Қызықты батырмалар ойыны
Информатика, 5-сынып
Сабақтың тақырыбы: Компьютердің қосымша құрылғылары (слайдтармен)
Сабақтың типі
Жаңа сабақ
Сабақтың түрі
Аралас сабақ: топтастыру, «Қызықты батырмалар» ойыны, тірек-сызбалар, сәйкестендіру тесті, тексеру тапсырмалары, «Адасқан әріптер».
Сабақтың әдісі
Интерактивті тақта және тірек-сызбалар көмегімен түсіндіру.
Көрнекі құралдар
Компьютер, оқулық, интерактивті тақта.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға компьютердің қосымша құрылғылары мен ақпарат тасығыштар туралы жан-жақты мәлімет беру.
Тәрбиелік
Компьютермен ережеге сай әрі ұқыпты жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық
Пәнге қызығушылықты арттыру, көру және есту арқылы қабылдау мен есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- 1 Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.
- 2 Құрал-жабдықтарын тексеру.
- 3 Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру
1) «Жүйелік блокты құрастыр!»
Жүйелік блоктың құрамындағы құрылғыларды топтастыру арқылы көрсету.
2) «Қызықты батырмалар» ойыны
Ойын шарты: оқушылар пернетақтадағы түрлі түсті ұяшықтарда жасырылған арнайы пернелерді табады және олардың қызметін түсіндіреді.
III. Жаңа сабақты түсіндіру
Қосымша құрылғылар — компьютердің жүйелік блогына қосымша жалғанатын құрылғылар. Оларды жүйелік блоктың сыртына да, ішіне де қосуға болады.
Дыбыс колонкалары
Дыбыстық ақпаратты шығару құрылғысы.
Принтер
Ақпаратты компьютерден қағазға басып шығаруға арналған құрылғы.
Лазерлік принтер
- Түрлері: түрлі түсті және ақ-қара.
- Лазер сәулесі картридждегі тонерді қағазға түсіріп, оны «пісіру» (бекіту) арқылы басып шығарады.
- Артықшылығы: басып шығару жылдамдығы жоғары, минутына шығаратын парақ саны көп.
Бүріккіш принтер
- Қағазға бояу (сия) арқылы басып шығарады.
- Әдетте түрлі түсті басып шығаруға қолайлы.
- Сия картридждердің ішінде болады.
- Кемшілігі: шығыны қымбат, басылым ұзақ сақталмауы мүмкін.
Сканер
Мәтіндік және графикалық ақпаратты қағаздан компьютерге енгізу құрылғысы.
Модем
Компьютерді телефон желісіне қосуға арналған құрылғы. Әдетте Интернетке қосылу үшін қолданылады.
Микрофон
Дыбыстық ақпаратты енгізу құрылғысы.
Ескерту: Бұл материалдың толық нұсқасын қажет болса, жеке файл ретінде жүктеп алуға болады.