2–3 жасар еркегі

Тайлақ

3 жасар ұрғашысы

Бұзбаша

4–5 жасар еркегі

Буырлыш

Аталық / аналық / ақталған

Бура / Інген / Атан

4) Ер жігіттің 8 қасиеті

  • Игі мінез, игі қасиет.
  • Әйел затына әдепті, құрметті болу.
  • Сыпайылық, мәдениет.
  • Жауыңа жүректі болу.
  • Әлсізге жұмсақ, жанашыр болу.
  • Сұмырайлыққа алданбай, сақ болу.
  • Жұрт сыйлаған адамды қадірлеу.
  • Өз осал тұсын танып, өзін тәрбиелей білу.

5) Ер жігіттің 6 парызы (хадистерден)

  1. 1 Ақсақалға арнайы барып сәлем беру.
  2. 2 Амандық сұрап, хал-жағдайын біліп тұру.
  3. 3 Шақырса, кешікпей бару.
  4. 4 Кеңес сұрағанға пайдалы кеңес айту.
  5. 5 Ауырып қалған адамның көңілін сұрау.
  6. 6 Қайтыс болған адамның жерлеуіне қатысу.

6) «Жеті атаңды ата»

Бұл тапсырма ойын барысында ауызша орындалады: әр ойыншы өз жеті атасын ретімен атайды (немесе жеті ата ұғымының мәнін түсіндіреді).

Ескерту: Жеті атаны білу — шежіре сабақтастығын сақтаумен қатар, тектілік пен жауапкершілікке тәрбиелейді.

7) Әдептілік ережелері: 10 мысал

  • Ата-анаға қарсы сөз айтпау.
  • Әйел алдында боқтық сөз сөйлемеу.
  • Жасы үлкен кісіден жоғары отырмау.
  • Үйге кіргенде сәлемдесу.
  • Жұрт алдында кекірмеу.
  • Жұрт алдында есінемеу.
  • Кемтарға күлмеу.
  • Біреудің төсегіне рұқсатсыз отырмау.
  • Асты жамандамай, қадірлеу.
  • Қол жумай ас ішпеу.

8) Тізе бүгу салты

Дәстүр бойынша бата тілеген адам бір тізесін бүгіп, екі қолын жайып, ризалық пен ниетін білдіреді. Соғыста жеңілген жақ немесе кешірім сұраған айыпкер де тізесін бүгіп, басын иеді.

Үйге келген адам шаруасын айтуға отырғанда да тізе бүгіп, байыппен сөйлеген. Бұл — шаңыраққа көрсетілген құрметтің белгісі.

Сұрақ: Сен қай жағдайда тізе бүгіп, құрмет көрсетер едің?

9) Атақты батыр қыздар

Қазақ тарихында ел қорғауға қатысқан, ерлігімен танылған батыр қыздар аз емес. Мына есімдер — соның жарқын мысалы:

Гаухар батыр

Арғын–Бәсентиін Малайсарының қарындасы, Қабанбай батырдың жары.

Назым

Қабанбай мен Гаухар батырдан туған қаһарман қыз, қазақ–жоңғар соғысына қатысқан.

Айтолқын

Абылай ханның қызы.

Есенбике

Үйсін Қаратай батырдың қызы; ел қорғау ісіне қатысқан.

Жандәлі

Найман руынан шыққан батыр қыз.

Айбике

Бұланбай батырдың қызы; барлаушы сарбаздар тобын басқарған.

Ботагөз

Есет батырдың қызы.

Сапар

Табын руынан; Пугачев соғысында «Көрінбес» атымен аңызға айналған.

Айғыз

Азамат соғысына қатысқан, Колчак әскерлерінің қолынан қаза тапқан.

Бұл тапсырма — тарихты тану ғана емес, ерлік, намыс, отансүйгіштік ұғымдарын терең түсінуге мүмкіндік береді.